Tabigat Media

Directions Website Contact the business

Tabigat Media Tabigat Media — онлайн-журнал АСБК о природе.

25/08/2026

Өрмекшілер кесірткені де аулап жейді екен! 🦎

Эндрю Гарфилд түскен «The Amazing Spider-Man» фильмін көрсеңіздер, өрмекші адам кесірткеге айналған доктор Коннорсты өрмегімен қалай шырмап орап тастағаны естеріңізде ме?

Біз фильмнің дәл осы сәтіне ұқсас жабайы табиғатта түсірілген видео тауып алдық. Бұнда аргиопа туысына жататын өрмекшінің аулағыш торына кесіртке түсіп қалыпты. Жасырын жатқан жерінен өрмекші жетіп келеді де, олжасын шырмап алып, жансыздандырады.

🕷️ Видеодағы өрмекші — шеңберші тұқымдас. Ағылшынша orb-weaver spider деп, ал орысша паук-кругопряд деп аталады. Қазақшаласақ, шеңберші өрмекші деп атауға болар еді. Себебі ол өрмегін, расымен, шеңберге ұқсатып тоқиды.

📹 Ronit Vasani | © Columbia Pictures / Sony Pictures

#өрмекші #өрмекшіадам

21/07/2026

❗️ Аңшыларға құлаққағыс: Қазақстанда енді дрон ұшырып, түнде көретін аспап салып аңға шығуға тыйым салынды.

🔗 Толығырақ tabigat.media сайтынан оқыңыз.

#аңшылық #қазақстан #охота

Бір балыққа таласқан екі жыртқыш 🎣Құндыз бен Америка қаракүзенін балықшылар мен аңшылар көп шатастырып жатады. Себебі ек...
26/02/2026

Бір балыққа таласқан екі жыртқыш 🎣

Құндыз бен Америка қаракүзенін балықшылар мен аңшылар көп шатастырып жатады. Себебі екеуі де жартылай суда тіршілік етеді, негізгі қорегі — балық. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында құндыз бен қаракүзенді бір судан көруге болады. Содан да кейбір аңшылар қаракүзенді көрдім деп құндызды атып жіберуі мүмкін.

🦦 Қазақстанда өзен құндызының екі түршесі мекендейді: Оңтүстік Алтайда солтүстік түршесі, ал Жетісу және Іле Алатауларында ортаазиялық түршесі таралған.

📕 Ортаазиялық құндыз мемлекеттік дәрежеде қорғалады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін ескеру керек ❗️

🌎 Ал қаракүзен — Қазақстанға жат аң. Еуразия құрлығына алғаш рет 1928 жылы әкелініп, ең алдымен аң фермаларында өсірілді. Әбден көндіккеннен кейін Шығыс Қазақстан жеріне тез таралып кетті. Оны кейде «сукүзен» деп те атайды.

🎯 Америка қаракүзені — лицензиясы бар аңшыларға атуға рұқсат берілген жануарлардың бірі. Оның инвазивтігін де атап өтпей кетуге болмайды. Ол жергілікті жануарлармен азыққа таласып, оларды туған жерінен ығыстырады. Мәселен, Еуропа қаракүзенінің жойылып кетуінің бірден-бір басты себебі — Америка қаракүзенінің тез таралып кеткені болып отыр.

#қаракүзен #құндыз

Италия биылғы қысқы олимпиада талисманы етіп аққіс деген жануарды таңдаған. Ақкіс біреу емес, екеу: әпкелі-інілі Тина ме...
26/02/2026

Италия биылғы қысқы олимпиада талисманы етіп аққіс деген жануарды таңдаған. Ақкіс біреу емес, екеу: әпкелі-інілі Тина мен Мило. Тина ақ түсті, ал Мило — қоңыр түсті ақкіс.

Италияда өтіп жатқан олимпиада талисмандары — ақкіс пен бәйшешек Қазақстанда да кездесе ме?

