
04/10/2024
Көлікке құйып жүрген газ қымбаттауы мүмкін. Таяуда ҚР Энргетика вице-министрі Әлібек Жамауов жанармай мен газдың бағасын теңестіру үшін барын салып жатқандарын айтты. Ол «Қазақстан үшін моторлы көлік құралдары үшін дәстүрлі отын безни мен дизел. Газ дәстүрлі отынға жатпайды. Сол үшін газ бағасын бензинмен теңестіру керек» деп ойын ортаға салды.
Иә, Жамауовтың сөзінен Энергетика министрлігі газдың бағасын қымбататпай сақтап қалудың орнына – оны бензинмен теңестіруге аңсары ауып отырғанын байқадық.
Шенді Қазақстанда көлік құралы үшін дәстүрлі отын бензин мен дизел отыны болғанын айта келе, газдың бағасын бензинмен теңестіруді жөн көріпті.
Шамасы, вице-министр Назарбаев кланын тақтан тайдыруға газ мәселесі тригер болғанын естен шығарған секілді. Әлібек Жамауовтың мына сөзінен «сол қиын кезеңде Жамауов елде болды ма екен, әлде жылы жақта демалып жатты ма екен» деген сұрақ та көкеймізді туындағанын жасырып қайтеміз.
Егер елде болып, төгілген қанды көрсе, бұлай сөйлемес еді. Демек, бұл шенді Қанды қаңтардан сабақ алмаған, әрі халықты Тоқаевқа қарсы қойып отырғынан өзі де байқамайтын секілді.
Мұндай вице-министрлер тұрғанда қымбатшылықтан көз ашпасымыз анық. Жамауовтың сөзінен Энергетика министрлігінде газдың бағасы көтеруді ұдай талқылайтынын аңғардық.
Жамауов «Қазақстанда дәстүрлі отын бензин мен дизел болды» дейді. Демек, біздерге электрлі көліктер алудың да қажеті жоқ қой.
Тіпті, АЭС салып басымызды ауыртып қайтеміз? Жылу орталықтар үшін дәстүрлі отын көмірді жағып, күйелеш-күйелеш болып жүре бермейміз бе?
Жамауовтың сөзше, ҚР Энергетика министрлігінің бензин мен газдың бағасын теңестіруден басқа шаруа жоқ сияқты. Шындығында бағаның қандай болатынын Антимонополиялық агенттік айналыспай ма?
Мұндай вице-министрлер тұрғанда жау шақырып, дұшпан іздеудің қажеті жоқ қой.