Aqtaulive

Aqtaulive Все самое интересное в нашем городе и не только �� Подпишись!

🌙Ораза айт мейрамы құтты болсын!Міне, жақсылық пен жомарттықты, мейірімділік пен қайырымдылықты нығайтуға ықпал ететін Р...
20/03/2026

🌙Ораза айт мейрамы құтты болсын!

Міне, жақсылық пен жомарттықты, мейірімділік пен қайырымдылықты нығайтуға ықпал ететін Рамазан айы да аяқталды.

Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, амандық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Айт қабыл болсын!✨

.Қазақстандық мектептер мен балабақшаларда Наурыз мерекесіне орай дастархан жаюға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпа...
19/03/2026

.
Қазақстандық мектептер мен балабақшаларда Наурыз мерекесіне орай дастархан жаюға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді балабақшалар мен мектептерде Ұлыстың ұлы күнінде бұрынғыдай наурыз көже, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдар әкелуге болмайды. Бұл шектеу балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған екен. Тек мәдени-танымдық шараларға рұқсат етілген.

Бұл шешімді әр өңірдің білім басқармасы қабылдап жатыр. Себебі мамандар сырттан әкелінген тағамдардың сақталуы, дайындалу талаптары мен сапасына толық жауап бере алмаймыз дейді. Балалар астан уланып қалу қаупі де бар екенін жоққа шығармайды. Сондықтан биыл санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейттік дейді жауаптылар.

“Сырттан тағамдар әкеліп оқушылардың қатысуымен өтетін дастархан жаю деген секілді шараларға барлық білім беру мекемелерінде бізде қатаң тыйым салынған. Бұл ең алдымен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында ұйымдастырылып отырған шаралар”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қанатов.

Жыл сайын Ұлыстың ұлы күнінде чат ашып, алып келетін ас-ауқатты бөліп алатын ата-аналардың дені жаңашылдықты қолдайды. Біріншіден, шығын азаяды. Екіншіден, бала денсаулығы басты назарда болу керек дейді ата-аналар.

.Жолаушылар билетін тегін қайта брондай алады. FlyArystan лоукостері Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақы...
19/03/2026

.
Жолаушылар билетін тегін қайта брондай алады.

FlyArystan лоукостері Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 19 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлады компания.
“Шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірдегі қолданыстағы шектеулерге байланысты қабылданды”, - делінген хабарламада.
Бұған дейін әуе компаниясы осы бағыт бойынша рейстердің 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
“Қазіргі жағдайда рейстерді орындау мүмкін емес, осыған байланысты тоқтата тұру кезеңі ұзартылды. Барлық шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды”, - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы тоқтаған рейстердің жолаушыларына кейінірек тегін қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару ұсынылатынын атап өтті.

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қашан өзгеретіні белгілі болдыЗейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы Қазақст...
18/03/2026

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қашан өзгеретіні белгілі болды

Зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда зейнет жасы өзгеріссіз қалады. Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына дейін сақталады.

2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды (жыл сайын алты айға өседі):

- 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61,5 жас;
- 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62 жас;
- 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62,5 жас;
- 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 63 жас.

Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлік жас бірдей – 63 жас болып белгіленеді.

.Былтыр жалпы Қазақстан бойынша 115,9 мың неке тіркелді. Былтыр Қазақстанда 45,7 мың жұп ажырасты, деп хабарлады Ұлттық ...
18/03/2026

.
Былтыр жалпы Қазақстан бойынша 115,9 мың неке тіркелді.

Былтыр Қазақстанда 45,7 мың жұп ажырасты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Олардың 34 мыңы қалалық, 11,7 мыңы ауылдық жерде тіркелген.
Ең көп ажырасқандар Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Ажырасу деңгейі ең төмен - Түркістан облысы. Ең жиі некеде 1-4 жыл тұрғандар ажырасқан.
Былтыр жалпы Қазақстан бойынша 115,9 мың неке тіркелді. Некелесуден Астана алда тұр, одан кейін Қарағанды облысы, үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында.
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы:
ерлер – 27,9 жас,
әйелдер– 25,3 жас.
«Ерлер арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%», - дейді бюро.
Үйленгісі келетіндер әсіресе маусым, шілде, тамыз айларын таңдайды екен. Айтпақшы былтыр отау құрғандардың 80,4%-ы моноэтностық, 19,6%-ы ұлтаралық некеге тұрған.

.Мемлекет басшысы Тоқаев  бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жарияланатынын айт...
18/03/2026

.
Мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жарияланатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасауға болатынын айтты.
“Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Соған сәйкес, мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет. Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады”, – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын айтты.
“Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам. Жаңа Конституция – халқымыздың ынтымақ-бірлігінің жарқын символы. Оның баптарында әрбір қазақстандықтың арманы мен аңсары, ұрпағының баянды болашағына деген үміті мен сенімі көрініс тапқан. Ата заң барша азаматтың – Отанымыздың шынайы патриоттарының басты бағдарына айналады”, – деді президент.
Президент жаңа Конституция – әлемдік өркениеттің биігіне бет алған ұлтымыздың берік әрі мызғымыз тұғыры екенін айтты.
Жағдайдың мән-жайы
Айта кетейік, былтыр маусым айында Мәжіліс депутаттары “Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын жұмысқа алған еді. Кейін оны Мәжіліс те, Сенат та мақұлады. Сосын депутат Абзал Құспан рақымшылыққа 15 мың адам ілігетінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, алдын ала есептеулерге сәйкес, рақымшылыққа бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам ілігеді. ҚАЖ мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған, барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады.

