Aqtóbe TV

Aqtóbe TV Телеарнаның парақшасына қош келдіңіз! Обычно отвечает в течение дня

05/01/2025
05/01/2025

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев келді. Халық қалаулылары алдағы 1 аптада ақтөбеліктермен жүздесіп, Мәжіліс қабырғасында қабылданған заңдардың мән-маңызын, істеліп жатқан жұмыстардың жай-жапсарын айтады.

Бүгін мәжілісмендер "Аманат" партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, түрлі мәселемен келген тұрғындардың өтінішін тыңдады.

⚡️Қаңтар оқиғасы туралы алып қашпа әңгімелер толастамай тұр - Қ. ТоқаевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» г...
03/01/2025

⚡️Қаңтар оқиғасы туралы алып қашпа әңгімелер толастамай тұр - Қ. Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді.

«Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді. Өкінішке қарай, бұл – әлем тарихы үшін қалыпты жағдай. Мұндай жайттар Қазақстандағы оқиғаға дейін де болған, кейін де бола береді деп ойлаймын.

Қаңтар туралы түрлі долбарға толы алып қашпа әңгімелер толастамай тұр. Оның үстіне, белгілі бір саяси есебі бар, сыңаржақ ұстанымдағы кейбір адамдар деректерді бұрмалап, азаматтардың көңіл күйін өз пайдасына бейімдеуге тырысады. Тәртіп орнатуға және ахуалды тұрақтандыруға қатысты батыл шаралар қабылдаған соң, мен құзырлы органдарға Қаңтар оқиғасының мән-жайын толық әрі шынайы тергеп-тексеру туралы тапсырма бердім. Тергеу ашық жүргізілді. Қылмыскерлер жазасын алды. Парламентте біздің арғы-бергі тарихымызда бұрын-соңды болмаған арнайы тыңдау ұйымдастырылды», - дейді Президент.

📺

"Ana tili" газетіне Мемлекет басшысының сұхбаты жарияланды Толығырақ :Akorda.kz
03/01/2025

"Ana tili" газетіне Мемлекет басшысының сұхбаты жарияланды
Толығырақ :Akorda.kz

Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»Интервью Главы государства газете «Ana tili»t.me/aqorda_re...
03/01/2025

Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Интервью Главы государства газете «Ana tili»

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне сұхбат берді....
03/01/2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне сұхбат берді.

📺

💠 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар және АЕК өседі 2025–2027 жылдарға арналған респуб...
01/01/2025

💠 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар және АЕК өседі

2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң аясында жаңа жылдан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) – 46 228 теңге.
Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге.
Базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге.

🔹 Зейнетақы төлемдері қазіргі мөлшерден 8,5%-ға ұлғаяды.
🔹 Мемлекеттік жәрдемақылар, оның ішінде мүгедектік, асыраушысынан айырылу, көп балалы отбасылар мен бала күтіміне байланысты төлемдер, күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты көтеріледі.
🔹 Зейнетақы есептеуге арналған максималды табыс 216 260 теңге (55 АЕК) мөлшерінде белгіленді.

Бұл өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған. Барлық төлемдер 2025 жылдың қаңтарынан басталады.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

30/12/2024

ИТОГИ ГОДА : СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО

Сельскохозяйственный сектор подходит к концу года с хорошими результатами. В регионе произведена продукция на сумму свыше трехсот тридцати миллиардов тенге, что превышает прошлогодние показатели.

Специалисты отрасли отмечают значительный рост по сравнению с предыдущими годами. Выделенные на поддержку сельского хозяйства 15,5 миллиардов тенге были использованы эффективно, что привело к положительным результатам - увеличению поголовья скота и хорошему урожаю зерновых.

Но как обстоят дела у фермеров, пострадавших от наводнения? Обновилась ли материально-техническая база?

Подробности в нашем следующем сюжете.

30/12/2024

ТҰРҒЫНДАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Әйтеке би ауданында баспана кезегінде тұрғандарға көптен күткен пәтер кілттері табысталды. Екіқабатты 8 пәтерлі екі үйдің шаршы метрлері әртүрлі. Жеке-дара салынған 20 үйдің аумағы 74 шаршы метрді құрайды.

