01/05/2026
Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы бар мәселе ушығып тұр. “Рауан” ЖШС-нің 250-ден астам қызметкері жұмыссыз қалу қаупіне тап болғанын айтып, арнамыздан көмек сұрады.
Қызметкерлердің сөзінше, жағдайдың бұлай шиеленісуіне ауыл тұрғындары мен кәсіпкер арасындағы ұзаққа созылған түсінбеушілік себеп болған. Атап айтқанда, ауыл азаматтары мен белсенділері елді мекендегі жалғыз су көзіне иелік өтуіне қарсылық білдіріп, тиісті органдарға бірнеше мәрте шағым түсірген.
Осының салдарынан мердігер мекеменің жұмысы тоқтап, ондаған емес, жүздеген адамның табысынан айырылу қаупі туындап отыр.
Қазіргі таңда дау өршіп, қоғамдық резонансқа айналған бұл мәселеге облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдар араласып, тараптарды татуластыру және нақты шешім табу жолдарын қарастыруда.