Қазақ шежіресі

Қазақ шежіресі Қазақ рулары
Ұлы тұлғалар
Қазақ тарихы
Салт-дәстүрлер
Кәдесыйлар .kz

Адай руынан шыққан батырлар қазақ тарихында ерекше орын алады. Олар елін қорғап, ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар...
20/11/2024

Адай руынан шыққан батырлар қазақ тарихында ерекше орын алады. Олар елін қорғап, ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар. Міне, олардың кейбіреулері:

1. Ер Қосай

Ер Қосай – Адай руының ұранына айналған батыр. Ол XVII ғасырда өмір сүрген, жоңғарларға қарсы шайқастарда ерекше ерлігімен танылған. Қосай батырдың есімі адайлықтар үшін қасиетті саналады.

2. Есекмерген

Адай шежіресінде Есекмерген ру негізін қалаушы ретінде аталады. Ол туралы аңыздарда оның мергендігі, ақылдылығы мен ерліктері сипатталады.

3. Досан Тәжіұлы

XIX ғасырдың ортасында Маңғыстау өңірінде болған халық көтерілістерінің жетекшісі. Ол патша отаршылдығына қарсы күресте ерекше ерлік танытты.

4. Шотан батыр

Шотан батыр XVIII ғасырда өмір сүріп, Маңғыстауды қорғауда үлкен рөл атқарған. Оның есімі халық аңыздары мен жырларында сақталған.

5. Қармыс батыр

Қармыс батыр ерлігімен және елін қорғаудағы шеберлігімен танылған. Адай руының тарихында оның есімі ерекше орын алады.

6. Иса Тіленбайұлы

Иса батыр – тек батыр ғана емес, әділ шешен, ел бастаған көсем болған. Оның есімі елді біріктіру және қорғау жолындағы істерімен танымал.

7. Ақпан батыр

Ақпан батыр Адай руының ішіндегі белгілі тұлғалардың бірі. Ол ерлігімен ғана емес, парасаттылығымен де халық есінде қалған.

8. Шабай батыр

Шабай батыр елін жаудан қорғаған адайлық ерлердің бірі. Оның ерліктері халық жырларында айтылады.

Бұл батырлар адайлықтардың батырлық рухын танытатын тарихи тұлғалар. Олардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады.

17/08/2024

Ұрпағыңыздың түп-тамырын, жеті атасын біліп өскенін қаласаңыз шежіреге тапсырыс беруге асығыңыздар!
✓ Көлемі 73*40 см.
✓ Бағасы 35 000 тг.
✓ Қазақстан бойынша жеткізу тегін.
✓ Тел.: 8 707 463 37 83 (whats app)
#Орал #Қызылорда #Алаша #Шежіре

ТАБЫН РУЫНЫҢ БИЛЕРІ МЕН БАТЫРЛАРЫ, ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ1) Бұқарбай Естекбайұлы (1812-1898) - атақты батыр, Кенесары бастағ...
28/04/2024

ТАБЫН РУЫНЫҢ БИЛЕРІ МЕН БАТЫРЛАРЫ, ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