Газ, су, жарығы бар, жылумен қамтылған. Аулалары абаттандырылған. Сөйтіп бір күнде Жүргенов ауылында 36 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде 30-ы баспана кезегінде тұрған азаматтарға бұйырды. Қалғаны ауданға жұмыс істеуге барған дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілерге берілді.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев тұрғындарды көптен күткен қуанышты сәтпен құттықтады. Еске салайық, екі қабатты сегіз пәтерлі коммуналдық екі үйдің құрылысы 2021 жылы басталып, тоқтап қалған. 2023 жылдың қазан айында ауданға Асхат Шахаров барып, тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырды.

Сөйтіп жобаға қайта өзгеріс енгізілді. Арада бір жыл өткенде құрылыс аяқталып тұр.

30/12/2024

ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ МЕКТЕП САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Өңірде цифрландыру бойынша бірқатар салада оң өзгерістер бар. Соңғы 11 айдағы жұмыс нәтижесінде 10 ауыл мобильді интернетке қосылды. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мамандары жыл соңына дейін тағы он елдімекенді сапалы интернетпен қамтимыз деп сендірді.

Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандарды жылдам анықтайтын камералар орнатылды. Нәтижесінде, іздеудегі көліктер табылып, жауапкершіліктен жалтарлып жүргендер анықталды.

🎁 «Qazaqstan» телеарнасы көрермендер арасында Дубайға екі адамға жолдама ойнатады Жолдаманы ұтып алу үшін байқауға қатыс...
28/12/2024

🎁 «Qazaqstan» телеарнасы көрермендер арасында Дубайға екі адамға жолдама ойнатады

Жолдаманы ұтып алу үшін байқауға қатысыңыздар! 

⤵️Байқау шарттары:   
1. .tv Instagram парақшасына жазылу;   
2. ⁠ Instagram парақшасына жазылу; 
3. Эфирде шығатын шырша ойыншықтарының санын және түсін дәл анықтау;  

📺31 желтоқсан 21:00-1:30 аралығында эфирге «Жақсылықпен кел, жаңа жыл - 2025!» мерекелік бағдарламасы шығады. 

Бағдарлама барысында эфирге шығатын қызыл және сары түсті ойыншықтардың санын дәл тауып, 6 қаңтар күні сағат 13:00-де жарияланатын байқау туралы посттың астына өз жауаптарыңызды жазасыздар. 

✈️Алғашқы әрі дұрыс жауап берген көрермен жеңімпаз атанады. Жеңімпазға Біріккен Араб Әмірлігіне жаз айларында демалуға 2 адамға тегін жолдама беріледі.

📣Жеңімпаз 6 қаңтар анықталады.
 
🥰Баршаңызға сәттілік!

Демеушілер: .faizullayev

27/12/2024

РАСШИРЕННОЕ СОБРАНИЕ ФРАКЦИИ ПАРТИИ "AMANAT"

В уходящем году построены сельские клубы в Шалкарском и Темирском районах. А в Алгинском и Айтекебийском районах введены в эксплуатацию спортивные комплексы ангарного типа на 150 мест каждый.

Об этом стало известно в ходе расширенного собрания фракции партии "Аманат" областного и городского маслихатов. Отметим, что контроль исполнения дорожной карты осуществлялся ста сорока пятью депутатами местных представительных органов.

27/12/2024

"ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ-2024" ТАБЫСТАЛДЫ

Үздіктер анықталды! Облыстық "Жастар сыйлығы - 2024" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жылдың ең үздік волонтеры, волонтерлық топ, Жастар ресурстық орталығы анықталып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

27/12/2024

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Биыл жер салығынан облыстық бюджетке жарты млрд теңгеге жуық қаражат түскен. Облыстық жер қатынастары басқармасы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Мәселен, жыл басынан бері мақсатсыз пайдаланылған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, келісімшарттар уақытынан бұрын үзілді.

Address

Ахтанова 54
Aktobe

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqtóbe TV posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category