
06/11/2023
Құрық ауылы ХҚКО (ЦОН) ғимаратында 02.11.2023 жылы сағат 14:00-16:00 аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Рахметов Қайырғали Едігеұлының және жауапты мамандардың қатысуымен ''Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау'' және ''Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру'' мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар сұрақтарын қойып, әлеуметтік, тұрғын үй саласы бойынша консультациялық көмектерін алды.
Алдағы уақытта, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментімен бірлесіп жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады. Қосымша өткізу уақыттары Қарақия ауданы әкімдігі ресми әлеуметтік желілерінде немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімшесінің .qyzmet.qq әлеуметтік желілерінде хабарланады.