1) Бұқарбай Естекбайұлы (1812-1898) - атақты батыр, Кенесары бастаған көтеріліс қаһармандарының бірі, ханның ең жақын қолбасшыларының бірі болып табылған. Кейіннен Сыр бойындағы Оңтаңбалы Табын бөлімінің (Тартулы Теке) басқарушы биі болған. Қоқан хандығына қарсы әрекеттері үшін Ресей тарапынан 1857 ж. күміс медаль, 1858 ж. зауряд-хорунжий шенін алған, 1861 ж. хорунжий шеніне ұсынылған. (Табын, Тартулы, Теке)
2) Жүзжасар Ақылұлы (ХVIII ғ.) - Сыр өңіріндегі белгілі би әрі батыр. Шешендігімен, тапқырлығымен аты аңызға айналған. Сыр бойы Табындарының ұранына айналған Сәрке батыр Бұланты-Білеуті шайқасында қаза тапқанда денесін туған жеріне әкеліп жерлеп, ас берген. Осыдан соң Сыр бойы Табындарын басқарып, 90 жас шамасында қайтыс болған. (Табын, Тартулы, Теке)
3) Қоразбай Бекшеұлы (ХІХ ғ.) - Сыр өңіріндегі белгілі молда, ел арасында әулие атанған. Ағартушылықпен айналысқан, мешіт-мектеп салдырған. Ұлдары Ысқақ пен Құлмағамбет те белгілі молдалар болып табылған, әкелерінің мешіт-мектебін ұстаған. Кеңес үкіметі кезінде қудаланған. (Табын, Тартулы, Теке)
4) Бәймен ахун Тілемісұлы (1846-1916) - діни қайраткер, Сыр өңіріндегі Кіребай мешітінің имамы болған, бала оқытқан. Ұлдары Ғұбайдұлла (1894-1918) мен Әбдіхалық (1898-1944) та ұстаздық еткен. Немересі Рақымжан (1929 ж.т.) да ардагер ұстаз. Сырдария ауд. құрметті азаматы. (Табын, Тартулы, Теке)
5) Елекбай Құдайбергенұлы (1808 ж.қ.б.) - Кіші жүздегі атақты би әрі батыр. 1783-1797 жж. Сырым бастаған көтеріліс сардарларының бірі, жасағымен бірге орыс шебіне көптеген шабуылдар ұйымдастырған. Тарақты бөлімінің бас билерінің бірі және Жетіру расправасының кеңесшісі болған, әкесі Құдайберген де ел ішінде әулие саналған, ресми деректер жоқ. (Табын, Тарақты, Қадырбек)
6) Нұрмағамбет Құдайбергенұлы - белгілі би, старшын, 1800-1822 жж. қатысты кейбір мұрағаттық деректерде аталады. (Табын, Тарақты, Қадырбек)
7) Тілес Құдайбергенұлы - 1809 ж. ағасы Елекбайдың орнына басқарушы би болып бекітілген. Басқа дерек жоқ. (Табын, Тарақты, Қадырбек)
😎 Құл Шекебайұлы (1837 ж.қ.б.) - Кіші жүздегі белгілі билердің бірі, старшын. Ресей үкіметінен есаул шенін алған, 1820 ж. Кіші жүз ханымен бірге Мәскеу, С-Петербург ққ. сапар шегіп, император қабылдауында болған, осы сапарында Анна лентасындағы алтын медальмен марапатталған. 1824 ж. желтоқсан айынан 1837 ж. дейін Орынбор Шекара Комиссиясында қазақтардан қатысушы болған. 1831 ж. тархан атағын алған. (Табын, Тарақты, Қадырбек)
9) Мәңкі Құлұлы (1807 ж.т.) - белгілі би, хорунжий шенінде болған. Бәйтерек аталығы кей нұсқаларда Қожағұл тармағынан шығарылады. (Табын, Тарақты, Қадырбек)
10) Шолақ Айбасұлы - өз заманындағы белгілі адамдардың бірі, ұзақ уақыт үкімет қызметкерінде болған. 1856-1869 жж. Орынбор қазақтары Орта бөлігі аға сұлтанының көмекшісі, 1869 ж. бастап Орал уезі бастығының кіші көмекшісі қызметтерін атқарған. Хорунжий шенінде болған. Станислав ленталы алтын, Анна ленталы күміс медальдармен марапатталған. 1859 ж. бір топ Кіші жүз сұлтандары мен билерімен бірге Петербургте император сарайында болған. (Табын, Тарақты, Абыз)
11) Ержан Шолақұлы - айтулы тұлға, құрметті азамат атағы болған, шамамен 1875-1885 жж. Орал уезі бастығының көмекшісі, 1890-1910 жж. ұзақ уақыт Қараағаш, Қарашығанақ, Шілік болыстарын басқарған. Көптеген марапаттар, соның ішінде 1873 ж. жоғарғы марапат - әулие Георгий Победоносец орденін алған. 1876, 1881 және 1882 жж. Орал облысы атынан Петербургте болып, соңғы сапарда император коронациясына қатысқан, осы сапарда жолдасы Рухия және Қатира да болған. (Табын, Тарақты, Абыз)
12) Нұржан Шолақұлы - шамамен 1896-1904 жж. аралығында Қарашығанақ болысын басқарған. (Табын, Тарақты, Абыз)
13) Дәукен Шолақұлы - шамамен 1896-1904 жж. аралығында Шілік болысын басқарған. Кей жылдары, мысалы 1899-1901 жж. ағайынды Ержан, Нұржан және Дәукен Шолақұлдары Қараағаш, Қарашығанақ және Шілік болыстарын бір уақытта қатар басқарған. (Табын, Тарақты, Абыз)
14) Аймағамбет Шолақұлы - 1850-1859 жж. шамасында Орынбордағы қазақ балаларына арналған орыс-қазақ мектебінде оқыған, кейін қызметтер мен марапаттарға ұсынылған, басқа деректер аз. (Табын, Тарақты, Абыз)
15) Есболай Дүйсеұлы - белгілі би, 1812-1818 жж. Кіші жүздегі Хан кеңесіне Жетіру атынан қатысушы. 1820 ж. Шерғазы хан бастаған делегация құрамында Петербург қаласында император сарайында болған. Сол 1820 ж. тархан атағын алған. (Табын, Тарақты, Әшібек)
16) Естемес Шәңкіұлы (деректерде Истемес Чанин) - белгілі аламан, 1783-1797 жж. Сырым бастаған көтеріліс сардарларының бірі болған. Орыс шептеріне көптеген шабуылдар ұйымдастырған. (Табын, Тарақты, Әшібек)
