TizGin.kz

TizGin.kz Тіл кеспек жоқ! Өзгелер айтпағанды біз айтамыз!

Бұйрық жобасын Энергетика министрлігі дайындаған, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы. Онда ішкі нарықта тауар би...
10/06/2022

Бұйрық жобасын Энергетика министрлігі дайындаған, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Онда ішкі нарықта тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы ҚҚС-сыз тоннасына 33 600 теңге мөлшерінде бекітілетіні айтылған.

Баға 2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында сұйытылған мұнай газының шекті құны ҚҚС-сыз тоннасына 28 000 теңге мөлшерінде бекітілген болатын.

Қырғызстандық депутат қыздардың шетелге шығуына тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы 24.kg с...
10/06/2022

Қырғызстандық депутат қыздардың шетелге шығуына тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың ұсынысы әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

Қырғызстан парламенті отырысында Бішкектің Свердловск бір мандатты сайлау үйірмесінің депутаты Шайлообек Атазов 18-20 жастағы қыздарға шетелге тек ата-анасының еріп жүруімен немесе тұрмысқа шыққаннан кейін ғана шығуды ұсынды.

Әлеуметтік желіде мұндай бастама қызу қарсылыққа ұшырап, депутаттық мандатын кері қайтарып алу мәселесі көтерілді. Олар мұндай радикалды кемсітушілік көзқарастары бар саясаткердің парламентте отырмауы керек екеніне назар аударды. Олар депутатты сексистік түзетулерді қолдады деп айыптаған.

Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет атом электр стан...
10/06/2022

Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет атом электр станциясы құрылысы үшін жер таңдап қойғанын айтты, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Алайда, нақты қай жер екені аталмады.

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бойынша бірқатар бәсекелестік артықшылықтар бар, оны ЕО жасыл технологиялар тізіміне енгізді. Біздің еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр, ядролық отынның өзіндік өндірісі бар және уранды байыту бойынша тиісті мүмкіндіктерге ие. Қазіргі уақытта біз атом электр станциясын орналастыру туралы шешім қабылдадық және әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз», – деді президент.

Бұған дейін билік екі орынды – Курчатов пен Балқаш қалаларын қарастырған.

Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан әнін рұқсатсыз орындаған Qanay-ды заң жүзінде жауапқа тартуға ниетті, деп хабарлайды ...
10/06/2022

Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан әнін рұқсатсыз орындаған Qanay-ды заң жүзінде жауапқа тартуға ниетті, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Еске салсақ, бір ай бұрын Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әніне түсірген бейнебаянын жариялаған. Әнші оның әнін алған кезде композитордың отбасынан рұқсат сұрамаған.

«Ол әнді Qanay-дың орындағанын бір жолдасымнан естідім. «Мынау сенің әкеңнің әні ғой. Сенен рұқсат сұрады ма?» деді. Ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Олай әрбір әнді рұқсатсыз орындай беруге болмайды. Егер барлығы дәл осылай әр әнді орындап, клип түсіріп, ойына келгенін істесе мен қандай мұрагермін? Олардың бұл ісі дұрыс емес. Хабарласып, келіп, осындай бір тақырыпқа клип түсіргім келеді деген сияқты ештеңе болған жоқ. Біз заңды мемлекетте тұрып жатырмыз. Соған қоса қазір «Жаңа Қазақстан» құрылып жатыр. Әнді рұқсатсыз орындағандарға неге заң болмауы керек? Бұл — менің тікелей құқығым, яғни біздің жанұяның тікелей құқығы бұзылды деген сөз», – дейді Хасанғалиевтің ұлы zhulduz_tv-ге.

Хасанғалиевтің өкілдері жас әншінің продюсеріне хабарласып көрген. Алайда олардың жауабы Біржанның шамына тиген.

