Khabartv

Khabartv Қоғамдық-отбасылық телеарна

17/03/2026

👩🏻‍🍼 Елде республикалық референдум күні 585 сәби дүниеге келді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 310-ы – ұл, 275-і – қыз. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 әйел босанды. Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді.

📺 ЖАҢАЛЫҚТАР
⏰ Дүйсенбі-жұма || 21:30

#жаңалықтар #новости #референдум #атазаң

17/03/2026

«Шаңырақ» күні – отбасының берекесі мен бірлігін, ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке. Сондықтан жас жұбайлар дәл осы күнді отау құрудың бастауы ретінде таңдайды.

Астана қаласы АХАТ бөлімінің мәліметінше, «Шаңырақ» күні некесін тіркеуге елорда бойынша 86 жұп өтініш берген.

Тілшіміз Назгүл Пахман «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп АХАТ бөлімшесінен тікелей эфирге шығып, жас жұбайлармен сұхбаттасты.

17/03/2026

💍 АҚШ-тың Калифорния штатында зергерлік дүкенге жасалған шабуыл кезінде шамамен 2 миллион доллардың әшекей бұйымдары ұрланды

Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі хабарлады. Тергеу мәліметінше, қара маска таққан 20-ға жуық адам дүкенге басып кірген. Қаскөйлер небәрі бір минут ішінде зергерлік бұйымдардың шамамен 80 пайызын ұрлап кеткен.

🌍«ЖЕР-ЖАҺАН»
📌Сейсенбі-жұма || 9:00

#жаңалықтар #АҚШ #Иран

17/03/2026

Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр?

☑️Толық нұсқасын Khabar News YouTube арнасынан көріңіздер

🔴«ХАҚЫҢ БАР»
📌Әр сейсенбі // 9:00

#Хабар #Хақыңбар #құқық #заң #тәртіп

17/03/2026

😊🫂 Жапониядағы жетім маймыл Панч енді жалғыс емес

Оның ойыншықты құшақтап жатқан видеосы желіде миллиондаған қаралым жинады.

☀️ «Оян!» бағдарламасы
⏰ Дүйсенбі-жұма // 7:00

#Хабар #Оян #панч #макака

17/03/2026

⚜️ Бүгін – Шаңырақ күні

Шаңырақтарыңызға бақыт, махаббат пен жылулық тілейміз. Отбасыларыңыз аман, ұрпақтарыңыз өсіп-өркендей берсін!🤲🏻

#наурызнама #шаңырақ #наурызонкүндігі #мереке

17/03/2026

Назарбаев университетінің профессоры Гүлтас Сайынқызы ұлттық құндылық пен тәрбиенің байланысы жайлы айтып берді⤵️

📌Толық нұсқасын Khabar Tanym YouTube арнасынан тамашалай аласыздар

#Хабар #Көзқарас #ұлттыққұндылық #тәрбие #сұхбат

🌸 Қайырлы таң, құрметті көрермен!Бүгін арнамыздан көретіндеріңіз👆🏻 #хабар  #бағдарламакестесі  #эфир  #әлеумет
17/03/2026

🌸 Қайырлы таң, құрметті көрермен!

Бүгін арнамыздан көретіндеріңіз👆🏻

#хабар #бағдарламакестесі #эфир #әлеумет

⚜️ Бүгін – Шаңырақ күніБұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Сондай-ақ қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу мәдени...
16/03/2026

⚜️ Бүгін – Шаңырақ күні

Бұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Сондай-ақ қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

Шаңырақтарыңызға бақыт, махаббат пен жылулық тілейміз. Отбасыларыңыз аман, ұрпақтарыңыз өсіп-өркендей берсін!🤲🏻

#наурызнама #шаңырақ #наурызонкүндігі #мереке

16/03/2026

«XXI ғасыр көшбасшысы» - талай жастың арманын қанаттандырған жоба. Бұл сахнадан талай дарын түлеп ұшты. Ал бүгін сол бұрынғы қатысушылар қайта оралып, өз естеліктерімен, толқыған сәттерімен және өмірінде қалған ең қызықты кезеңдерімен бөліседі.

#ххіғасыркөшбасшысы #білім #көшбасшы #логика

16/03/2026

🎬 Премьера на телеканале «Хабар»!

Уже с 30 марта в эфире телеканала «Хабар» — новый турецкий сериал «Мечта Эшрефа». Захватывающая история о любви, судьбе и неожиданных поворотах, способных изменить жизнь героев.

❤️ Сильные чувства, судьбоносные встречи и драматические события не оставят зрителей равнодушными.

📺 Смотрите с 30 марта в 17:00 на телеканале «Хабар».

#Хабар #МечтаЭшрефа #турецкийсериал
#Премьера

16/03/2026

💔 Сезім анасына не үшін ашуланды?

Студенттік өмір туралы «Достық 13» телехикаясын дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 22:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Телехикаяның бөлімдерін Khabar Tv YouTube арнасынан көре аласыздар🔗

#достық13 #телехикая #қазақкиносы #достық

Address

Akmola

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Khabartv posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Khabartv:

Share

Category

Our Story

«Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды үздіксіз әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.

Телеарна – «БИЛІК-БАҚ-ҚОҒАМ-ТҰЛҒА» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр. Эфирге шығарылатын бағдарламалардың 75 пайызы телеарнаның төл туындыларынан құралады. Олар – бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Оның ішінде телеарна мамандары аударатын көркем және деректі фильмдер де бар. «Хабар» телеарнасы әр телевизиялық маусымда жаңа ойын-сауықтық жобаларын ұсынды. Олардың қатарында «Ду-Думан» әзіл-сықақ театрларының сайысы мен ерекше жобалар қатарында «Аймақтар аламаны», «Бармысың, бауырым?» «Бюро расследований», «Жетi күн» бағдарламаларын ерекше атауға болады. 2012-2013 жылдары «Подружки», «Агент Z», «25-й километр», «Трактористің махаббаты» және т.б. отандық телехикаялардың тұсауы кесілді. Ал тарихи фильмдердің қатарын толықтырған «Бауыржан Момышұлы» және «Күләш» телетуындылары Алтын қордан ойып тұрып, орын алуға лайық. Сондай-ақ «Жұлдызды дода. Звездные войны», «Энергия будущего», «Сноски» жобаларына деген көрерменнің ықыласы жоғары болды.

Телеканал «Хабар» в современном медийном пространстве - проводник политических, социально-культурных ценностей и традиций. Уже традиционно «Хабар» проводит прямые трансляции спортивных соревнований мирового уровня: Олимпийские игры, Чемпионаты мира и др. На суд зрителей мы предлагаем и такие значимые события в культурной жизни, как церемония вручения «Оскар», «Евровидение» и др. Также технические и творческие ресурсы позволяют транслировать важнейшие политические, культурные и спортивные мероприятия практически из всех регионов нашей страны. Каждый телесезон канал предлагает новые проекты. Осенью и зимой прошлого года были представлены сериалы, снятые по заказу Агентства «Хабар». Если судить по рейтингам и зрительским отзывам, исторические ленты «Бауыржан Момышулы» и «Куляш» достойны включения в Золотой фонд страны. Немалый зрительский интерес вызвали киноленты «25-й километр», «Любовь тракториста», «Возвращение». В мае состоялась еще одна премьера – в эфир вышел сериал «Перекресток в Астане». Высокой популярностью уже несколько лет пользуются программы «Аймақтар аламаны», «Бюро расследований», «Бармысың, бауырым», «Жетi күн». Также зрители проголосовали и за новые проекты - «Жұлдызды дода. Звездные войны», «Энергия будущего», «Сноски» и др.