17) Сүйіндік батыр - Әбілқайыр хан тұсындағы белгілі батыр. 1755 ж. орыс мұрағат дерегінде ұлы Тілеулі екеуінің есімдері кездеседі. (Табын, Тарақты, Әшібек)
18) Бегімбет Сүйіндікұлы - Кіші жүздегі белгілі билердің бірі. 1786 ж. билер кеңесінде Жаманкерей бөлімінің бас биі болып сайланған (оған Жылқышы бөлімі енбеген). 1806-1812 жж. аралығында Кіші жүздегі Хан кеңесіне Жетіру атынан қатысушы (кеңесші) болған. (Табын, Тарақты, Әшібек)
19) Құлкелді Жылкелдіұлы - 1738 ж. Орынборда Ресей тарапына ант қабылдаған 56 қазақ биінің бірі (Кіші жүзден-28, Орта жүзден-28) (Табын, Тарақты, Жиембет)
20) Бөкенбай Қарабатырұлы (Бисембіұлы) - атақты батыр әрі би, мемлекет қайраткері, қазақтың үш жүзінің біріккен әскерін басқарған Бас Қолбасшы, Жетіру одағының басқарушы биі, қалмақ-жоңғар шапқыншылықтарына азаттық қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі. Бөкенбай батыр өз заманында бүкіл қазақ даласына даңқты болған, 1742 ж. 75 жасында қол бастап түрікмендермен шайқаста қаза тапқан. Төрт бірдей туған ағасы 1723-1727 жж. Жоңғарлармен соғыста қаза тапқан. (Табын, Тарақты, Жиембет)
21) Нармағамбет болыс - өз заманының белгілі адамы. ХІХ ғ. аяғында ұзақ жылдар Орал уезі Қараағаш болысын, бірер мерзім. Жиренқопа болысын басқарған. (Табын, Тарақты, Жиембет)
22) Рабай Едігеұлы - белгілі би, сардар. Жоламан бастаған күреске қатысып, жасақ басқарған. Кейіннен Ресей үкіметі тарапынан зауряд-хорунжий шенін және марапаттар алған. 1859 ж. қазан айына дейін Жиембет бөлімінің 224 үйден тұратын бір бөлігін басқарған. (Табын, Тарақты, Жиембет)
23) Тіленші Бөкенбайұлы (1800 ж. 1 сәуірде қайтыс болған) - атақты батыр әрі би, тархан, Жетіру одағының басқарушы биі. Қалмақтарға және Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрес ұйымдастырушы. Сырым бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі. 1787 ж. халық қалауымен және орыс үкіметінің мойындауымен ресми түрде Жетіру одағының бас старшыны (басқарушы биі) етіп бекітілген. Орыс деректері бойынша, Тіленші “беделі даланың хан-сұлтандарынан кем емес және оның қатысуынсыз бірде-бір халық құрылтайы өтпейтін тұлғалардың бірінен” деп көрсетіледі. (Табын, Тарақты, Жиембет)
24) Бостыбай Тіленшіұлы (1816 ж. қайтыс болған) - белгілі би, 1806-1812 жж. Кіші жүздегі Хан кеңесінде Жетіру одағынан кеңесші болған. (Табын, Тарақты, Жиембет)
25) Жоламан Тіленшіұлы (XVIII ғ. 70-жж.-шамамен 1846) - атақты батыр әрі би, тархан, Жетіру одағының басқарушы биі. 1822-1840 жж. аралығында Ресей империясының отарлауына қарсы қазақ халқының ұзақ жылдарға созылған азаттық күресін ұйымдастырған. Күресінің соңғы кезеңінде Кенесары ханмен бірге әрекет еткен. 1846 ж. шамасында Бұқара өңірінде қайтыс болған. (Табын, Тарақты, Жиембет)
26) Есенгелді би - 1859 ж. қазан айынан бастап үкімет тарапынан Жиембет бөлімінің бір бөлігінің басқарушы биі қызметіне бекітілген. (Табын, Тарақты, Жиембет)
27) Бейбіт Бөкенбайұлы - белгілі батыр, Сырым Датұлы бастаған көтеріліске белсенді қатысқан. (Табын, Тарақты, Жиембет)
28) Жантілес Шөжікеұлы - 1837-1840 жж. Жоламанмен бірге Кенесары ордасында әскери іс-қимылдарға қатысқан, кейіннен би атанған. (Табын, Тарақты, Жиембет)
29) Есекатар батыр - Әбілқайыр хан, Бөкенбай батырлар тұсында олармен қатар жүрген белгілі батыр. Ресейлік көне мұрағат құжаттарында аты кездеседі. (Табын, Тарақты, Тәуімбет)
30) Олжабай батыр - шамамен XVII-XVIII ғғ. өмір сүрген. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
31) Жездібай - XVIII ғ. өмір сүрген белгілі батыр, ел аузында “Көк найзалы Жездібай” есімімен сақталған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
32) Шынтай Даржанұлы - Алаш қозғалысына ниеттес, 1917 ж. сәуір айында Орынборда Алаш зиялылары ұйымдастырған. І-Торғай облыстық қазақ сьезіне қатысқан. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
33) Қона мен Кейкі ағайынды - 1822-1826 жж. Жоламан көтерілісі кезінде орыс шебіне көптеген жорықтар ұйымдастырған. Қона 1826 ж. тұтқынға түсіп, солдат қызметіне жіберілген, одан қашып шыққан. 1837-1839 жж. Жоламанмен бірге Қасым және Кенесары қосынында болып, көптеген әскери іс-қимылдарға қатысқан. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
34) Жұбай (мұрағат деректерінде Жұбат) - 1837-1839 жж. Кенесары қосынында болып әрекет еткен. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
35) Нұрмағамбет Баспанұлы - 1822-1826 жж. Жоламан көтерілісі кезінде көптеген жорықтарға қатысқан. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
36) Сұлтан Құлетұлы - 1837-1839 жж. Кенесары қосынында болып, көптеген іс-қимылдарға қатысқан. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