«Біз бұл әнді «халық әні» деп ойладық депті продюсер. Ал өздері клипке музыканың авторы Ескендір Хасанғалиев деп жазып қойған. Әрине, осындай әрекеттері намысқа тиеді. Клиптің шыққанына бір айдан асты, айналым жүріп жатыр, миллиондаған қаралымы бар. Қазір заңгерлер осы мәселемен айналысып жатыр. Әрине, мен бәрібір жеңемін. Өйткені мұрагер ретінде бұл біздің құқымыз. Мен бармын, анам бар және менің әпкем бар. Барлығы бізде заңды түрде тіркелгендіктен, олар да заңды түрде жауапқа тартылады. Егер келіссөз дұрыс жүргізілмесе сотқа береміз. Бұл істі соңына дейін апарамын», – дейді Біржан Хасанғалиев.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы. Кү...
10/06/2022

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,04 теңгеге көтеріліп, 435,76 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 10 маусымдағы доллардың ресми бағамы 434,51 теңге.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бекітілген VIP-ұшақ Мәскеуге барды, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық...
10/06/2022

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бекітілген VIP-ұшақ Мәскеуге барды, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

«Беркут» қазақстандық мемлекеттік әуе компаниясының Airbus A320 Neo ұшағының Ресей астанасына келгенін жұма күні маршрутты жазып алған авиатреккерлердің деректері дәлелдейді.

Атап айтқанда, VIP-ұшақ еуропалық ірі іскерлік авиация орталығы Внуково-3-ке келіп қонды.

Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей астанасына Владимир Путиннің шақыруымен келген. Назарбаевтың өзі Путинмен кездесуді сұрағанына дәлел бар.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге ғана емес, Сочиге де баруға ниетті, деп хабарлайды ақпарат көздері.

2020 жылы Президент әкімшілігі Назарбаевқа қызмет көрсететін жаңа Airbus A320 Neo ұшағын сатып алды. Сол кезде UDP сатып алғанға ұқсас VIP конфигурациясындағы Airbus A320 Neo үшін өндіруші өз веб-сайтында 110 миллион долларлық ресми баға белгіледі.

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, тойдағы әдепсіздіктер мәселесі бойынша пікір...
10/06/2022

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, тойдағы әдепсіздіктер мәселесі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Депутаттың пікірінше, қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі болып отыр.

Сондай-ақ көрші елдерде той өткізуге қатысты арнайы заң бар екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда той тақырыбы халық арасында мәдениет қалыптастыратын дүние. Негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі. Парламент депутаты болғаннан кейін тойдың заңнамасына тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар. Егерде сіз той жасайтын болып, 200-300 адам шақырсаңыз той бюджеті 1 млн теңге болу керек. Одан асқан жағдайда арнайы комиссия 3-4 млн теңге аралығында айыппұл салады. Жалпы бұл мәселе бұрын көтерілген еді. Сол кезде қоғам бұған дайын болған жоқ. Мәселе қозғар алдында әлеуметтік зерттеулерге жүгіндік, – деді Шиповских.

Бұл туралы Финляндия ішкі істер министрі Криста Микконен мәлімдеді, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы. 9 маусым...
10/06/2022

Бұл туралы Финляндия ішкі істер министрі Криста Микконен мәлімдеді, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

9 маусымда үкімет парламентке шекара қызметі туралы заңға тиісті өзгертулерді неғұрлым тезірек енгізу жөнінде ұсыныс жасады.

Дуал құрылысынан бөлек, шекарашы санын көбейтіп, жаңадан техникалық бақылау құралдары мен барлаушы ұшақтар сатып алу көзделген. Бұл мақсатқа қажет қаржы көктемде бөлініп қойған.

Микконеннің сөзінше, шекара қызметі көрші елдің саяси қысым жасауға мигранттарды пайдаланатын «гибрид ықпалына» тойтарыс беруге де дайын болуы керек. Мұндай тәсіл 2021 жылы Беларусь пен Польша шекарасында қолданылаған.

Сонымен бірге шетелдіктер туралы заңға да өзгерістер енгізілмек. Финляндиядан пана сұраушылардың өтінішін шекара бекетінде қабылдап, бірден қарайтын болады. Бұл Финляндияның өзге аймағына немесе Еуропа одағының өзге елдеріне мигранттардың ағылуына жол бермеу үшін жасалады. Үкімет баяндамасында халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты Финляндияның жақын арада және ұзақ мерзімде «гибрид ықпалдың» кең көлемді әрі күрделі түрлеріне дайын болуға әзірленіп жатқаны айтылған.

Финляндия мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 1271 километр, шекарадан ел астанасы Хельсинкиге дейін 200 шақырым.

