Qazaq Media Association

Qazaq Media Association «Qazaq Media Association» медиа саласындағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің бірлестігі

02/02/2024

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық баспасөз күнімен құттықтады.

"Құрметті баспасөз қызметкерлері!
Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті. Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді. Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін".

10/07/2023

Мемлекет басшысы «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Абай Мырза: "Қазақ" газеті салалық журналистика тұрғысынан зерттелсе деймін"
10/07/2023

Абай Мырза: "Қазақ" газеті салалық журналистика тұрғысынан зерттелсе деймін"

"Қазақ" газеті салалық журналистика тұрғысынан зерттелсе деймін" | “Адырна” ұлттық порталы

2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілдіСүйінші жаңалықты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli фе...
30/06/2023

2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді

Сүйінші жаңалықты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli фейсбук парақшасында жазды.

"Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды.
Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді. Енді міне, журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы күн белгіленіп отыр", деп жазды министр.

Ұлттық баспасөз күні құтты болсын!

Мектептерде газетке жазылуға тыйым салды – Ертай Айғалиұлы
23/06/2023

Мектептерде газетке жазылуға тыйым салды – Ертай Айғалиұлы

«Қазақ Медиа Ассоциациясы» ЗТжЖКБ ұйымдастыруымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Қазақ» газеті ж....

Думан Анаш: Қазір баспасөзге жарнама берілмейді
23/06/2023

Думан Анаш: Қазір баспасөзге жарнама берілмейді

«Қазақ Медиа Ассоциациясы» ЗТжЖКБ ұйымдастыруымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Қазақ» газеті ж....

nege.kz: «Қазақ» газеті – 110 жыл: «Қазақ» газеті және ұлттық баспасөз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
23/06/2023

nege.kz: «Қазақ» газеті – 110 жыл: «Қазақ» газеті және ұлттық баспасөз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Қазақ Медиа Ассоциациясы» ЗТжЖКБ ұйымдастыруымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Қазақ» газеті ж....

Алматыда Qazaq Media Association ұйымдастыруымен "Қазақ" газеті және ұлттық баспасөз" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтіп ...
23/06/2023

Алматыда Qazaq Media Association ұйымдастыруымен "Қазақ" газеті және ұлттық баспасөз" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтіп жатыр.

#Қазақгазеті110

#Қазақмедиақауымдастығы
#медиа

Аңдатпа!«Қазақ» газетіне 110 жыл! 23 маусым күні «Қазақ Медиа қауымдастығы» ЗТБжЖК ұйымдастыруымен «Қазақ» газеті және ұ...
22/06/2023

Аңдатпа!
«Қазақ» газетіне 110 жыл!
23 маусым күні «Қазақ Медиа қауымдастығы» ЗТБжЖК ұйымдастыруымен «Қазақ» газеті және ұлттық баспасөз» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.
Қосымша ақпарат үшін: +7 747 844 6070

20/01/2023

⚡️ Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс.

Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те жазды.

⚡️ БАҚ қоғамды ағартып, жалған ақпараттан қорғауы керек, ағартушылық, білім беру рөлін атқаруы керек - Түркияның 11-ші п...
26/12/2022

⚡️ БАҚ қоғамды ағартып, жалған ақпараттан қорғауы керек, ағартушылық, білім беру рөлін атқаруы керек - Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл

"Жасанды интеллект пен үлкен деректердің арқасында БАҚ жаңа технологияда артықшылыққа ие бола алады, оларсыз қазіргі өмірді елестете алмаймыз. Осылайша, біз бұл технологияларды қоғам игілігі үшін пайдалануымыз керек, құқықбұзушылық пен киберқылмысқа жол бермеуіміз керек. Осылайша, әлеуметтік желілерде араздықты, жалған ақпаратты себуге тырысудың алдын алу қажет. Сонымен бірге, үкіметтер еркін, ашық бұқаралық ақпарат құралдарынан қорықпауы керек. Еркін БАҚ есеп беру, ашықтық үшін өздері күреседі және дұрыс басқаруға ықпал етеді. Жаһандық маңыздылығын көрсететін Орталық Азия елдері әлем бостандығымен бір толқында болатын БАҚ-ты дамытуы керек. Осылайша, бұл бізді болашаққа дайындайды", - деді Түркияның экс-президенті І Орталық Азия медиафорумы барысында.