37) Сейтен Жанетұлы - Жоламан көтерілісі кезіндегі белгілі жортуылшылардың бірі, Ресей шебіне көптеген жорықтар ұйымдастырған. 1837-1838 жж. Кенесары қосынында көптеген шабуылдарға қатысып, жорықтардың бірінде қаза тапқан. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
38) Әтенбек Маралұлы - белгілі би, ХІХ ғ. І-ширегінде Қобда-Елек өңіріндегі әлеуметтік-саяси оқиғаларға араласқан, Жоламан көтерілісіне белгілі бір ықпал еткен. Жиындарда Кедейқұл бөлімі атынан сөйлеген. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
39) Жидебай, Таңқай Маралұлдары - белгілі жортуылшылар, Жоламан көтерілісі тұсында Ресей шебіне көптеген жорықтар ұйымдастырумен көзге түскен. Оларға Орынбор әкімшілігі тарапынан айрықша іздеу салынған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
40) Мұңайтпас Бөтенбекұлы - би, Меккеге қажылыққа үш рет барған ірі дін өкілі, қасында иесі (пірі) еріп жүретін қасиетке ие адам болған. 1869 ж. Батыс Қазақстанда болған азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі, өз ұлдарымен бірге көтеріліс қимылдарына белсене қатысқан. Ресей билігін мойындамау үшін 1869 ж. көктемде 500 үйді бастап Үстірт, Хиуа өңіріне қоныс аударған. Көтеріліс басылған соң бірқатар адамдармен Қатар ұлы Бектас екеуіне Ресей әскери министрлігі тарапынан өз ауыл-аймақтарында қалуларына тиым салынған. Мұңайтпас ел-жұртымен қоштасып, қажылыққа соңғы рет сапар шеккен, қоштасар тұста иесі (пірі) немере қызына көрінген, қарт би “еркек кіндікті ұрпақтарым азайып сұйылады екен” деп қатты қамығып, алда қиын-қыстау кезеңдер туатынын болжап кеткен... Мұңайтпас ұрпақтары Қобда өңірінде аса дәулетті-билеуші таптардың бірін құраған, билікке араласқан. 1930 жж. Аяусыз қудаланған, шет өңірлерге кетуге мәжбүр болған, көпшілігінен ұрпақ қалмаған. Би туралы мәліметтер Алматы, Орынбор және Мәскеу ққ. мұрағаттарында кездеседі. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Кедейқұл)
41) Шекмағамбет Мұңайтпасұлы - Қобда өңіріндегі 1869 ж. көтеріліс жетекшілерінің бірі, інісі Бектас және басқа ағайындарымен бірге орыс жазалаушы жасағына қарсы шабуыл ұйымдастырған. 1870 ж. Үстірт, Хиуа өңірлерінен оралған соң патша үкіметінің шараларына қарсылығы үшін тұтқындалып, бірнеше ай Ақтөбе гарнизонында қамауда ұсталған. Елге оралған соң көп ұзамай қайтыс болған. Ұрпақтары Қобда өңірінде билікке араласқан, аса дәулетті тапты құраған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
42) Ізтілеу Шекмағамбетұлы - інісі Ізмұқанмен бірге Торғай облысындағы атақты байлардың бірі, төңкеріске дейінгі бірқатар қазақтың дәулетті адамдарымен бірге губернатор басқарған Торғай облыстық ауыл шаруашылық қоғамына енген. Болыстық сайлауларға қатысқан, бірақ басқаруға жіберілмеген. Ұрпақтары қудаланған, тағдырлары белгісіз. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
43) Дәулеткерей Ізтілеуұлы (Шекмағамбетов) - Алаш Орда мүшесі, Ақтөбе орыс-қазақ училищесін бітірген. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін жаңа үлгідегі Қобда болыстық комитетінің төрағасы. Сайлауда жеңген оның болыстыққа тезірек бекітілуін Ә. Бөкейхановтың өзі талап еткен. Кейінгі тағдыры, ұрпақтары туралы мәлімет жоқ. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
44) Тоқмағамбет Жантасұлы, Мұхамедәлі Меңдібекұлы - Алаш қозғалысына ниеттес, 1917 ж. сәуір айында Орынборда Алаш зиялылары ұйымдастырған Торғай облыстық І-қазақ сьезіне қатысқан. Тоқмағамбет би 1906-1910 жж. Ресейдің қоныс аудару саясатына, өз жерлерінің тартып алынуына қарсылық көрсеткен. Ұлы Жапанның есімі орыс-жапон соғысы кезінде орысқа қарсы жапондықтардың құрметіне қойылған. Жалпы Ақтөбе уезіндегі атақты байлардың бірі болған Жантас қажының (Мекке мен Мәдинаға барған қажы әл харамин) ұрпақтары қатты қудаланған, бүгінде қалмағанға ұқсайды. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
45) Байқадам Мәстекбайұлы - 1881 ж. қажылыққа сапар шеккен. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
46) Тортай және Тотай Аралбайұлдары - Қобда өңіріндегі белгілі билер, Байтақ қорымында жерленген. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
47) Тұрым Тотайұлы - белгілі би, 1869 ж. көтеріліске қатысқан, 1881 ж. қажылыққа барған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
48) Құлнияз Тұрымұлы - Қобда болысында бір мерзім (3 жыл), болыс болған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
49) Жұмабай Тұрымұлы - төрт мерзім (12 жыл) болыс болған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
50) Керей Жұмабайұлы (Тұрымов) - 1874 ж. т., Алаш Орда мүшесі, 1908-1917 ж. ақпанына дейін болыс болған. 1917 ж. Орынборда өткен І-Торғай облыстық қазақ сьезіне қатысқан, осы сьезде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған 8 адамның құрамында жалпы қазақ сьезін шақыру әрі ұйымдастыру жөніндегі айрықша бюроның құрамына енген. Ұлы Нұғман да Алаш партиясының сапында болған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
