Qazsaryn

Qazsaryn Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qazsaryn, Digital creator, .

Елордада Камиль Муллашевтың 80 жылдығына арналған  көрме өтеді🖼 Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық м...
31/10/2024

Елордада Камиль Муллашевтың 80 жылдығына арналған
көрме өтеді

🖼 Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде Қазақстанның ең танымал заманауи суретшілерінің бірі Камиль Муллашевтың 80 жылдығына арналған «Уақыт айнасы» атты жеке мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
🌅Көрмеге суретшінің 90-нан астам кескіндеме жұмыстары қойылады. Бұл туындылар автор шығармашылығының әртүрлі кезеңдерін қамтиды.
🏞Камиль Муллашевтің туындылары Париждің Гран-Пале салонына, Мәскеудің Третьяков галереясына, Қазан галереясына, ҚР Ұлттық музейі мен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне қойылған. Лихтенштейн, Франция, Англия, АҚШ, Канада, Ресей, Түркия, Қытай, Жапония және Қазақстанның жеке коллекцияларында сақтаулы. Ол өз картиналарында заманауи шындыққа бет бұрады, сонымен қатар оны өткен тарих, мифтік және тарихи кейіпкерлер, табиғат әлемі және ана тақырыбы қызықтырады. Суретші шығармаларының идеялары мен бейнелері әрқашан өз заманының көркемдік процестерімен байланысты болды.
Көрме 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.
___________________

🖼 В Астане при поддержке Министерства культуры и информации РК в Национальном музее Республики Казахстан состоится официальное открытие персональной юбилейной выставки «Зеркало времени» Камиля Муллашева, посвященной 80-летию одного из крупнейших современных художников Казахстана.
🌅На выставке представлено более 90 живописных работ художника. Картины отражают разные периоды творческой жизни.
🏞Работы художника выставлялись в салоне Гран-Пале Парижа, Третьяковской галерее Москвы, галерее Казани, Национальном музее РК и Государственном музее искусств имени А. Кастеева. Произведения художника находятся в частных коллекциях Лихтенштейна, Франции, Англии, США, Канады, России, Турции, Китая, Японии и Казахстана. В своих полотнах он обращается к современной действительности, а также его интересует историческое прошлое, увлекают мифические и исторические персонажи, мир природы и вечная тема материнства. Идеи и образы произведений художника всегда были связаны с художественными процессами своего времени.
Выставка продлится до 5 января 2025 года.

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті

Kumis Seitova

⚜Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Қазан қаласында «Адамзаттың бәрі...
30/10/2024

⚜Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Қазан қаласында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» көрме ұйымдастырады.
Көрмеге Абай өңірінің ұлы тұлғалары Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовпен байланысты экспонаттар, олардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын жеке заттар, кітаптар мен қолжазба материалдар, суретші Ә.Қастеевтің туындылары ұсынылады. Сондай-ақ, Абайдың домбырасы мен кісе белбеуі, шоқпар, айбалта, торсық, Абай оқыған медреседен кітаптар ұсынылады.
♦️Көрмеге музей-қорық қорынан барлығы 80-нен астам экспонат қойылады.
Айта кетейік, іс-шара Қазан қаласындағы «Абай облысының мәдениет күндері» аясында ұйымдастырылып отыр.
____________________________
⚜В городе Казань состоится открытие выставки «Люби все человечество как брата своего...» Государственного историко-культурного и литературно-мемориального музея-заповедника «Жидебай-Бөрілі».
На выставке будут представлены экспонаты, личные вещи, книги и рукописные материалы связанные с великими личностями области Абаем Кунанбайулы, Шакаримом Кудайбердыулы, Мухтаром Ауэзовым и произведения знаменитого казахстанского художника А.Кастеева. А также домбра и мужской охотничий пояс, дубинка, боевой топорик, кожаный сосуд Абая, книги из медресе, в которой учился Абай.
♦️Всего на выставке будут представлены более 80 экспонатов из фондов музея-заповедника.
Отметим, что мероприятие организовано в рамках «Дней культуры области Абай» в г. Казань.

