16/08/2026
Маңғыстау елінің мерейін үстем еткен Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») «Қазақстан Барысы – 2026» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды! 🏆
Астанада өткен дүбірлі додада Жантілек Нұртілепұлы өзінің алғашқы «Қазақстан Барысы» турниріне қатысып, бірден алтын белбеуді қанжығасына байлады.
🔥 Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі Алмас Жұмағалиды жеңіп, финалға жолдама алды.
Ал шешуші белдесуде Жантілек «Қазақстан Барысы – 2023» жеңімпазы, Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбаймен күш сынасты. Тартысты белдесуде маңғыстаулық балуан басым түсіп, елдің басты додасында чемпион атанды!
🏆 Жантілек Нұртілепұлына:
🥇 «Қазақстан Барысы» атағы
🟡 Алтын белбеу
🏺 Ауыспалы «Тайтұяқ» кубогі
💰 15 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталды.
Ең ерекше тұсы — Жантілек Нұртілепұлы алғашқы қатысуында-ақ «Қазақстан Барысы» атанды. Ол биылғы турнирдің ең жас қатысушыларының бірі болды.
👏 Маңғыстау жұрты үшін тарихи жеңіс!
Жантілек, жеңісіңіз құтты болсын!
Ел намысын абыроймен қорғаған «Лабақ батырға» алдағы белестерде де толағай табыс тілейміз! 🇰🇿💪
#ҚазақстанБарысы2026 #Маңғыстау #Ақтау