51) Айжарық Бекбауұлы - би, 1869 ж. көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Сол жылы 18 наурызда Бестамақ бойында орыс жазалаушы отрядымен болған шайқаста қаза тапқан. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
52) Бекмағамбет (деректерде Бекбауұлы) - Қобда өңіріндегі атақты байлардың бірі болған, Қобда болысын бір мерзім (1890-1892) басқарған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
53) Айтмағамбет Абдұллаұлы - Қобда өңіріндегі біршама белгілі адам, ауыл старшыны және соттық би қызметтеріне сайлауға түскен. Әкесі Абдұлла 1869 ж. көтерілісті қолдаған. (Табын, Тарақты, Кедейқұл)
54) Қотыр батыр - Әбілқайыр тұсындағы батыр, белгілі дипломат. Ұзақ жылдар Әбілқайырдың маңызды елшіліктерін басқарған, ханның сенімді адамы ретінде оның сыртқы саясатын жүргізген, елшілер басы деген лауазымы болған. 1746 ж. шамасында Петербургке, орыс патшасы сарайына елшілік бастап барған. (Табын, Тарақты, Сармантақ)
55) Жаманқұл Қонақайұлы - 1738 ж. тамыз айының басында Ресей тарапына ант қабылдаған 56 қазақ биінің бірі. (Табын, Тарақты, Сармантақ)
56) Жаналы Игібайұлы - белгілі батыр, қолбасшы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі. 1822-1826 жж. Ресей шебіне жүздеген шабуылдар ұйымдастырған, көтерілістің бас қолбасшылығына дейін көтерілген. 1837-1839 жж. Кенесары ордасына қосылып, Жоламанмен бірге үлкен жасақ басқарған. (Табын, Тарақты, Сармантақ)
57) Қоңырау (деректерде Құндырау) Тышқанбайұлы - Қобда өңіріндегі билердің бірі. 1851-1859 жж. Жергілікті ауыл-аймақ биі қызметін атқарған. (Табын, Тарақты, Сармантақ)
58) Әбдіхамит Жүндібаев (1893-1920) - белгілі Алай қайраткері, журналист, публицист. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен бірге “Алаш”партиясының бағдарламасы авторларының бірі. Алаш сьездерін ұйымдастыруға қатысқан. 1917 ж. бір уақыт Алаш органы “Қазақ” газетінің редакторы болған. Алаш зиялыларының дарында жас толқынын құраған. (Табын, Тарақты, Сармантақ)
59) Жанқұтты Сандықұлы - 1822-1826 жж. Жоламан бастаған көтеріліске қатысқан, 1826 ж. шамасында жасақ басқарған, кейіннен би атанған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Ебес)
60) Байжан Жанқұттыұлы - Қобда болысын екі мерзім (1869-1874) басқарған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Ебес)
61) Ескендір Көпжасаров (1884-ө.ж.б.) - Алаш қайраткері, Батыс А/Орда офицері. 1918 ж. бастап Ташкентте Түркістан автономиясының төрағасы Мұстафа Шоқайдың жеке хатшысы әрі көмекшісі болған. Қуғындалған, кейінгі тағдыры белгісіз) (Табын, Тарақты, Жылқышы, Ебес)
62) Иса Көпжасаров (1851-шам. 1925-30) - Батыс Алаш Орда қайраткері, Ойыл уәлайаты үкіметінің мүшесі, Батыс Алаш Орда қаржы министрі болған. Патшалық дәуірде 25 жылдай Жиренқопа болысын басқарған. Орал уезі бастығының кіші көмекшісі қызметін атқарған.
63) Бисен хазірет (1878-1969) - ірі діни қайраткер, 1893-1901 жж. Бұқара, Стамбул ққ. діни оқу орындарында оқыған. Қобда өңірінде мешіт ұстаған. 1930 жж. қудаланып елден кеткен, 1951-1956 жж. Қайта қудаланып Сібірде айдауда болған. Кейіннен елге оралған, қазақ шежіресін жинаумен де айналысқан. Әкесі Абдолла қажы да Бұқара, Үргеніш ққ. оқыған діни қайраткер болған, қажылықтан қайтып келе жатқанда Жерорта теңізі үстінде қайтыс болған. (Табын, Тарақты, Ебес)
64) Шәкен ишан (мұрағатта Шаһимардан) - ірі діни қайраткер, Хиуа жерінде білім алған. 1907 ж. Қарақобда өз. сол жағында Ақмоласай деген жерде мешіт салдырған. (Табын, Тарақты, Ебес)
65) Саттық Тайұлы - белгілі би, 1822-1826 жж. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске қатысып, жасақ басқарған. 1869 ж. көтеріліс жетекшілерінің бірі. Сол жылы ауыл-аймағымен Үстірт, Хиуа өңірлеріне қоныс аударып, Хиуа ханынан “мыңбасы-аталық” дәрежесін алған. 1870 ж. қайта оралып, үкіметтен кешірім алған. Саттық - өз заманында бүкіл Елек-Қобда өңіріндегі атақты байлардың бірі болып табылған. (Табын, Тарақты, Ебес)
66) Ертек Қостанұлы - 1869 ж. көтерілістің Қобда өңіріндегі жетекшілерінің бірі. Ұлдарымен бірге орыс жазалаушы әскеріне шабуыл ұйымдастырған. (Табын, Тарақты, Ебес)
67) Бекен Жайықбайұлы - Жоламан көтерілісі тұсындағы (1822-1826) кейбір құжаттарда аты-жөні кездеседі, бірер деректе би ретінде де көрсетілген. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Малқара)
68) Атамбоз батыр - белгілі батыр, 1780-1790 жж. Ресей шебіне көптеген шабуылдар жасаумен көзге түскен. Аталған жылдары Сырым бастаған көтеріліс сардарларының бірі болған. Орыс деректерінде әкесінің есімі Үсекұлы, Келдібайұлы деп көрсетіледі. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Майасар)