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті

Kumis Seitova
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі

🔹«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру «...
30/10/2024

🔹«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру «Жас дәурен» лагеріндегі оқушыларға Ботай мәдениетіне арналған бірнеше тарихи танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Ботай мәдениетінің ескерткіштері туралы дәрістер мен археологиялық қазба жұмыстары жайлы деректер және бірегей жәдігерлер қойылған көрме ұсынылды. Сондай-ақ, шеберлік сабақ түрінде керамикалық ыдыстарды қайта жасау процесі, ежелгі технологиялар бойынша тамақ және тасты дисктер дайындау процесі көрсетіліп, Ботай мәдениетінің рөлі мен маңызы туралы бейнеролик көрсетілді.
_________________________

🔹Государственный историко-культурный музей-заповедник «Ботай» для детей из КГУ «Жас дәурен» при управлении образования Акмолинской области» провел выставку о ботайской культуре.
В ходе мероприятия специально для ребят подготовлена лекция о памятниках ботайской культуры, представлена выставка с артефактами, уникальными находками. А также, показан процесс воссоздания керамической посуды в форме мастер-класса, приготовления пищи по древним технологиям, продемонстрирован видеоролик о роли и значении ботайской культуры.

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті

Kumis Seitova
Ботай Музей-қорығы

Алматыда халықаралық фотокөрме өтеді⚜Алматыда Мемлекеттік орталық музейі 1 қараша күні «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат па...
30/10/2024

Алматыда халықаралық фотокөрме өтеді

⚜Алматыда Мемлекеттік орталық музейі 1 қараша күні «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» атты халықаралық фотокөрме өткізеді.
♦️Көрмеде үш елдің табиғатының сұлулығын, мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылады.
Бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бүгінде бұл көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстырады.
⚜Іс-шараның басты мақсаты – фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту, сондай-ақ келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру.
Көрме Қытай ғылыми-білім беру фильмдері мен телебағдарламалары қауымдастығының және «Фото және бейнетүсірілім» журналының қолдауымен ұйымдастырылуда.
_____________________________

Международня фотовыставка пройдет в Алматы

1 ноября в Алматы Центральный государственный музей Республики Казахстан открывает международную фотовыставку «Казахстан, Китай, Россия. Палитра могущества».
♦️На фотовыставке будут представлены 600 фотографий, отражающих не только красоту природы и культурное наследие Казахстана, России и Китая, но и демонстрирующие национальные ценности и достижения развития наших народов.
Это уникальное событие направлено на укрепление культурных и стратегических связей между тремя странами – Казахстаном, Китаем и Россией, которые связывают добрососедские партнерские взаимоотношения и сотрудничество во всех сферах.
⚜Основная цель мероприятия – усиление обмена и взаимного сотрудничества между культурными профессиональными сообществами в сфере фотоискусства, а также знакомство посетителей с культурой, традициями и современным развитием трех стран.
Выставка будет организована при поддержке Китайской ассоциации научно-образовательных фильмов и телепрограмм и журнала «Фото и видеосъемка».

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті
Kumis Seitova
Центральный Государственный Музей Рк

Алматыда Анатолий Молодовтың 95 жылдығы аталып өтті🎼🎙 Жамбыл атындағы филармонияда Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекет...
24/10/2024

Алматыда Анатолий Молодовтың 95 жылдығы аталып өтті

🎼🎙 Жамбыл атындағы филармонияда Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, хор өнерінің дамуы жолында өзінің зор үлесін қосқан КСРО халық әртісі Анатолий Молодовтың 95 жылдығына арналған концерт-фестиваль өтті.
🎤Концерттік бағдарламада А.Молодовтың хорға өңдеген «Қос алқа», «Қарлығаш», «Шолпан», «Арыс жағасында» атты үздік шығармалары орындалды. Сондай-ақ, Мемлекеттік хор капелласымен бірге Астана қаласынан келген Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК аралас хоры, №79 мектеп гимназиясынан келген «Бәйтерек» балалар хоры өнер көрсетті.
🗜Кеш барысында Анатолий Молодовтың шәкірттері болған, бүгінде аталған хор ұжымдарының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері - Елена Байысбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Ян Рудковский, Гульмира Құттыбадамова, Бейімбет Демеуов ұстаздарының хор өнері жолындағы еңбегі туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында фестивальде өнер көрсеткен ұжымдарға Жамбыл атындағы филармониясының әкімшілігі атынан ризашылық білдіріліп, арнайы алғыс хат табыс етті. 95 жылмен құттықтап келген тыңдарман хор ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, ыстық қошеметке бөледі.
__________________________
🎼🎙 В филармонии имени Жамбыла состоялся концерт-фестиваль, посвященный 95-летию народного артиста СССР Анатолия Молодова, который много лет трудился в Государственной хоровой капелле имени Б.Байкадамова и внес значительный вклад в развитие хорового искусства в нашей стране.
🎤В программе концерта были исполнены лучшие произведения А. Молодова, обработанные для хора «Косалка», «Қарлығаш», «Шолпан», «Арыс жағасында». Также в концерте вместе с Государственной хоровой капеллой выступили камерный хор Государственный академический филармонии имени Е.Рахмадиева (Астана), смешанный хор Казахской национальной консерватории имени Курмангазы и детский хор «Бәйтерек» гимназии №79 города Алматы.
🗜В ходе вечера ученики Анатолия Молодова, ныне художественные руководители и главные дирижеры указанных хоров — Елена Байысбаева, заслуженные деятели Казахстана Ян Рудковский, Гульмира Куттыбадамова, Бейимбет Демеуов — поделились воспоминаниями о работе своего наставника в области хорового искусства.
В конце фестиваля от имени директора филармонии имени Жамбыла была выражена благодарность коллективам, выступавшим на мероприятии и вручены специальные благодарственные письма. Слушатели, пришедшие поздравить с 95-летием, выразили свою признательность хоровому коллективу и тепло приветствовали их выступление.