.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айттың бірінші күніне, яғни 20 наурызға арналған айт намазының нақты уақыт...
18/03/2026

.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айттың бірінші күніне, яғни 20 наурызға арналған айт намазының нақты уақытын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал қасиетті Құрбан айт биыл 27-29 мамыр аралығында аталып өтеді.
Жарияланған мәліметке сәйкес, айт намазы әр аймақта күннің шығу уақытына байланысты әртүрлі уақытта оқылады.

Мәселен, Алматы мен Абай облысы тұрғындары үшін айт намазы таңғы 07:00-де басталса, Астана, Шымкент және бірқатар өңірлерде 07:15-ке белгіленген.

Ал батыс өңірлерде намаз уақыты сәл кешірек: Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы және Ақтөбе облысы тұрғындары айт намазын 08:30-да оқиды.

Сондай-ақ кей өңірлерде аралық уақыттар белгіленген. Мысалы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Ұлытау облысы үшін уақыт 07:30 деп көрсетілген.

Діни басқарма өкілдері айт намазына алдын ала дайындалып, мешіттерге ертерек келуді ұсынады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау, бір-біріне құрмет көрсету мерекенің маңызды бөлігі екені ескертілді.

.Елімізде 17 наурыздан бастап қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін шақыру комиссиялары азаматтарды...
18/03/2026

.
Елімізде 17 наурыздан бастап қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін шақыру комиссиялары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Сонымен қатар осы көктемде әскерге қанша адам шақырылатыны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Алмас Исабековтің айтуынша, 30 маусымға дейін әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мың азаматты шақыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде:
Қарулы күштерге – 11 мыңнан астам адам;
Ұлттық ұланға – 7 мыңнан астамы;
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне – 2 мың адам;
Төтенше жағдайлар министрлігіне – 400 адам;
Мемлекеттік күзет қызметіне – 300 адам жіберіледі.
Алмас Исабековтің айтуынша, шақыру қағазы азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталы арқылы шақырылатын күннен кемінде үш күн бұрын жіберіледі.
“Мұндай хабарлама ресми шақыру қағазы саналады. Сондықтан оны алған азамат әскери комиссариатқа немесе шақыру пунктіне келуге міндетті. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда азамат заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Жағдайға байланысты әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Ал әскерге шақырудан әдейі жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – деді ол.
Қорғаныс министрлігінде әскерге шақырылғандарға көрсетілетін қолдау шаралары бар екені айтылды.
“Оларға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі (кредиттік каникул) беріледі. ҰБТ нәтижесін есепке алмай-ақ жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім гранттарына түсуге мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар әскери қызмет кезінде сарбаздар Қарулы күштердің кіші мамандарды даярлау оқу орталықтарында жұмысшы мамандықтарын меңгере алады”, – деді Исабеков.

.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған...
17/03/2026

.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

.Reddit-те “ең әдемі ту” деген дауыс беруде Қазақстан жеңіске жеткен.Flags of the World турнирі аяқталды. Көк туымыз фин...
16/03/2026

.
Reddit-те “ең әдемі ту” деген дауыс беруде Қазақстан жеңіске жеткен.

Flags of the World турнирі аяқталды. Көк туымыз финалда Кирибатидің (Океаниядағы ел) жалауын басып озды.

Үздік төрттікке мыналар кірді:

🔵 4-орын – Сейшел аралдары🇸🇨
🔵 3-орын – Бутан 🇧🇹
🔵 2-орын – Кирибати 🇰🇮

.Қадір түні – мұсылман үшін ризыққа мол түн. Жер бетіндегі қыбыр еткен тіршілікке Алланың ырыздығы мен несібесі төгілеті...
16/03/2026

.
Қадір түні – мұсылман үшін ризыққа мол түн. Жер бетіндегі қыбыр еткен тіршілікке Алланың ырыздығы мен несібесі төгілетін қаситетті түн қандай мағына береді? Қадір түні туралы не білу керек?
2026 жылы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Қадір түнінің мән-маңызы
Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Осыған байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.

“Қадір” – араб сөзі. Тілдік мағынасы қадірлі, қасиетті, артық-кемі жоқ деген мағыналарға келеді. Ал шариғи терминдік мағынасына “бір жылда болатын істерді белгілеп, соның жазылуына Алла Тағаланың үкім беретін түні” деп анықтама берілген.
Қадір түні не істеу керек

Өкінішке қарай, көбі Қадір түнін жай ғана ұйықтамай қарсы алу жеткілікті деп санайды. Алайда бұл қате түсінік. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауға тиіс.

Қадір түні мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, тілек тілеп, дұға жасап, намаз оқу.
Қасиетті түнді көңіл көтеру орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Ішімдік ішуге, адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, жанжалдасуға, дауласуға тыйым салынады.

Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кешін ұйымдастыруға болмайды. Ал теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдердің орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.

Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате.
Мұсылмандар бұл түнді барынша құлшылықпен, шын жүректен өкініп, күнәлары үшін кешірім сұраумен өткізуге тиіс. Таңға дейін Қасиетті Құран кітабын оқып, дұға жасаған абзал.

Әлеуметтік желілерде «Атыраудың хакері» ретінде танылған Атырау облысының тұрғыны Түркияда ұсталды.Ол бірнеше алаяқтық д...
14/03/2026

Әлеуметтік желілерде «Атыраудың хакері» ретінде танылған Атырау облысының тұрғыны Түркияда ұсталды.

Ол бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген. Курманғазы ауданының тұрғыны адамдарды алдап, 13 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

- Қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты оған сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялаған. Кейін күдікті халықаралық іздеуге жарияланып, ақпанда Түркияда ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы.

Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы ісін өзі «тергеп жатқанын» айтып, түрлі бейнелер жариялап танымал болған.

Address

Aktau

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqtaulive posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share