Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"

Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы" Официальная страница Центра общественных коммуникаций Мангистауской области

Маңғыстау облысының әкімі «Каспий» футболшыларын Премьер-лигаға шығуымен құттықтадыАқтауда спорт маусымының сәтті аяқтал...
18/10/2025

Маңғыстау облысының әкімі «Каспий» футболшыларын Премьер-лигаға шығуымен құттықтады

Ақтауда спорт маусымының сәтті аяқталуына орай «Каспий» футбол клубының ойыншыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, спортшыларды, жаттықтырушыларды және клуб басшылығын құттықтады. Сондай-ақ ол 2025 жылғы үздік жетістіктері үшін марапаттар табыстады.

Облыс әкімі өз сөзінде клубтың жетістігі спорт қауымдастығы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«2025 жыл «Каспий» футбол клубының тарихындағы ең табысты жылдардың бірі ретінде есте қалары сөзсіз. Бір маусымда сіздер үш ірі жетістікке жеттіңіздер: жас қыздар құрамасының жеңісі, «Каспий-Жастар» командасының сенімді ойыны және ең бастысы – негізгі құрамның 31 жылдық үзілістен кейін Премьер-лигаға қайта оралуы. Бұл – ұйымшыл еңбектің, жанқиярлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз Маңғыстау жастарына шабыт беріп, спорттың болашағына деген сенімді арттырды», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

2025 жылғы маусымда ақтаулық клуб Қазақстанның Бірінші лигасында жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын Премьер-лигаға жолдама алды. Шешуші сәт 25-турда өз алаңында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матчта тіркелді. Кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталып, «Каспий» 65 ұпаймен көш бастады. Екінші орында – «Ертіс» (58 ұпай), үшінші орында – «Шахтер» (50 ұпай).

Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік – спорт инфрақұрылымын дамытуға, жас таланттарды қолдауға және өңірдегі футбол дәстүрін нығайтуға бағытталған көпжылдық жүйелі еңбектің нәтижесі.

Сонымен қатар клубтың 2009-2010 жылы туған жас спортшы қыздары ZHULDYZ LEAGUE B DIVISION чемпионатында үшінші орын иеленіп, жаңа буын футболшы қыздарға үлгі болды. Ал биыл құрылған «Каспий-Жастар» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Батыс конференциясының вице-чемпионы атанды.

2025 жыл маңғыстаулық футбол тарихында жаңа дәуірдің бастауы болды.

«Каспий» футбол клубы алдағы уақытта да өз позициясын нығайтып, жастар құрамаларын дамытып, жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуанта бермек.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

***

Аким Мангистауской области поздравил футболистов «Каспия» с выходом в Премьер-Лигу

В Актау состоялась торжественная церемония чествования футболистов клуба «Каспий», приуроченная к успешному завершению спортивного сезона.

В мероприятии принял участие аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай, который поздравил спортсменов, тренерский штаб и руководство клуба, а также вручил им заслуженные награды за выдающиеся достижения 2025 года.

Аким области отметил, что успехи клуба стали важным событием не только для спортивного сообщества, но и для всего региона:

«2025 год по праву войдёт в историю как один из самых успешных в жизни футбольного клуба “Каспий”. За один сезон вы добились трёх крупных достижений: побед юных девушек, уверенного выступления команды “Каспий-Жастар” и, самое главное, возвращения основного состава в Премьер-Лигу после 31 года ожидания. Это результат сплочённой работы, самоотверженности и большой любви к родному краю. Ваша победа вдохновляет молодёжь Мангистау и укрепляет веру в будущее нашего спорта», — подчеркнул Нурдаулет Килыбай.

Актауский клуб официально оформил победу в Первой лиге Казахстана сезона-2025, досрочно обеспечив себе выход в Казахстанскую Премьер-Лигу.
Решающим стал домашний матч 25-го тура против карагандинского «Шахтёра», завершившийся со счётом 3:2 в пользу хозяев поля.
Благодаря этой победе «Каспий» набрал 65 очков и стал недосягаем для преследователей: второе место занимает «Иртыш» (58 очков), третье — «Шахтёр» (50).

В клубе отметили, что команда проделала огромный путь и заслуженно возвращается в элиту отечественного футбола.
Этот успех стал результатом многолетней системной работы по развитию спортивной инфраструктуры, поддержке молодых талантов и укреплению футбольных традиций региона.