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті

Kumis Seitova
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

«Ілкі дәуірдегі – Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті⚜Тараз қаласында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарих...
24/10/2024

«Ілкі дәуірдегі – Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті

⚜Тараз қаласында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ілкі дәуірдегі – Тараз» атты көрме ұйымдастырды.
️♦️Көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, тиындар жиынтығы, құмыра, сиясауыт және т.б. жәдігерлер қойылды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында музей-қорық қызметкері Мадина Мананбайқызы «Тарихы терең – Тараз» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз және әңгімелермен таныстырды. Сонымен қатар, көрермендер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды.
✔️Айта кетейік, аталмыш іс-шара Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Жасампаз Жамбыл өңірім» тақырыбындағы облыстық конференция аясында ұйымдастырылды.
__________________________

⚜В городе Таразе Государственный историко-культурный музей-заповедник «Ежелгі Тараз ескерткіштері» организовал передвижную выставка на тему «Ілкі дәуірдегі – Тараз».
♦️На передвижной выставке были представлены керамики, мустахары для хранения жидкости, бронзовые подсвечники, водопроводные трубы, наборы монет, кувшины, чернильницы и мн.др. изготовленные при государстве Карахан.
Также в ходе мероприятия сотрудница музея-заповедника Мадина Мананбаевна прочитала лекцию на тему «Тарихы терең – Тараз». Она ознакомила с уникальной историей и различнями легендами 30 историко-культурных памятников республиканского значения, относящихся к государственному историко-культурному музею-заповеднику «Ежелгі Тараз касающимися мавзолеев. Кроме того, были представлены артефакты, найденные в результате археологических раскопок.
✔️Стоит отметить, что данное мероприятие было организовано в рамках областной конференции Жамбылского гуманитарного высшего колледжа имени Абая на тему «Жасампаз Жамбыл өңірім».

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті

Kumis Seitova
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Астанада «Фигароның  үйленуі» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді25-26 қазан күндері Қалибек Қуанышабев атындағы Қаз...
23/10/2024

Астанада «Фигароның үйленуі» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді

25-26 қазан күндері Қалибек Қуанышабев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермен назарына «Фигароның үйленуі» спектаклінің премьерасын ұсынады.
«Фигароның үйленуі» – Моцарттың ұлы музыкалық мұрасымен көмкерілген жарқын комедия. Спектакльде тапқыр қызметші Фигаро мен оның сүйіктісі Сюзаннаның үйлену тарихы баяндалады. Олардың бақытты болу жолына Альмавива графының қитұрқы әрекеттері кедергі келтіреді. Махаббат пен айлакерлікке толы бұл қойылым көрерменді ерекше әсерге бөлейді.
Премьера күндері спектакльде жас актерлер мен танымал артистердің қатысуымен екі құрам өнер көрсетеді. Фигаро рөлін театрдың жас актерлері Әнуар Бектас пен Әли Қалдар сомдайды. Сюзанна рөлін – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынгүл Серкебаева, Ситора Анварова, Сағыныш Нұрхайдарова сомдайды.
Спектакльдың жанры - музыкалық комедия. Қойылымды қазақ тіліне аударған - Еркін Жуасбек, қоюшы режиссеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.
Спектакль театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

