Ontustiktv

Ontustiktv "OŃTÚSTIK"Telearnasy- ақпаратты бəрінен бұрын жеткізеді!

28/05/2026

Тараз қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы спартакиаданың V дивизион бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Ауқымды спорттық додада қатысушылар түрлі спорт түрінен бақ сынап, командалық бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттады. Спартакиада тартысты ойындар мен ерекше атмосфераға толы болды.

28/05/2026

Соңғы күндері Түркістан облысы мен қала аумағында жауын-шашын жиілеп, ауа райы құбылмалы болып тұр. Осы сәттердің бірінде түнгі аспанды найзағай жарқылы жарып өтіп, ерекше көрініс көпшіліктің назарын аударды.

28/05/2026

Бүгін футболсүйер қауым көптен күткен тартысты кездесу өтеді. Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Екі мықты клубтың ойыны әрдайым жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырады.

Алаңдағы атмосфера, жанкүйерлердің қолдауы мен ойыншылар арасындағы бәсеке бүгінгі матчтың көркін қыздырмақ.

28/05/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды. Ресми делегацияны күтіп алу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Президент ұшағы Қазақстан әуе кеңістігіне енген сәттен бастап, оны еліміздің әуе қорғаныс күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді. Әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп, мәртебелі меймандарды балалар Қазақстан мен Ресейдің жалаушаларын желбіретіп қарсы алды.

Сондай-ақ, ұшу жолағының үстінен екі елдің мемлекеттік тулары бейнеленген тікұшақтар шеруі өтті

🕌Құрбан айт құтты болсын!Дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
27/05/2026

🕌Құрбан айт құтты болсын!

Дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Құрметті отандастар! Қасиетті Құрбан айт мер...
27/05/2026

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!
 
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.

Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.

Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт қабыл болсын!

26/05/2026

Ертең иісі мұсылман Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Исламға иланғандар бұл күні мал сойып, ас береді. Жетім-жесірге көмектесіп, садақа үлестіреді. Дін қызметкерінің айтуынша, құрбандықты онлайн шалуға да болады. Ол үшін муфтияттың арнайы сайты жұмыс істейді. Құрбандықты онлайн шалуға болады. Ол үшін qurban.muftyat.kz сайтына өту қажет. Мұнда бірнеше терезе бар. «Құрбан шалу» ұяшығын ашып, қажетті мал түрін таңдауға болады. Мұнда қойдың құны 125 мың, ірі қара бағасы 875 мың деп көрсетілген. Сайттағы мәліметке сүйенсек, сиырды 7 кісі бірлесе шалуға болады. Мұндайда жалпы сомманың 7/1 бөлігі төленеді. Егер құрбандықтың есебін қажет етсеңіз, қызметті ұйымдастырушылар WHATSAPP-қа фото-видео дәлелдеме жібереді . Ислам сеніміне сәйкес, сойылған малдың бір бөлігі жетім-жесір, жағдайы төмен отбасыларға үлестірілуі парыз. Тиісінше, әлеуметтік осал топ өкілдері мұндағы «құрбан етін алу» ұяшығына кіріп, қажетті мәліметтерді жолдап, ет ала-алады.

26/05/2026

Жасанды интеллект шарықтап жатқаны өтірік емес — бүгінде ән де жазады, әуен де шығарады. Бірақ шынайы өнер мен тірі дауыстың орнын ештеңе баса алмайды.

Бүгінгі «Таң Нұры» бағдарламасында қонақта — Абылайхан Оспанов.
Өнердегі жолы, қазіргі музыка, жасанды интеллект пен сахна мәдениеті жайлы қызықты сұхбат эфирде өтті.

Толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.

26/05/2026

Сабақ кезінде кәмпитке қақалып, тынысы тарылған оқушыға ұстаз дер кезінде көмек көрсетіп, баланы аман алып қалған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, видео әлеуметтік желіде кең таралуда. Көпшілік ұстаздың жылдам әрекетіне алғысын білдіріп жатыр.

Address

Shymkent

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ontustiktv posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ontustiktv:

Share

Category