Aqniet Atyrau

Aqniet Atyrau Представляем интересы медицинских работников в Атырауской области

12/05/2026
Құрметті: Гүлжан Жүсіпбекқызы!Сізді 70 жас мерейлі белесіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолыңыз – адал еңбектің,...
01/09/2025

Құрметті: Гүлжан Жүсіпбекқызы!
Сізді 70 жас мерейлі белесіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолыңыз – адал еңбектің, парасат пен абыройдың айқын үлгісі. Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесіңіз, еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғаудағы қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз.

Бұл мерейлі жасыңыз Сізге қуаныш пен шаттық, денсаулық пен ұзақ ғұмыр әкелсін. Әр күніңіз жақындарыңыздың сый-құрметіне бөленіп, бақ-берекеге толы болсын!

Тәжірибеңіз бен даналығыңыз әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала берсін!
Ізгі тілекпен: Гулсара Нурмуханбетқызы Атырау облыстық "AQNIET" кәсіподағы төрайымы

Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен сүйікті оқушылар!📚Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймы...
01/09/2025

Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен сүйікті оқушылар!

📚Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – жаңа бастамалардың, үлкен үміт пен сенімнің мерекесі. Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, толағай табыс, жемісті еңбектер әкелсін. Әрбір шәкірттің білімге деген құштарлығы артып, биік белестерді бағындыруына тілектеспін!

📚Білім – болашақтың шамшырағы. Ұстаздардың еңбегі жемісті болып, шәкірттері елдің абыройын асқақтатсын. Жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық орнығып, әр күніміз нұрлы біліммен жарқырай берсін!

Білім күні құтты болсын!

Мутиева Гулсара Нурмуханбетовна, «Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» AQNIET» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрайымы.

✨️30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніҚұрметті әріптестер, қадірлі достар!🇰🇿 Биыл біз егемен елімізді...
01/09/2025

✨️30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
🇰🇿 Биыл біз егемен еліміздің басты мерекесін – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін ерекше мәнмен атап өтудеміз. Бұл жылы мемлекетіміздің Ата Заңы қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
Конституция – тәуелсіздіктің берік тұғыры, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бірлік пен әділдіктің символы.
📖 🌹Бұл мерейлі мереке бізге ынтымақтың күшін, ортақ құндылықтардың маңыздылығын тағы да еске салады. Әрбір азаматқа мықты денсаулық, татулық, бірлік, бақ-береке мен өсіп-өркендеу тілеймін!
Конституция күні құтты болсын!
Мутиева Гулсара Нурмуханбетовна, «Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» AQNIET» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрайымы.

Address

проспект Азаттык, 32а/1
Atyrau
06

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqniet Atyrau posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share