В Астане состоится премьера музыкальной комедии «Женитьба Фигаро»

25-26 октября в Казахском национальном музыкально-драматическом театре имени Калибека Куанышбаева состоится премьера спектакля «Женитьба Фигаро».
«Женитьба Фигаро» – яркая комедия, обрамлённая великим музыкальным наследием Моцарта. В спектакле рассказывается история свадьбы находчивого слуги Фигаро и его возлюбленной Сюзанны. Их счастью мешают коварные действия графа Альмавивы. Это представление, полное любви и хитроумных интриг, оставляет у зрителя особенное впечатление.
Спектакль пройдет под сопровождение симфонического оркестра театра. Роль Фигаро в двух составах исполнят молодые актеры театра Ануар Бектас и Али Калдар. В роли Сюзанны выступят лауреат Государственной молодежной премии «Дарын» Алтынгуль Серкебаева, Ситора Анварова и Сагыныш Нурхайдарова.

Жанр спектакля – музыкальная комедия. Перевод на казахский язык – Еркин Жуасбек.

KKumis SeitovaҚҚалибек Қуанышбаев

🔹Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық театрының сахнасында «Көрініс: Корей театрының Топ-20» концерттік...
21/10/2024

🔹Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық театрының сахнасында «Көрініс: Корей театрының Топ-20» концерттік қойылымы өтті. Кештің басты қонағы - танымал «L» дуэті болды.
Концерттік бағдарламада театрдың «К&Voice» вокалдық тобы 70-ші жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі үздік 20 хит әндерді, атап айтқанда, Дос-Мұқасан, Фрэнк Синатра, Майкл Джексонның және т. б. әндерін орындады. Сондай-ақ, «L» дуэті «Донна осень», «Пока», «Дай мне знать», «Я улетаю» әндерін ұсынды.
🔸Іс-шара барысында көрермендерге өткен күндердің естелігі ретінде интерактивті және бейне контенттер ұсынылды.
Айта кетейк, аты аңызға айналған «L» дуэтінің құрылғанына 30 жыл! Қазақстанның үздік 20 әнінің қатарына кіретін Еркеш Шакеевтің «Донна осень» әні дуэттің визиттік карточкасына айналды.
_________________

🔹На сцене Республиканского государственного академического Корейского театра прошло концертное представление «Отражение: Топ-20 Корейского театра», где хэдлайнерами стали приглашённые артистки — знаменитый дуэт «L».
В концертной программе вокальная группа театра К&Voice исполнили 20 хитов времен с 70-х по настоящее время, таких исполнителей как Дос-Мукасан, Фрэнк Синатра, Майкл Джексона и др. Также дуэт «L» представил песни «Донна осень», «Пока», «Дай мне знать» и «Я улетаю».
🔸В ходе мероприятия присутствовал живой интерактив и видеоконтент вовлекающий зрителя в воспоминания о добром прошлом.
Зрители насладились исполнением самых знаковых песен прошлого и погрузились в атмосферу ностальгии.
Хотим отметить, что легендарной группе дуэт «L» уже 30 лет! Визитной карточкой дуэта стала песня Еркеша Шакеева «Донна Осень», входящая в 20-ку лучших песен Казахстана.

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті
Kumis Seitova
Корейский театр

⚜Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда дәстүрлі солистердің қатысуымен «Қазақ киносына саяхат» атты...
21/10/2024

⚜Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда дәстүрлі солистердің қатысуымен «Қазақ киносына саяхат» атты ерекше кеш өтті.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның кино тарихындағы алғашқы фильмдеріне шолу жасалып, саундтректерінен үзінділер орындалды.
Атап айтсақ, қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған – «Қыз Жібек», Болат Мансұровтың «Құлагер», Толомуш Өкеевтің «Көксерек», Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» кинофильмдеріндегі «Көңіл ашар», «Гәкку», «Әгугай», «Махаббат бекеті», «Көкшетау» атты ән-күйлері, сондай-ақ, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі «Саржайлау» және «Туған жер» әндері орындалды.

