Медицина Актобе

Медицина Актобе 🇰🇿Ақтөбе облысының
денсаулық сақтау басқармасы
🇰🇿Health Department of Aktobe region
🇰🇿Управление здравоохранения Актюбинской области

Врачи и клиники города Актобе и Актюбинской области

25/10/2025
25/10/2025
25/10/2025

🇰🇿 Республика күні: Қобда ауданында екі жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

🏥 Қобда ауданында халықтың денсаулығын сақтау саласында тағы бір игі қадам жасалды. Жарық және Өтек ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері қатысты.

🔹 Жарық ауылындағы медициналық пункт Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының аясында салынса, Өтек ауылындағы нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бой көтерді.

🏗️ Құрылыс жұмыстарын «Рус Тал» және «Ақтөбе Адал Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері белгіленген мерзімде орындады.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өңірлерде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Облыс көлемінде жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып, қолданысқа берілуде. Биылғы жылы облыс бойынша 11 жаңа медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев.

🩺 Бүгінгі күні қолданысқа берілген заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа медициналық пункттер Өтек және Жарық ауылдарының 500-ден астам тұрғынына алғашқы және шұғыл медициналық көмекті сапалы түрде алуға мүмкіндік береді.

📌 Қазіргі таңда Қобда ауданында 27 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 18 медициналық пункт бар.
_______

🇰🇿 День Республики: В Кобдинском районе введены в эксплуатацию два новых медицинских пункта

🏥 В Кобдинском районе сделан еще один шаг в сфере охраны здоровья населения. В селах Жарык и Өтек были открыты новые медицинские пункты.

На церемонии открытия присутствовали заместитель акима области Асылбек Есенбаев, аким района Изгилик Тынымгереев, а также представители областных управлений здравоохранения, строительства, архитектуры и градостроительства.

🔹 Медицинский пункт в селе Жарык построен в рамках поручений Главы государства по развитию сельских территорий и модернизации медицинской инфраструктуры, а объект в селе Өтек возведен по программе «Ауыл – Ел бесігі».

🏗️ Строительные работы были выполнены в установленные сроки товариществами с ограниченной ответственностью «Рус Тал» и «Актобе Адал Құрылыс».

«По инициативе Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева медицинская инфраструктура регионов активно развивается. В области строятся и вводятся в эксплуатацию новые объекты здравоохранения. В этом году по области ведется строительство 11 новых медицинских пунктов. Эти работы направлены на обеспечение сельских жителей доступом к качественным медицинским услугам», – отметил заместитель акима области Асылбек Есенбаев.

🩺 Новые медицинские пункты, оснащенные современным оборудованием и введенные в эксплуатацию позволят более чем 500 жителям сел Өтек и Жарык получать первичную и неотложную медицинскую помощь в качественном формате.

📌 В настоящее время в Кобдинском районе функционируют 27 медицинских учреждений, включая 1 районную больницу, 6 врачебных амбулаторий, 2 фельдшерско-акушерских пункта и 18 медицинских пунктов.

25/10/2025
25/10/2025
25/10/2025
25/10/2025
25/10/2025

Address

Әбілқайыр хан даңғылы 40
Aktobe
030012

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00

Telephone

87132565344

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Медицина Актобе posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Медицина Актобе:

Share

Управление здравоохранения Актюбинской области

Подробнее на нашем сайте http://densaulyk.aktobe.gov.kz/ru