06/06/2026
Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайы қызметкерлерінің жұмысына қатысты видео көпшіліктің назарын аударды. Threads платформасында жарияланған кадрларда жүк тиеушілердің жолаушылар сөмкелерін ұқыпты түсіріп жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары мұндай жауапкершілік пен жұмысқа деген адалдықты жоғары бағалап, оң пікірлерін білдіруде.