Благодаря разнообразию природных зон — от высокогорий до степей и пустынь — на территории Казахстан встречаются редкие и...
26/02/2026

Благодаря разнообразию природных зон — от высокогорий до степей и пустынь — на территории Казахстан встречаются редкие и неожиданные животные. Среди них — леопард, росомаха, дикобраз, выдра, манул, медоед, варан и даже саламандра лягушкозуб, о существовании которых многие не задумываются.

Не только волк, лиса и заяц. Росомаха, леопард, варан и другие обитатели казахской земли.

🇰🇿 Қазақстандағы тіршілігі суға тәуелді сүтқоректілер 🐾🏞️Бұл жануарлардың тіршілігі тікелей суға байланған. Сулы-сазды а...
24/02/2026

🇰🇿 Қазақстандағы тіршілігі суға тәуелді сүтқоректілер 🐾🏞️

Бұл жануарлардың тіршілігі тікелей суға байланған. Сулы-сазды алқаптар құрып кетсе, бұларға да қауіп төнеді

Қазақстандағы 2026 жыл құсы деп қара сайрақ (Turdus merula) танылды.Қара сайрақ Қазақстанның батысында қыстаса, оңтүстіг...
29/01/2026

Қазақстандағы 2026 жыл құсы деп қара сайрақ (Turdus merula) танылды.

Қара сайрақ Қазақстанның батысында қыстаса, оңтүстігі мен шығысында отырықшы құс болып мекендейді. Бұл дегеніміз — басқа сайрақтарға қарағанда қыста жылы жаққа жылыстап ұшып кетпейді.

20-ғасырдың басында қара сайрақ Алматы қаласында сирек болған. Тіпті 70 жыл бұрын негізінен қала шетіндегі жасыл аймақтарда ұя салған, ал қала орталығында арагідік кездесіп тұрған. Тек 60-жылдардың соңына қарай ғана қаланың бүкіл аумағына таралып, сыбызғының үніндей даусына бола қала тұрғындарының сүйікті құсына айналып үлгерді.

Толығырақ:

Қазақстанда 2026 жыл құсы анықталды, ол — қара сайрақ (Turdus merula)

Чёрный дрозд стал Птице года 2026 в Казахстане!Это хорошо знакомая многим птица, обитающая в лесах, парках и городских з...
29/01/2026

Чёрный дрозд стал Птице года 2026 в Казахстане!

Это хорошо знакомая многим птица, обитающая в лесах, парках и городских зелёных зонах. Это единственный оседлый вид дроздов в Казахстане: он не улетает на зиму и круглый год остаётся рядом с человеком.

Ежегодно в Казахстане для привлечения внимания к сохранению птиц выбирают главную птицу года, в 2026 году ею стал чёрный дрозд

Қазақстанда қауіпті УЛЫ жылан табылды!Маңғыстау облысының оңтүстігінен былтыр мамандар әлемдегі ең қауіпті жыланның бірі...
11/01/2026

Қазақстанда қауіпті УЛЫ жылан табылды!

Маңғыстау облысының оңтүстігінен былтыр мамандар әлемдегі ең қауіпті жыланның бірін тауып алды. Ол — құмдауыт атпажылан (Песчаная эфа).

Бұл — Қазақстан фаунасы үшін маңызы зор оқиға. Елімізде жыланның 18 түрі тіркелген. Ал жаңадан табылған атпажылан он тоғызыншы түр боп тіркелуі мүмкін.

Толығырақ:

Маңғыстау облысының оңтүстігінде Қазақстанда бұрын-соңды кездеспеген улы жылан табылды

Address

Ходжанова 67
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 10:00 - 18:00
Tuesday 10:00 - 18:00
Wednesday 10:00 - 18:00
Thursday 10:00 - 17:00
Friday 10:00 - 17:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Tabigat Media posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Tabigat Media:

Shortcuts

Share

Category