Юные спортсменки клуба заняли третье место в чемпионате ZHULDYZ LEAGUE B DIVISION среди девушек 2009–2010 годов рождения, став примером для нового поколения футболисток. Молодёжная команда «Каспий-Жастар», созданная в этом году, проявила высокий уровень подготовки и стала вице-чемпионом Западной конференции.

2025 год стал не просто годом спортивных побед, а началом новой эпохи в истории мангистаусского футбола.
Футбольный клуб «Каспий» продолжит укреплять позиции, развивать молодежные команды и радовать болельщиков новыми достижениями.

Пресс-служба акима Мангистауской области

Аким Мангистауской области Нурдәулет Килыбай поздравил спасателей региона с профессиональным праздникомСегодня, 18 октяб...
18/10/2025

Аким Мангистауской области Нурдәулет Килыбай поздравил спасателей региона с профессиональным праздником

Сегодня, 18 октября, в Актау состоялось торжественное собрание, посвящённое 30-летию Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и Дню спасателя.

В мероприятии приняли участие аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай, ветераны и сотрудники органов по чрезвычайным ситуациям, представители правоохранительных и государственных органов, а также родственники граждан, погибших при исполнении служебного долга.

Аким региона Нурдаулет Килыбай поздравил собравшихся с профессиональным праздником, выразив тёплые пожелания спасателям, добросовестно исполняющим свой служебный долг. Он также подчеркнул важность роли и труда спасателей в обществе.

«Глава государства всегда высоко оценивает труд граждан, обеспечивающих безопасность страны. Со своей стороны мы также проводим системную работу по улучшению условий вашей службы, укреплению материально-технической базы. Мы безмерно благодарны за ваш самоотверженный труд. Вы, не считаясь со временем суток, зимой и летом, в дождь и буран, рискуете своей жизнью ради блага людей. В Мангистау проживает более 800 тысяч человек, и я бы сказал, что в каждом из них живёт дух спасателя. Ведь если чрезвычайная ситуация случится в соседнем регионе или даже в другой стране, наши жители вместе с вами готовы плечом к плечу прийти на помощь. Поздравляю вас с профессиональным праздником!» — сказал аким области.

В рамках праздника ряд сотрудников и ветеранов были награждены благодарственными письмами акима Мангистауской области, а также юбилейными медалями и почётными грамотами Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

Пресс-служба акима Мангистауской области

18/10/2025

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір құтқарушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін, 18 қазан күні Ақтауда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, төтенше жағдайлар органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан азаматтардың туыстары қатысты.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтік борышын адал атқарып жүрген құтқарушыларға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ құтқарушылардың қоғамдағы рөлі мен еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың еңбегін әрдайым жоғары бағалайды. Біз де өз тарапымыздан сіздердің қызмет жағдайларыңызды жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеміз. Ерен еңбектеріңізге айтар алғысымыз шексіз. Сіздер күн-түн демей, қыс-жазға, жауын-шашын мен боранға қарамастан, өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, халық игілігі үшін қызмет етесіздер. Маңғыстауда 800 мыңнан астам тұрғын болса, мен солардың әрқайсысын жүрегінде құтқарушы рухы бар жандар дер едім. Себебі төтенше жағдайда көрші өңірде немесе тіпті өзге елде қиындық туындаса да, сіздермен бірге халық та иық тірестіре әрекет етуге дайын. Төл мерекелеріңіз құтты болсын!» – деді облыс әкімі.

Мерекеге орай бірқатар қызметкер мен ардагер Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мерекелік медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

📌19 қазан құтқарушылар күні
18/10/2025

📌19 қазан құтқарушылар күні

18/10/2025

📌18 октября - день работников лесного хозяйства

📌Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні құтты болсын!
18/10/2025

📌Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні құтты болсын!

18/10/2025

📌18 қазан - орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Маңғыстаулық әлем чемпионы бапкеріне пәтер тарту еттіМаңғыстаулық спортшы, әмбебап жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы...
18/10/2025

Маңғыстаулық әлем чемпионы бапкеріне пәтер тарту етті

Маңғыстаулық спортшы, әмбебап жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Нұрсұлтан Жұбатқан өзіне сыйланған пәтерді бапкеріне тарту етті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Күні кеше жеке кәсіпкер Сәкен Төребаев чемпионның табысты жетістіктері мен ел намысын жоғары деңгейде қорғағаны үшін оған сый ретінде Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтер тарту еткен болатын.