Ресей күштері 24 ақпанда Украинаға басып кірген соң бұған дейін бейтарап мемлекет болған Финляндия НАТО ұйымына кіруге тілек білдірді. Көп ұзамай ресми Хельсинки Солтүстік-атлантикалық әскери одаққа тиісті өтінішін тапсырып та қойды. Бірақ осы одақтың бір мүшесі Түркия Финляндияны ұйымға қабылдауға қарсы болып отыр.

Мұны Twitter желісінде Назерке есімді студент жариялады, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы. Бұдан бөлек басқа с...
10/06/2022

Мұны Twitter желісінде Назерке есімді студент жариялады, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Бұдан бөлек басқа студенттер «Қазақ еркін», «Украинаны қолдаймын» деген жазбалармен шыққан.

Назерке өз жазбасында қаңтарда қаза болған жандарға қатысты ойын айтты.

«2022 жылдың қаңтарында 300 адам қаза болды. Оларға арнап бір минут та үнсіздік жарияланбады. Жанашырлық пен ынтымақтың өзі жеткілікті болар еді. Олардың бәрі – отандастарымыз», – дейді ол.

Еске сала кетейік, 3 маусымда Алматы қаласында Айкөркемнің бейнесі бар мурал пайда болған еді. Бірақ билік оны бір сағатқа жетпей өшіріп тастады. Кейін Айкөркемнің әкесін полиция шақырып, тергеу жүргізген. Биліктің қысымына шыдамаған отбасы кеше елден кеткенін хабарлады.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсел Құрманбек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумға байланысты Қазақста...
10/06/2022

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсел Құрманбек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумға байланысты Қазақстан халқына үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

Ол бүкіл ұлт болып ұйысып, елдігіміздің сыналар сынынан өттік деп есептейді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасады. Үндеуде реформалардың негізгі мақсатын атап, ел тағдыры әрбір азаматтың қолында тұрғанын жеткізді. Халық та «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы ел дамуының жаңа кезеңге аяқ басқанын сезініп, референдумға келді. Сәйкесінше, халықтың жанын жегідей жеген проблемаларды терең зерделей отырып, мемлекеттің дұрыс жолмен дамуының алғышарттарын көрсетіп берген Қасым-Жомарт Тоқаев елде орын алған олқылықтардың бәрін жедел сауықтырып, түбегейлі реформалар жасауға дайын екендігін дәлелдей алды. Енді жұрттың санасына сілкініс әкелген «Жаңа Қазақстан» жалаң ұран болмауға тиіс. Алда еліміздің заңнамасына өзгерістер еніп, саналы түрде әр істі сараптай алсақ халықты ешкім құрғақ сөзбен алдай да, арбай да алмайды», – деді Әсел Құрманбек.

Айтуынша, бұл референдум бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл халық екенімізді көрсетті.

Путин Украинамен соғыстағы негізгі мақсатын айтты, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы. – Біз өзімізді қорғауымыз...
10/06/2022

Путин Украинамен соғыстағы негізгі мақсатын айтты, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

– Біз өзімізді қорғауымыз керек, ол үшін күресуіміз керек, бұл айқын нәрсе. Қазір біз I Петрдің 350 жылдығына арналған көрмеде болдық, ештеңе өзгермеген. Таңқаларлық!

I Петр Солтүстік соғысты 21 жыл басқарды. Ғасырлар бойы славяндар фин-угор халықтарымен бірге өмір сүрді, ал аумақ Ресей мемлекетінің бақылауында болды. Батыс бағытта да солай.

Бұл Нарваға қатысты – оның алғашқы жорықтары. Ол не істеді? Қайтарып алды, күшейтті. Шамасы, біздің мақсатымыз да аймақты қайтару және нығайту болса керек, – деп қорытындылады Путин жымиып.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, ...
26/05/2022

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды «Тізгін» ақпараттық порталы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақыны алады. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Ол азаматтар зейнетке ерте шыға алатындарын еске салды.

«Сондықтан азаматтар 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақыға өз уақытында қосылып отырса, жарнасы дұрыс болса, 63 емес, тіпті 50 жасында зейнетке шығып кетуге мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойған. Сондықтан да азаматтардың ең негізгі жұмысы – зейнетақы жүйесіне уақытында қосылып, уақытында жарнасын төлеп отырса, зейнетке ерте шығуға толық мүмкіндігі бар. Бұл әйелдер ғана емес, ер адамдарға да қатысты», – деді Еңбек министрі.

Address

Tselinograd

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when TizGin.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share