69) Барақ Жантілеуұлы мен Құлмырза Еділбайұлы - 1810-1830 жж. мұрағат деректерінде Майасар бөлімінен шыққан аталас есімді билердің аты-жөндері кездеседі. Көрсетілген адамдар осы билер болуы мүмкін. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Майасар)
70) Көбек Қарымсақұлы - 1738 ж. тамыз айының басында Ресей тарапына ант қабылдаған 56 қазақ биінің бірі. (Табын, Тарақты, Майасар)
71) Сүлеймен Мұсылманұлы (Сүлеке әулие, 1830-1907) - ірі дін өкілі, хазірет, әулие атанған. Ұлы Қобданың шағын саласы Баян өзенінің бойында мешіт және медресе ұстаған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Игібай)
72) Құлбай Омарұлы - би, Орынбор өлкесі қазақтарын дистанцияларға бөліп басқару кезінде үкімет бекіткен ауыл-аймақ басқарушысы қызметін атқарған. 1844 ж. Орынбор әкімшілігі тарапынан Кенесарыға келіссөздерге жіберілген елшілік құрамында болған. (Табын, Тарақты, Жылқышы, Жанғазы)
73) Көтібар Байдәулетұлы (мұрағат деректерінде Айдакенұлы) - белгілі би, 1867 ж. шамасынан бастап Орынбор әкімшілігі тарапынан Қаражон-Ажым бөлімінің басқарушысы биі ретінде бекітілген. 1869 ж. Жаңа Ережеден соң алғаш құрылған Қаражон болысын басқарған. (Табын, Шөмішті, Қаражон, Нәдір)
74) Достан молда (мұрағат деректерінде Сансызбайұлы) - 1856 ж. шілде айында Орынбор әкімшілігі тарапынан Ажым бөлімінің басқарушы биі болып бекітілген. (Табын, Шөмішті, Ажым, Әжімбет)
75) Бармақ Алдасайұлы - XVIII ғ. өмір сүрген атақты батыр. (Табын, Шөмішті, Нүрке)
76) Байғана Көнейұлы - атақты батыр әрі би, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс сардарларының бірі. 1826 ж. шілде айында Шыңғырлау өз. Бойында орыс әскерімен болған шайқаста қаза тапқан. (Табын, Шөмішті, Нүрке)
77) Алдаш Байғанаұлы (1807-1871) - белгілі батыр әрі би, 1856 ж. Орынбор әкімшілігі тарапынан Асан бөлімінің басқарушы биі ретінде бекітілген. 1860 ж. Кіші жүзден іріктелген беделді сұлтандар мен билерден тұратын делегация құрамында (8 адам) Петербургте орыс императоры сарайында болып, алтын медаль алған. 1867 ж. Ресей тарапына қарсы шыққан. 1869 ж. көтеріліске белсенді қатысқан. Қарақалпақстан аумағында, Хожелі қаласы маңындағы Кетпенші баба қорымында жерленген. (Табын, Шөмішті, Нүрке)
78) Сейіт Байғанаұлы (ХІХ ғ.) - белгілі би, өз тұсында Хиуа мен Ресей арасындағы әлеуметтік-саяси оқиғаларға араласқан. Ресей тарапынан марапаттарға ұсынылған. (Табын, Шөмішті, Нүрке)
79) Нияз би - Хиуа ханының бас уәзірі болған. (Табын, Шөмішті, Нүрке)
80) Сәрке Өмірқұлұлы - есімі Сыр бойы Табындарының ұранына айналған атақты батыр әрі қолбасшы, XVIII ғ. өмір сүрген. (Табын, Шөмішті, Тоқсиық, Есенбай)
81) Байқадам Ақайдарұлы (1850 ж. қаза болған) - атақты батыр әрі би, Сыр бойы Табын қауымдарының басқарушы биі. 1837-1844 жж. Кенесарымен бірге Ресей ықпалына қарсы күрескен, Қоқан хандығына да қарсы әрекеттер жүргізген. Кенесарының ең сыйлас, сенімді адамдарының бірі болған. (Табын, Шөмішті, Тоқсиық, Есенбай)
82) Сейіл Байқадамұлы - белгілі батыр әрі би. ХІХ ғ. екінші жартысында Ресей мен Қоқан мемл-рі арасында саясат жүргізген. 1854 ж. бастап Сыр бойындағы Терістаңбалы Табын (Тоқсиық) бөлімінің басқарушы биі, 1858 ж. Ресей тарапынан зауряд-хорунжий шенін, Қоқанға қарсы әрекеті үшін 1861 ж. хорунжий, 1862 ж. зауряд-сотник шендерін алған. (Табын, Шөмішті, Тоқсиық, Есенбай)
83) Шоңбай Жұбанұлы (1889-…) - белгілі жырау әрі жыршы, қазақ шежіресін өлеңмен жырлаған. Кіші жүз шежіресін жырға қосып, оның тұлғаларына дейін тоқталған көркем жыры ел арасына танымал. (Табын, Шөмішті, Тоқсиық, Есенбай)
84) Байтен Дәулекеұлы - шамамен XVIII ғ. өмір сүрген атақты батыр. (Табын, Шөмішті, Тоқсиық, Есенбай)
85) Досжан хазірет (1815-1896) - қазақ арасындағы аса ірі діни қайраткерлердің бірі, діни ғұлама, ұстаз. Қажылыққа бірнеше рет барған. Араб әлеміне қазақтардың мұсылман халқы болып табылатынын дәлелдеуге күш салған. Меккеде қазақтарға арналған қонақ үйді (тәкие үйі) салдырушылардың бірі. Тасастау, Қайнар, Темір өңірлерінде мешіттер тұрғызған, тұңғыш рет бау-бақша отырғызған. (Табын, Шөмішті, Қарақойлы, Қоңыр)
86) Мырзабай батыр - Әбілқайыр хан кезіндегі белгілі батыр, XVIII ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғыстарында қаза тапқан. (Табын, Шөмішті, Қарақойлы, Жолый)
87) Егізқара батыр - 1822-1826 жж. Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық көтеріліске қатысқан. (Табын, Шөмішті, Қарақойлы, Жолый)
88) Тоқай Егізқараұлы - ХІХ ғ. екінші жартысында Жолый әулетінің басқарушы биі болған. Оның зираты - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылы аумағындағы Шөптікөлде. (Табын, Шөмішті, Жолый)
89) Бәтет батыр - XVIII ғасырда Қаражон Жәнібек, Маман батырлармен бірге қазақ-жоңғар соғыстарында ерлік көрсеткен. (Табын, Шөмішті, Жолый)