________________
⚜В Казахской государственной академической филармонии имени Жамбыла прошел уникальный вечер под названием «Қазақ киносына саяхат» с участием солистов казахской традиционной музыки.
В концертной программе был представлен обзор первых фильмов в истории казахстанского кино и были исполнены фрагменты их саундтреков.
В частности, прозвучали песни из фильмов, ставших визитной карточкой казахского кинематографа, таких как «Қыз Жібек», «Құлагер» Болата Мансурова, «Көксерек» Толомуша Өкеева и «Атаманның ақыры» Шакена Айманова: «Көңіл ашар», «Гәкку», «Әгугай», «Махаббат бекеті», «Көкшетау», а также песни «Саржайлау» и «Туған жер» из фильма Абдолла Қарсақбаева «Менің атым Қожа».

#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану
#ҚазақстанМәдениеті
Kumis Seitova
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

🔹Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды💬ҚР...
11/10/2024

🔹Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды

💬ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

⚜Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

_________________
🔹Берик Абдыгалиулы назначен временно исполняющим обязанности директора Национального музея Республики Казахстан

💬И. о. министра культуры и информации РК Айзада Курманова представила коллективу музея нового руководителя – временно исполняющего обязанности директора Берика Абдыгалиулы.

⚜Берик Абдыгалиулы родился в 1971 году. Образование высшее: в 1994 году окончил Казахский национальный университет им.Аль-Фараби по специальности «Преподаватель истории и обществознания».
В разные годы работал в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте РК.
- 2010-2013 гг. аким Улытауского района, аким г. Жезказган, аким г. Аркалык, заместитель акима Карагандинской области;
- 2016 г. главный научный сотрудник Военно-исторического музея Вооруженных сил РК Министерства обороны РК;
- 2017-2019 гг. руководитель Научно-исследовательского центра «Сакральный Казахстан» Национального музея РК;
- 2019-2021 гг. аким Улытауского района Карагандинской области.
- 2021-2022 гг. депутат Мажилиса Парламента РК;
- 2022-2024 гг. занимал должность акима Улытауской области.

10/10/2024

«Dala dauysy» республикалық конкурсына құжат қабылдау 1 қарашаға дейін ұзартылды

⚜Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады. Шығармашылық конкурстың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге.
📎Республикалық конкурс мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа туындылар авторларын қолдау мақсатында өткізіледі. Конкурс 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.
📌Өтініш қағаз түрінде 2024 жылғы 1 қарашаға дейін, Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1, №229 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Толық ақпарат: +7 702 249 4662
______________________

Срок приема документов для участия в республиканском конкурсе «Dala Dauysy» продлен до 1 ноября

⚜️Министерство культуры и информации в целях поддержки создания и популяризации произведений в жанрах традиционного, классического, эстрадного и театрального искусства объявляет о проведении республиканского конкурса «Dala Dauysy». Общий призовой фонд творческого конкурса 47 млн тенге.
📎Республиканский конкурс проводится в целях поддержки авторов новых произведений, направленных на сохранение и развитие национальной культуры, укрепление духовных ценностей в обществе, а также на нравственное и патриотическое воспитание подрастающего поколения.
Конкурс включает 15 премий по 5 номинациям: «Лучшая фольклорная музыка», «Лучшая классическая музыка», «Лучшее драматургическое произведение», «Лучшее произведение музыкально-театрального жанра», «Республика әні» в эстрадном жанре.
📌Заявки принимаются до 1 ноября 2024 года на бумажном носителе по адресу: г. Астана, ул. Калибека Куанышбаева 8/1, кабинет № 229.

Для полной информации: +7 702 249 4662

🇰🇿 🇹🇲Түрікменстандағы Қазақстан Мәдени күндеріне 3000-нан астам қонақ қатысты📌Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми с...
10/10/2024

🇰🇿 🇹🇲Түрікменстандағы Қазақстан Мәдени күндеріне 3000-нан астам қонақ қатысты

📌Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары қарсаңында Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті. Іс-шаралар Қазақстанның өнер шеберлерінің қатысуымен Түрікменстанның Мемлекеттік мәдениет орталығының Мукамов сарайында өткен гала-концертпен қорытындыланды. 850 көрермен қатысқан бұл концерт екі ел арасындағы мәдени байланыстың жарқын көрінісіне айналды.

🔹Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түрікменстан мәдениет министрі Атагелді Шамурадов, мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық корпус және екі елдің шығармашылық зиялы қауымы қатысты.