- Менің барлық жетістігімде бапкерімнің еңбегінің үлесі зор. Ең алдымен сол кісінің тәлімі мен сенімі болмағанда, мен бұл биіктерге жете алмас едім. Сондықтан осы сыйды ең әуелі соған арнаймын, – деді Нұрсұлтан Жұбатқан.

Спортшының бапкері өз шәкіртіне алғысын білдірді.

Бұл оқиға қазақ жастарына үлгі боларлық өнеге. Себебі спортта биік шыңды бағындыру тек жеке талпыныс емес, ұстаз бен шәкірттің бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін маңғыстаулық «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Нұрсұлтан Жұбатқан тағы бір дәлелдеді.

***

Мангистауский чемпион мира подарил квартиру своему тренеру

Спортсмен из Мангистау, двукратный чемпион мира по универсальному бою Нурсултан Жубаткан, подарил своему тренеру квартиру, которая ранее была вручена ему в качестве подарка, сообщает Центр общественный коммуникаций.

Накануне частный предприниматель Сакен Туребаев преподнёс чемпиону в подарок однокомнатную квартиру в Актау за его успешные достижения и достойное представление страны на международной арене.

— Во всех моих победах огромная заслуга моего тренера. Если бы не его наставления и вера в меня, я бы не достиг таких высот. Поэтому этот подарок я посвящаю прежде всего ему, — сказал Нурсултан Жубаткан.

Тренер спортсмена выразил благодарность своему воспитаннику.

Эта история стала примером для казахстанской молодежи, ведь достижение высоких результатов в спорте — это не только личное стремление, но и плод совместного, упорного труда учителя и ученика, что еще раз доказал спортсмен из мангистаусской спортивной школы «Жас Батыр» Нурсултан Жубаткан.

Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы туристік байланысты нығайту жоспарландыМаңғыстау облысының туризм басқармасы мен...
18/10/2025

Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы туристік байланысты нығайту жоспарланды

Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының бірлесуімен Жапонияның жетекші он туроператоры үшін таныстыру сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Бұл сапар – туристер санын арттыру және өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.

Жапон делегациясымен кездесу Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың төрағалығымен өтті. Басқосу барысында екі тарап туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегі мен Маңғыстау өңірін жапондық туристік компаниялардың саяхат бағдарына енгізу мүмкіндігін талқылады.

Сапар барысында жапон делегациясы өкілдері Бозжыра, Шерқала, Қызылкүп шатқалы, сондай-ақ Каспий теңізі жағалауы сынды Маңғыстаудың көрікті табиғи орындарын аралап, өңірдің мәдени мұрасымен танысты.

Сондай-ақ кездесуде халықаралық әріптестікті дамыту мен Азия нарығымен, әсіресе Жапониямен серіктестікті нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Жапон туристері үшін Маңғыстау облысы – туристік әлеуеті жоғары жаңа бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірін қамтитын жаңа туристік бағыттар мен бағдарламалар әзірленеді деп күтілуде.

***

Планируется укрепление туристических связей между Мангистаусской областью и Японией

Департамент туризма Мангистауской области совместно с национальной компанией «Kazakh Tourism» акционерное общество организовали ознакомительный тур для десяти ведущих туроператоров Японии, сообщает Центр общественных коммуникаций.

Эта поездка является частью системной работы, направленной на увеличение потока туристов и продвижение туристического потенциала региона на международном уровне.

Встреча с японской делегацией прошла под председательством заместителя акима Мангистауской области Аббата Урисбаева. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы сотрудничества в сфере туризма, а также возможность включения Мангистауского региона в туристические маршруты японских компаний.

Во время поездки представители японской делегации посетили живописные природные достопримечательности Мангистау — Бозжыра, Шеркала, каньон Кызылкуп, а также побережье Каспийского моря — и познакомились с культурным наследием региона.

Особое внимание на встрече было уделено развитию международного партнерства и укреплению сотрудничества с азиатским рынком, в частности с Японией. Для японских туристов Мангистауская область рассматривается как одно из новых перспективных направлений с высоким туристическим потенциалом.

По итогам визита ожидается разработка новых туристических маршрутов и программ, охватывающих Мангистауский регион.

Address

Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Telephone

+77292310352

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы":

Share

Маңғыстау облысының “Қоғамдық коммуникация орталығы”

“Центр общественных коммуникаций” Мангистауской области