90) Қара Тәпікеұлы - белгілі би, 1856 ж. шілде айында Орынбор әкімшілігі тарапынан Жолый бөлімінің басқарушы биі етіп бекітілген. (Табын, Шөмішті, Жолый)
91) Қосбол Айшуақұлы - би, 1867 ж. қараша айында Орынбор басшылығы тарапынан Бәйбіше бөлімінің басқарушы биі етіліп бекітілген, шамамен 1870-1880 жж. Аралығында Сам-Матай болысын басқарған. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Қожаназар, Майлыбай)
92) Төрехан Қосболұлы - 1899-1903 жж. аралығында Сам-Матай болысын басқарған, басқа жылдар туралы дерек жоқ. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Қожаназар, Майлыбай)
93) Еділбай Көлбайұлы - дәулетті адам болған, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Орынбормен арада сауда жүргізген. Малдарының асыл тұқымдылығымен көзге түскен, сауда үйлерінде оның апарған қойлары айрықша бағаланып, Еділбай қойлары атанып кеткен. Кейінгі “Еділбай” қой тұқымы осы адамның атынан шыққан. ( Табын, Шөмішті, Лабақ, Қожүрек)
94) Тілеумағамбет Аманжолұлы (1865-1935) - белгілі жырау әрі жыршы, жыраулық-жыршылық дәстүрдің көрнекті өкілі. Өз жанынан тарихи жыр-дастандар шығарған, оларды жырлаған. “Қобыланды батыр”, “Барақ батыр”, “Бөкенбай батыр”, “Асау-Барақ”, “Алдаш-Дәуіт”, “Арқар батыр”, “Асқар-Қыдыр” т.б. көптеген жырлардың авторы. Баласы Ережеп (1894-1976) те атақты жыршы болған. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Жінікей)
95) Барақ Сатыбалдыұлы - атақты батыр әрі би, қолбасшы. Қалмақтарға қарсы соғыстарда аты шыққан, Ресей империясының ықпалына, түрікмендерге қарсы соғысқан. 1783-1797 жж. Сырым бастаған көтеріліс жетекшілерінің бірі. 1786 ж. қыркүйек айында бүкіл Кіші жүз құрылтайында Шөмішті тармағының басқарушы биі болып сайланған. 1822-1826 жж. Жоламан бастаған көтерілісті қолдаған, оның рухани дем берушісі болған. Барақ батыр өз заманында атағы бүкіл Кіші жүз бен оған шектес Орта жүз, Хиуа, Ресей иеліктеріне кеңінен тараған аса танымал қайраткер болып табылған. Көзі тірісінде әулие атанған. Қазір Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінің маңында жерленген. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
96) Асау Барақұлы - атақты батыр әрі би, қолбасшы. 1783-1797 жж. Сырым бастаған көтеріліске қатысқан. 1822-1835 жж. Жоламан бастаған күрес көсемдерінің бірі. Ресей шебіне көптеген шабуылдар ұйымдастырған. Шөмішті бөлімінің бас биі ретінде Хиуа хандығымен арада саясат жүргізген, түрікмен шапқыншылықтарына тойтарыс берген. Асау батыр өз заманында әкесі Барақ батыр сияқты есімі бүкіл Батыс Қазақстан мен шектес өңірлерге кеңінен тараған аса танымал тұлғалардың бірінен саналған. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінің маңында жерленген. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
97) Жанбура Асауұлы - Жоламан көтерілісі кезінде Ресей шебіне көптеген шабуылдар жасаумен көзге түскен белгілі аламан. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
98) Дәуіт Асауұлы - атақты батыр әрі би, қолбасшы. Өз ғұмырында Ресей ықпалына қарсы үш көтеріліске қатысып, оның екеуін басқарған. 1822-1826 жж. Жоламан бастаған көтеріліске қатысқан. 1855-1856 жж. Есет Көтібарұлымен бірге күреске жетекшілік еткен. Үкімет әскері 1855 ж. Дәуіттің ауылын шауып, бір ұлы Ербөлекті өлтірген, басқа ұлы Бекназарды, қызы мен әйелін тұтқындап, биге Ресей тарапына ант қабылдатқан. Анттан соң 1855 ж. Орынборда үкімет тарапынан Қарақойлы бөліміне басқарушы би етіп бекітілген. Дәуіт батыр 80-нен асқан шағында да 1869 ж. көтеріліс көсемінің бірі болған. Көзі тірісінде әулие атанған. Қарақалпақстан жерінде Қоңырат ауданы Хорезм қақпасы деген жерде жерленген. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
99) Қитар Барақұлы - белгілі батыр, Жоламан көтерілісі кезінде Ресей шебіне көптеген жорықтар ұйымдастырған. Лабақ ішіндегі танымал билердің бірі болып табылған, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси оқиғаларға қатысқан. Ұлдары Шыңдауыл мен Қобылаш - Жоламан көтерілісі кезінде орыс шебіне көптеген шабуылдар жасаумен көзге түскен белгілі аламандар. Қобылаш пен оның ұлы Жанықұл да кей деректерде би аталады. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
100) Жәнібек Барақұлы - белгілі би, өз заманының әлеуметтік-саяси оқиғаларына қатысқан. 1851 ж. Адай және басқа рулар арасындағы қақтығыстарды бейбіт реттеудегі еңбектері үшін Ресей тарапынан 1853 ж. Анна ленталы күміс медальмен марапатталған. 1852 ж. қылышпен марапатталған. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)
101) Бозай Шыңбайұлы - 1855-1858 жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан, кей деректерде би аталады. (Табын, Шөмішті, Лабақ, Отарбай)

