Factcheck.kz қазақша

Factcheck.kz қазақша Factcheck.kz сайтының қазақ тіліндегі парақшасы. Ақпараттың және мәлімдемелердің рас-өтірігін тексеретін ресурс.

11/09/2026

Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желіде «Қытайға енді сақалмен кіргізбейді» деген бірнеше видео жарияланды. 3 қыркүйекте roman_asaba есімді Instagram қолданушы Қытайға барған сапарын баяндап, шекарада сақалын қырғанын айтты, дәл сол күні kazakh.auto.logistics аккаунты да Қытайға сақалмен кіргізбеітінін жазды. Осы кейін түрлі сайт ақпарат таратып, халық арасында алаңдаушылық пайда болды. Аталған ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрдік. Каналға тіркел, видеоны бөліс.

#сақал #Қытай #заң #Қазақстан

Индонезиядағы жанартау атқылаған видео – фейкИндонезиядағы Анак-Кракатау жанартауы атқылап жатқаны бейнеленген видео тар...
11/09/2026

Индонезиядағы жанартау атқылаған видео – фейк

Индонезиядағы Анак-Кракатау жанартауы атқылап жатқаны бейнеленген видео тарады, алайда ол – фейк.
Әлеуметтік желіде Индонезияда болған жанартаудың видеосы тарап жатыр. Видеода Анак-Кракатау жанартауы бірнеше рет тіке атқылап, адамдар жан-жаққа қашып, бой тасалағаны көрінеді. Видео қазақстандық парақшаларда лезде тарап, мыңдаған көрілім жиналып үлгерді.
Factcheck.kz редакциясы видеоның қаншалықты рас екенін тексеруді жөн көрді.

ҮКІМ: ФЕЙК

Видео жасанды интеллект көмегімен жасалған. Мұның бірнеше белгісін байқауға болады. Мысалы, видеода адамдар жанартауға тым жақын тұр, ал шын мәнінде Анак-Кракатау жанартауы елсіз аралда орналасқан.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/indoneziyadagy-zhanartau-atqylagan-video-feyk

Индонезиядағы Анак-Кракатау жанартауы атқылап жатқаны бейнеленген видео тарады, алайда ол – фейк.

10/09/2026

Threads-те Қазақстанның атеисттік елдердің қатарына кіргендігі талқыланып жатыр. Қолданушылардың айтуынша, еліміздің тең жартысы, яғни 49%-і атеист. Дегенмен бұл ақпаратта күмән тудыратын тұстары көп. Аталған ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрдік. Каналға тіркел, видеоны бөліс.

#атеизм #халық #дін #Қазақстан

The New York Times Украина аумағын бөлу шарттарын жариялады ма?Әлеуметтік желілерде The New York Times (NYT) газеті АҚШ ...
10/09/2026

The New York Times Украина аумағын бөлу шарттарын жариялады ма?

Әлеуметтік желілерде The New York Times (NYT) газеті АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресейдің Украинада бейбітшілік орнатуға байланысты қойып отырған шарттарын жариялады деген жаңалық тарады. Онда Украинаның аумағын бөлу бейнеленген карта қоса берілген. Жазбада жоспарға сай Донбасстағы төрт өңір мен Одесса Ресейге өтеді, Киев теңізге шығар жолдан айырылады, НАТО Украина аумағына кіре алмайды, Беларусь Калининградпен байланысады, ал Украинаның батысындағы аумақтың бір бөлігі Польша, Венгрия мен Румынияға өтеді делінген.
The New York Times расында да осындай хабар таратты ма, Factcheck.kz редакциясы тексеріп көрді.

ҮКІМ: ФЕЙК

The New York Times газетінде мұндай шарттар берілген жазба жарияланған жоқ, ал карта жасанды интеллект көмегімен жасалған.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/the-new-york-times-ukraina-aumagyn-bolu-sharttaryn-zhariyalagan-zhoq

Журналистика мен белсенділіктің шекарасы қай жерде бұзылады?Егер журналист қоғамдағы әділетсіздікті көре тұра, оны ашық ...
09/09/2026

Журналистика мен белсенділіктің шекарасы қай жерде бұзылады?

Егер журналист қоғамдағы әділетсіздікті көре тұра, оны ашық айтса, журналист болып қала ма, әлде белсендіге айнала ма? Баспасөзге қысым жасалған жағдайда оған қарсылық білдіріп пикетке шығу кәсіби стандартқа қайшы ма? Бұл мәселені Қазақстан жағдайында бөлек қарастыру қажет пе? Factcheck.kz осы тақырыпты тарқатады.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/zhurnalistika-men-belsendiliktin-shekarasy-qay-zherde-buzylady

Егер журналист қоғамдағы әділетсіздікті көре тұра, оны ашық айтса, журналист болып қала ма, әлде белсендіге айнала ма? Баспасөзге қысым жасалған жағдайда оған қарс...

iPhone қорабына қуаттағыш пен құлаққап қайтадан салына бастай ма?ҮКІМ: САТИРАApple компаниясы да, Тернус мырза да мұндай...
09/09/2026

iPhone қорабына қуаттағыш пен құлаққап қайтадан салына бастай ма?