⚡️Қазақстандық БАҚ саласында 1 700-ге жуық жуық әйел басшылық қызметте жұмыс істейдіБұл туралы І Орталық Азия медиа фору...
26/12/2022

⚡️Қазақстандық БАҚ саласында 1 700-ге жуық жуық әйел басшылық қызметте жұмыс істейді

Бұл туралы І Орталық Азия медиа форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты.

«Бұл Қазақстандағы БАҚ-тың жалпы үлесінің шамамен 32 пайызын құрайды. Олардың ішінде жетекші республикалық телеарналардың газеттер мен интернет ресурстарға жетекшілік етіп отырған әйелдер бар», - деді Аида Ғалымқызы.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

⚡️️ Белгілі журналист Руслан Желдібай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 33 жастағы Р...
14/04/2022

⚡️️ Белгілі журналист Руслан Желдібай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

33 жастағы Руслан Желдібай 14 ақпаннан бері премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болған.

Оған дейін екі жылға жуық Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. Оған дейін бірнеше жыл мемлекеттік арналарда түрлі қызмет атқарды.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.

Qazaq Media Association атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Абыройлы қызмет етуге тілектеспіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр. Бұл туралы Үк...
18/03/2022

Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлім етті.

https://www.inform.kz/kz/bak-turaly-zan-kogamdyk-zhane-saraptamalyk-talkylau-negizinde-kayta-karalady-ministr_a3912985

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ...

13/01/2022

Қазақ медиа қауымдастығынан ҚР президенті мен үкіметіне үндеу!

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға
Қазақстан Республикасының премьер-министрі
Әлихан Смайлов мырзаға
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Асқар Умаров мырзаға

Қазір қоғамда төтенше жағдайлардан, қантөгісті оқиғалардан кейін біздің құқық қорғау орындарының көп жағдайда асыра сілтеуге, тек айыптау мен жазалауға барып жатқаны жиі айтылып жатыр.

Ал мұның қоғамда, халықаралық деңгейде теріс пікір туғызатынын, халықтың наразылығын қайтадан өршітетінін, тіпті халық пен күштік құрлымдардың арасына жік салатынын ескере бермейтіні өкінішті.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда көрсетілгеніндей, журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға құқылы.

Еліміздің әртүрлі аймақтарында болған, мыңдаған адамдар қатысқан жиындардан, митингілерен ақпарат таратқан, кәсіби міндеттерін атқарған журналистер мен блогерлер заңмен қорғалуы тиіс.

Журналистердің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау ҚР заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын біле тұра, полиция, прокуратура қызметкерлері журналистердің жұмысына кедергі келтіруге, өзінің азаматтық көзқарасын ашық айтқаны үшін қудалауға ұшыратуы бұрыннан жалғасып келе жатыр.

«Еститін мемлекет» қағидасына сай осы кереғарлықа тосқауыл қойылса. Ескіден қалған бұл әдетті тоқтатпайынша, шынайы сөз бостандығына, демократияға жол ашылмайды.

Осы ретте Алматыда және көп қалаларда болған бейбіт шерулерге жеке азаматтық ұстанымын көрсетіп қатысқан және де шерулер барысынан хабар таратып, өзінің кәсіби қызметін істеген журналистер арасында қамауға алынған әріптестеріміз туралы аймақтардан хабарлар келіп жатыр. Бұл – журналистер қауымын алаңдатып отыр.

Елімізде болған оқиғалар кезінде өзінің кәсіби қызметі барысында және жеке азаматтық көзқарасын бейбіт білдіру кезінде ұсталған журналистерге қатысты істердің әділ тергелуін сұраймыз!

Егер қамау алынған журналистерге қандай да бір айып тағылмаған болса, ұстау мерзімі 48 сағаттан асса, олардың дереу босатылуын талап етеміз!

Елде болған оқиғалар кезінде ұсталған журналистер тағдырына уәкілетті орган – ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің араша түсуін және оларға қатысты қозғалған істердің әділ әрі ашық болуын назарында ұстауын өтінеміз!

Барша әріптестер мен БАҚ-ты оқиғалар кезінде ұсталған әріптестерімізді қолдауға шақырамыз!

“Қазақ Медиа Ассосациясы” заңды тұлғалар бірлестігі
Бірлестік құрамына енетін БАҚ басшылары:

dalanews.kz
7kun.kz
malim.kz
arasha.kz
qazaqtimes.kz
baribar.kz
abai.kz
adyrna.kz
ult.kz
Bugin.kz
Kznews.kz

Address

Достык 105
Almaty
050000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qazaq Media Association posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Qazaq Media Association:

Share