30/08/2026
🔻Бүгін облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Сол жағалау саябағы аумағында «Ретро-музей» ашылды.
Жаңа музейдің басты ерекшелігі – өткен ғасырдың ортасында өндіріс, шаруашылық және қорғаныс салаларында пайдаланылған 30-ға жуық техникадан тұратын бірегей экспозиция. Мұнда тарихта із қалдырған техникаларды көруге болады. Экспозицияда ГАЗ-АА жүк көлігі, ЗиС-8 автобусы және ГАЗ М-1 автокөлігі бар.
Ашылу салтанатына ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.