
18/03/2025
Владимир Зеленский Трамп пен Путиннің әңгімесіне реакция білдірді. Оның сөздерін Reuters және AFP агенттіктері келтіреді:
🔹 Украина президенті энергетикалық инфрақұрылымға атысты 30 күнге тоқтатуды қолдайды, бірақ бұл туралы АҚШ-тан қосымша мәлімет алғысы келеді;
🔹 Киевтің серіктестері оған әскери көмекті тоқтатпайды. Путиннің Украинаға көмекті тоқтату туралы талабы оны әлсіретуге бағытталған;
🔹 Украина ұзақ мерзімді, тұрақты және әділ бейбітшілікке алып келетін кез келген ұсынысты қолдайды;
🔹 Украина Ресейдің Сумы облысы шекарасында күштерін шоғырландырып жатқанын байқап отыр. Сонымен қатар, Зеленскийдің айтуынша, Ресей Қарулы Күштері Харьков және Запорожье бағыттарында шабуылға дайындалуда, бұл Украинаға барынша қысым жасауға бағытталған;
🔹 Украина Қарулы Күштері Курск облысының аумағында әскери әрекеттерін жалғастырады;
🔹 Украинасыз Украина туралы келіссөздер ешқандай нәтиже бермейді;
🔹 Ресей тарапынан шынайы “игі ниет белгісі” барлық украиналық “соғыс тұтқындарын” босату болар еді;
🔹 Қосымша шарттарсыз немесе ішінара шарттармен атысты тоқтату жақсы нәтиже және бейбітшілікке қадам болар еді;
🔹 Путин жариялаған шарттар Ресейдің соғысты аяқтауға “дайын емес” екенін көрсетеді.
https://t.me/qazaqreport