QALAMGER.KZ

QALAMGER.KZ Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының парақшасына қош келдіңіз!

Қасиеті қаншама,Қасіреті соншама!Халық қызын өсірген«Халық жауы» болса да! (Тақырыптың тұздығы)Бұл үйдің отбасылық альбо...
05/06/2025

Қасиеті қаншама,
Қасіреті соншама!
Халық қызын өсірген
«Халық жауы» болса да!
(Тақырыптың тұздығы)

Бұл үйдің отбасылық альбомында бір ерекше сурет бар. Сурет болғанда да, жаныңды елжіретіп жіберетін қастерлі дүние. Бір шаңырақтың адамдары – әкесі, шешесі, төрт баласымен бірге далаға алаша төсеп, соның үстінде асықпай шай ішіп отыр. Ақ жаулықты әдемі келіншектің алдында самаурын қайнап тұр. Сол жез самаурынның төбесіне құман қонақтаған. Оң жақ шетке таман шашы қалың, қасы-көзі қап-қара, қаба сақалды, ақ көйлек киген келісті жігіт ағасы жайғасқан. Үсті-басы мұнтаздай. Өз заманындағы оқыған-тоқығаны мол, қайсар қазақтың кейпін көресің. Шынында да солай, бұл – ұлтымыздың ардақты перзенті, зобалаң жылдарда «халық жауы» атанған айбарлы азамат Сәтіғали Құтқожин. Ал әкесінің қасында бейғам отырған титімдей ғана орамалды қыз – болашақ академик, баршаға аты мәшһүр тілші ғалым Рәбиға Сыздық. Қараңыз. Көзі өткір. Өмірге құштар. Қайрат-жігері атойлап тұр.
Сонымен, солдан оңға қарай: Рәбиғаның анасы Жеміс Қалуқызы, сіңлісі Роза, кіші ағасы Хамит, Рәбиғаның өзі, әкесі Сәтіғали Құтқожин және үлкен ағасы Шафхат. Сурет Рәбиға апайдың үш жасында, яғни 1927 жылы Ойыл ауданындағы Ашықбай тоғайында түсірілген.

#эссе

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, оған Freedom H...
30/05/2025

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, оған Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компаниялары демеушілік көрсетті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқау төртінші рет өткізіліп жатыр. Оған қатысуға 21 қолжазба берілді, оның 9-ы қазақ тілінде, 12-сі орыс тілінде болды.
Жеңімпазды таңдау mecenat.kz. сайтында қорғалған халықтық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылды. Осы маусымда 1738 дауыс қабылданды.
https://qalamger.kz/literature/debiet/lihan-zha-syly-mecenat-kz-baj-auyny-zhe-impazy-atandy/1145

Әдебиет, поэзия, проза, драматургия, пьеса, қаламгер, qalamger, қаламгер порталы, әдебиет порталы, мәдениет порталы, әнші, қазақша өлеңдер, өлең, тақпақтар, поэзия, әнші, а...

Байқау марапаттары:Бас бәйге – біреу (жүлде көлемі 1 500 000  теңге)Бірінші жүлде – біреу (1 000 000 теңге)Екінші жүлде ...
26/05/2025

Байқау марапаттары:

Бас бәйге – біреу (жүлде көлемі 1 500 000 теңге)
Бірінші жүлде – біреу (1 000 000 теңге)
Екінші жүлде – екеу (700 000 теңгеден)
Үшінші жүлде – үшеу (300 000 теңгеден)
Ынталандыру сыйлығы – екеу (100 000 теңгеден)

байқау

– Бақсы келді.Мен ғой өлем, деп ойлады Аңсаған үй-ішіне сүзіле, кірпік арасынан қарап, сосын не болар екен? Әжем, белгіл...
06/05/2025

– Бақсы келді.
Мен ғой өлем, деп ойлады Аңсаған үй-ішіне сүзіле, кірпік арасынан қарап, сосын не болар екен? Әжем, белгілі, дауыс етіп жоқтайды, себебі жақсы көреді. Жаңа зарлап қоя берді. Жасаған-ай, жалғызымды алып кетпесе игі еді, әй-әй, Құдай-ай! Көкесі жіби қоймас. Мана: «Сырқатының беті қайтпай, бақсы шақыру жөн емес», – деді-ау. Сонда алып кеткенін күткені ме? Алып кететін кім, қайда алып кетеді? Әрине, өлім, сол әкетеді. Ашаққа. Кәдімгі үгітіліп жатқан ескі, балшық молаларға. Бір қабырғасы опырылып түскен төрт құлақты ең үлкен бейіттің ішіне бұрнағыгүні ешкі кіріп, сонда көрген: екі көзі үңірейген бас сүйек, иә, кісінің басы. Әжесінің айтуынша, о дүниенің мақұлықтары мұрынды, ауызды, бетті, көзді ойып, бәрін жеп қойған. Өзінің, әжесінің сар тентегі Аңсағанның басы...– осы арада баланың тұла бойы түршігіп кетті. Зорлана ыңырсып, жанға жайлы, көңілді бірдеңелерді ойлауға тырысқан – түк шықпады. Ақылы баяғы бейіттің ішінде бөлініп қап зыр-зыр жүгірген егіз лақты қара ешкіге қайыра соқты. Көз алдына тағы да шашылған қу сүйек, үңірейген екі көз елестеді,– жо-оқ, Аңсағанның көзі ондай болмайды, өйткені тым кішкентай. Балалар ылғи көзің сығыр деп кемітеді. Бір сәт мұғалім апайдың «бес» салғанда айтатын байырғы сөзін есіне ап, жымиып қойды: малладес!

(ӘҢГІМЕ)

Ақтық кезеңге өткен 5 қатысушымен келісімдер жасалып, келесі талаптар анықталады:Романды жазу және өткізу мерзімдері;Жар...
06/05/2025

Ақтық кезеңге өткен 5 қатысушымен келісімдер жасалып, келесі талаптар анықталады:
Романды жазу және өткізу мерзімдері;
Жариялау шарттары және пайдадағы үлеске қатысу;
Қайырымдылық жарналары;
Романдар серіктес баспадан шығарылады (тиражы 1000 данадан бастап);
Рецензенттерді тәуелсіз әдебиет сыншыларынан құралған қазылар алқасы тағайындайды;

«Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауы жарияланды

Address

Akmola

Telephone

+77474091542

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when QALAMGER.KZ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to QALAMGER.KZ:

Share

«РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. ӘДЕБИ СЫН» БАЙҚАУЫ

https://qalamger.kz/competition/24