ҮКІМ: САТИРА

Apple компаниясы да, Тернус мырза да мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Ақпаратты ешқандай сенімді дереккөз растамайды. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, мұндай хабарлама Х әлеуметтік желісіндегі пародия жасайтын аккаунтта пайда болған, артынша басқа пабликтер тиісті контексті көрсетпей тарата бастаған.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/iphone-qorabyna-quattagysh-pen-qulaqqap-qaytadan-salyna-bastay-ma

Бішкектегі стадионның құны 60 млн долларҮКІМ: ЖАЛҒАНАстанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы 3 600 орын стадионға байланысты е...
09/09/2026

Бішкектегі стадионның құны 60 млн доллар

ҮКІМ: ЖАЛҒАН

Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы 3 600 орын стадионға байланысты екі тендер жариялан. Келісім-шарттардың жалпы сомасы 17 млдр теңгеге (37 млн доллар) жуықтайды. Желідегі бұл ақпарат рас. Десе де Бішкектегі стадион 60 млн долларға салынғаны жалған. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы стадион құны 386 млн доллар болғаны туралы жазды. Ал 60 млн доллар деген жоспар деңгейінде айтылған сома.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/bishkektegi-stadionnyn-quny-60-mln-dollar-ekeni-zhalgan

C5-тен C6-ға: Әзербайжан Орталық Азиядағы күштер арақатынасын қалай өзгертіп жатыр«Орталық Азия және Әзербайжан» форматы...
08/09/2026

C5-тен C6-ға: Әзербайжан Орталық Азиядағы күштер арақатынасын қалай өзгертіп жатыр

«Орталық Азия және Әзербайжан» форматы деген не, ол қалай және неліктен пайда болды әрі нені өзгерте алады — JAMnews материалында жазылған.

2025 жылғы 16 қарашада Ташкентте Орталық Азияның бес мемлекеті Әзербайжанды Мемлекет басшыларының консультативтік кездесулері форматының толыққанды қатысушысы ретінде қабылдады. Сегіз ай өткен соң, 31 шілдеде Шолпан-Атада өткен бейресми саммитте Ильхам Әлиев алғаш рет үстел басына қонақ емес, тең құқылы алты қатысушының бірі ретінде жайғасты.

Енді бұл формат ресми түрде «Орталық Азия және Әзербайжан» деп аталады, ал «C6» белгісі сарапшылардың сөздік қорына еніп, конференцияларда қолданыла бастады.

Бұл өзгеріс Орталық Азияның саяси және экономикалық ынтымақтастық кеңістігін Каспийдің батыс жағалауына дейін кеңейтіп, Әзербайжанды сыртқы серіктестен өңірді Түркиямен және Еуропамен байланыстыратын бағдардың толыққанды қатысушысына айналдырады.

JAMnews басылымы мұндай форматтың қалай және неліктен пайда болғанын әрі оның нені өзгерте алатынын баяндайды. Factcheck.kz серіктестер материалын бөлісіп отыр.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/c5-ten-c6-ga-azerbayzhan-ortalyq-aziyadagy-kushter-araqatynasyn-qalay-ozgertip-zhatyr

«Орталық Азия және Әзербайжан» форматы деген не, ол қалай және неліктен пайда болды әрі нені өзгерте алады — JAMnews материалында жазылған.

«Ресейге шақыратындай, Қазақстан президенті емеспін…»: Никол Пашинянға айтпаған сөзді «айтқызды»Кейінгі күндері әлеуметт...
07/09/2026

«Ресейге шақыратындай, Қазақстан президенті емеспін…»: Никол Пашинянға айтпаған сөзді «айтқызды»

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты дейтін хабарламалар тарады:

«Ресейге шақыратындай, мен Қазақстанның президенті емеспін. Біз қазақтар сияқты бай емеспіз, жылына төрт референдум өткізе алмаймыз. Олар қалай Арменияны референдум өткізуге мәжбүрлемек?».

Бұл сөз әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті, ал алғашқы болып жариялаған дереккөздегі жазбаны «мыңдаған» адам ұнатып, қыруар пікір жазылды.

Никол Пашинян расымен де сөйтіп айтты ма, Factcheck.kz редакциясы тексеріп көрді.

Толығырақ - https://factcheck.kz/kz/articles/reseyge-shaqyratynday-qazaqstan-prezidenti-emespin-nikol-pashinyanga-aytpagan-sozdi-aytqyzdy

Армения премьер-министрі Тоқаев туралы мұндай пікір айтқан жоқ және армяндарды «бай қазақтармен» салыстырмады.

Ұлттық қор: бүгін жарата береміз бе, әлде болашаққа сақтаймыз ба?Қазақстан 2008 жылдан бері қарай мұнайдан түсетін табыс...
07/09/2026

Ұлттық қор: бүгін жарата береміз бе, әлде болашаққа сақтаймыз ба?

Қазақстан 2008 жылдан бері қарай мұнайдан түсетін табысты Норвегия сияқты принциппен пайдаланған болса, Ұлттық қордағы актив қазіргідей 63,9 млрд доллар емес, шамамен 205 млрд долларға жетіп қалар еді. 2025 жылғы кіріс 15,1% болғанын ескерсек, бұл капитал жылына 31 млрд долларға жуық инвестициялық табыс әкелер еді, бұл — республика көлеміндегі жылдық салық түсіміне тең сома.

Толығырақ🌐 -

Қазақстан 2008 жылдан бері қарай мұнайдан түсетін табысты Норвегия сияқты принциппен пайдаланған болса, Ұлттық қордағы актив қазіргідей 63,9 млрд доллар емес, шамаме....

Address

Alma-Ata

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Factcheck.kz қазақша posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Factcheck.kz қазақша:

Shortcuts

Share