Kazinform

Call Website Contact the business

Kazinform Kazinform - жетекші Халықаралық ақпарат агенттігі.

Қазақстанда Яндекс Go сервистерінің жұмысы бұзылып, пайдаланушылар такси шақыру және жеткізу қызметтерін қолдануда қиынд...
11/10/2026

Қазақстанда Яндекс Go сервистерінің жұмысы бұзылып, пайдаланушылар такси шақыру және жеткізу қызметтерін қолдануда қиындықтарға тап болды.

Яндекс өкілдерінің түсіндіруінше, күрделі цифрлық сервистердің жұмысы әртүрлі елдерде орналасқан серверлерге тәуелді. Сондықтан бір сервердегі ақау басқа елдердегі қызметтердің жұмысына да әсер етуі мүмкін.

– Өкінішке қарай, қазір кейбір сервистер дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Қызметтердің жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін мамандарымыз жұмыс істеп жатыр, – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде.

Компанияның мәліметінше, жүйенің бір бөлігінде ақау пайда болған жағдайда, жүктеме басқа серверлерге ауыстырылады. Бұл сервистердің жұмысын қалпына келтіруге және қайталама ақаулардың алдын алуға көмектеседі.
Сондай-ақ Яндекс Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс істейтінін және қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректері ел аумағындағы серверлерде сақталатынын хабарлады.

Қазақпарат

10/10/2026

Қорғаныс министрлігіндегі былық: 13 қылмыстық іс қозғалды

Апта басында Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді. Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапқан болатын.

Қазақпарат

Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот жалпы салмағы 2,8 кг, алтын құрамы 99%-дан асатын және құны 182,3 млн ...
10/10/2026

Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот жалпы салмағы 2,8 кг, алтын құрамы 99%-дан асатын және құны 182,3 млн теңге тұратын 6 алтын құйманы сотқа дейін тәркіледі.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, алтын мемлекет кірісіне айналдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.
Қырғызстан азаматшасы құймаларды өз елінде сатып алып, оларды Қытайға ары қарай заңсыз өткізу үшін «Қордай Авто» өткізу пункті арқылы Қазақстанға кіргізген.

Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында ол аяқ киімінің ұлтарағының астына үш алтын құймадан жасырып қойған. «Қорғас» ХШЫО аумағында бақылаудан өту кезінде алтын табылып, тәркіленді.

Қазақпарат

10/10/2026

Әлеуметтік төлемдер енді кімге берілмейді?

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар тағайындаудың әдістемесі өзгереді. Соңғы кезде елімізде осы жаңалық қызу талқыланып жатыр. Бірден айта кетейік, әлі ештеңе қабылданған жоқ. Қазір құжат дайындалып жатыр. Енді оның әдістемесі қандай екеніне тоқталып өтейік.

Қазақпарат

10/10/2026

Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған. Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.

— Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді, — делінген хабарламада.

Қазақпарат

09/10/2026

✏️✏️✏️✏️✏️✏️

Ақорда баспасөзі Каспий экология саммитінен видео жариялады

📍Түрікменстан, Аваза

Қазақпарат

09/10/2026

2027 жылдан бастап азаматтар сақтандырусыз қандай медициналық қызметтерді ала алады
 
2027 жылдан бастап қазақстандықтар МӘМС мәртебесі болмаса да, бірқатар медициналық қызметті тегін ала алады. Денсаулық сақтау министрлігінің жобасына сәйкес, емханаға алғаш жүгінген азаматтарға қан мен зәр талдауы, ЭКГ, флюорография, пульсоксиметрия, сондай-ақ құрсақ қуысы мен бүйрек УДЗ-сы қолжетімді болмақ. Жаңа тәртіп негізгі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Құжат жобасы 23 қазанға дейін қоғамдық талқылауда. 

Қазақпарат

Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 24-турында «Жайық» өз алаңында Түркістанның «Тұран» ...
09/10/2026

Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 24-турында «Жайық» өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасын қабылдады.

ОРАЛ. KAZINFORM — Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 24-турында «Жайық» өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасын қабылдады.

«Қазгидромет» 12 қазанға дейін Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар ...
09/10/2026

«Қазгидромет» 12 қазанға дейін Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» 12 қазанға дейін Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі....

09/10/2026

Шарын жартастарында тіршілік ететін тәуешкілер фототұзаққа түсті
 
Шарын ұлттық паркінде төлдерімен бірге жүрген тәуешкілер фототұзаққа түсті. Кадрларда жабайы жануарлардың тік жартастар арасында еркін қозғалып жүргені көрінеді. Әсіресе, камераға қызығушылық танытқан төлдер ерекше назар аудартты. Парк мамандарының айтуынша, фототұзақтар жануарлардың мінез-құлқын, күнделікті тіршілігін және төлдерінің өсіп-жетілуін табиғи ортада бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақпарат

Address

Ақмешіт көшесі, 3
Nur-Sultan
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Kazinform posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Kazinform:

Shortcuts

Share