Мәлімет: Аманжол Қалыш, Нұржан Жетпісбай, Сағынтай Әнеш құрастырған 3 томдық Табын шежіре кітабынан алынды.

#кішіжүз #жетіру #табын #шөмішті #бозым #тарақты #көсеу #тартулы #шежіре #жетіата #батырлар #Ақтобе #Ақтау #Атырау #Батыс

Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі - дулаттар. Жаныс (758-834 ж) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр бо...
06/04/2024

Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі - дулаттар.

Жаныс (758-834 ж) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны - Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ.

Жаныс елінен шыққан батыр тұлғалардың есімдерін және білгенімше тегін, руын жазып қоймақпын (бұл мақалада 1900 ж дейін дүниеге келгендері ғана). Мақала әлі аяқталған жоқ және де болашақта түзелетін болар. Біреулер қалып қойса - түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Басқа дерек қолынызда болса, жазып жіберуге де болады. Елімізді жаудан азат ету жолында қаҺармандығымен аты шыққан Дулат батырларының есімдерін ұрпақ ұмытпауы тиіс!

Қапал батыр (Жаныс)
Қыбырай батыр (Жаныс)
Төлеұлы Жолан батыр (Жаныс)
Көтен батыр (Жаныс Бөгежіл)
Сырымбет батыр (Жаныс)
Өтеғұл батыр (Жаныс)
Өтеғұлұлы Өтеген (Жаныс Сырымбет)
Итаяқ батыр (Жаныс Шегір)
Арыстанұлы Ералы (Шойқара) батыр (Жаныс Қыбырай)
Шабайұлы Жақсығұл (Мерген) батыр (Жаныс Бөгежіл)
Айдосұлы Найманбай батыр (Жаныс Қасқарау) 1765-1835жж
143) Қойбақұлы Күлік батыр (Жаныс Ақтай)
144) Қойбақұлы Елік батыр (Жаныс Ақтай)
Құттығайұлы Асан батыр (Жаныс Данай)
Қалыбайұлы Жүндібай батыр (Жаныс Қапал)

Туыс біздің тамырдағы қанымыз,Бір жатырдан жатпасада жанымыз,Әр тарапта ғұмыр кешіп жүрсекте,Бір әулеттің балдарымыз бәр...
15/03/2024

Туыс біздің тамырдағы қанымыз,
Бір жатырдан жатпасада жанымыз,
Әр тарапта ғұмыр кешіп жүрсекте,
Бір әулеттің балдарымыз бәріміз.

Тегіміз бар Қалқаман тананың,
Сол танадан шықты ата жараның,
Тегін білмеу тексіздік боп саналар,
Тегіңді біл айналайын қарағым.

Бауырым деп, аға мен көке десек,
Бірлігіңді сыйласып жетелесек,
Көк атты кеп бірлікке шақырмайды,
Өзіміз бірлік туын көтермесек.
#тана #қалқаман #шежіре

Address

Толе би 216г
Almaty
05000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77074633783

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақ шежіресі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Қазақ шежіресі:

Share

Category