📎Концертті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі «Шаттық елі» шығармасымен ашты. Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев «Он саусақ» композициясын орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов орындаған «Jan Watanym Türkmenistan» әні көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, Расул Жармағамбетов, Абылай Тлепберген және Таңат Сәденовтің өнерлері де көрермендерді тәнті етті. «Бірлік» би ансамблі де көрермендерге өшпес әсер қалдырды.

«Мен өзім Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегімін, сондықтан осындай керемет концертке қатысу мен үшін үлкен қуаныш болды. Бүгін көргенім мен естігенім жүрегіме жақын әрі қымбат. Бүгінгі концерт және басқа да іс-шаралар біз үшін нағыз мереке болды. Бұл – ұлы өнер: домбыра мен қобыздың үндері ғажап естілді. Көптеген студенттерім жүректері лүпілдеп, үлкен әсермен тыңдады», – деп өз әсерімен бөлісті Мұрат Құрбанов.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған Қазақстан мәдениетінің күндері Ашхабадта 7-10 қазан аралығында өтті. Қазақ мәдениетімен танысу көркем фильмдердің көрсетілімінен басталды. Көрермен Қазақ хандығының өрлеу кезеңін баяндайтын «Ұлы дала таңы» тарихи фильмін және шынайы оқиғаларға негізделген «Паралимпиец» фильмін тамашалады.

📌Түрікменстандықтар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің «Сарыарқа» және Роза Бағланова атындағы Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымның «Saz&Soul» тобының «Шекарасыз әуендер» бағдарламасын көріп, өнеріне тәнті болды.

Қазақстан мәдениетінің күндері аясындағы іс-шараларға Түрікменстанда 3000-ден астам адам қатысты.

Ертең Ашхабадта Қазақстан мен Түрікменстан мемлекет басшыларының қатысуымен ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
_________________________

🇰🇿 🇹🇲 Более 3000 гостей посетили Дни культуры Казахстана в Туркменистане

📎 В преддверии официального визита Касым-Жомарта Токаева в Туркменистан в Ашхабаде прошли Дни культуры Республики Казахстан. Кульминацией мероприятий стал гала-концерт мастеров искусств Казахстана, который состоялся во Дворце Мукамов. Концерт, собравший более тысячи зрителей, стал ярким символом культурных и гуманитарных связей между двумя странами.

✅ На мероприятии присутствовали министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева, министр культуры Туркменистана Атагельды Шамурадов, представители центральных государственных органов обеих стран, дипломатического корпуса, а также деятели культуры и искусства.

🎶 Концерт открыл Казахский Национальный оркестр народных инструментов произведением «Шаттық елі». Народный артист Казахстана Рамазан Стамгазиев исполнил композицию «Он саусақ». Восторженные овации вызвало исполнение песни «Jan Watanym Türkmenistan» Заслуженным деятелем Казахстана Алишером Каримовым. Также публика была впечатлена выступлениями Расула Жармагамбетова, Абылая Тлепбергена и Таната Саденова. Высокий профессионализм ансамбля танца «Бірлік» оставил у зрителей неизгладимое впечатление.

📎 «Я сам являюсь выпускником Алматинской государственной консерватории имени Курмангазы, и мне было очень приятно присутствовать на таком замечательном концерте. Всё, что я увидел и услышал, близко и дорого мне. Сегодняшний концерт и другие мероприятия — настоящий праздник для нас. Это великое искусство: великолепно звучали домбра и кобыз. Многие мои студенты слушали выступления с замиранием сердца», — поделился впечатлениями гость гала-концерта Мурат Курбанов.

🇰🇿 🇹🇲 Дни культуры Республики Казахстан, организованные Министерством культуры и информации РК, прошли в Ашхабаде с 7 по 10 октября. Программа началась с показа художественных фильмов, включая историческую картину «Рассвет Великой степи» («Ұлы дала таңы»), посвящённую расцвету Казахского ханства, а также фильм «Паралимпиец», основанный на реальных событиях.

🎶 Туркменская публика смогла насладиться и другими культурными событиями, включая концерты Казахского национального оркестра народных инструментов имени Курмангазы с программой «Сарыарқа» и группы «Saz&Soul» Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой, исполнившей программу «Мелодии без границ».

✅ Всего мероприятия, прошедшие в рамках Дней культуры Республики Казахстан в Туркменистане, привлекли более 3000 зрителей.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qazsaryn posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Qazsaryn:

  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share