КТК жаңалықтары

КТК жаңалықтары Қазақстанның басты жаңалықтары сағат 19:30-да!
КТК арнасында онлайн http://www.ktk.kz/kz/live Қазақстан. КТК телеарнасы. Жаңалықтар.

28/11/2025

ЖАҢА ПАРЛАМЕНТ ЖАЙЛЫ
Бірпалаталы Парламентте президент квотасы болмайды. Мемлекет басшысы депутат санын тым көбейтудің қажеті жоғын айтты.

ЗИЯНЫ БАР МА?
Елді-мекендерге тым жақын. Байқоңырдан ұшқан зымыран бөлшектері Ұлытауға құлап, жұртты шошытты.

ТҰЗ ТАПШЫ
Ресей экспортты тоқтатқан. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары дүкен мен базарлардан тұз таппай, сандалып жүр.

ҚАСҚЫР ҚАПТАДЫ
Төрт-түлікті қырып барады. Абай облысында қасқыр қаптап, шаруаларды шаш етектен шығынға батыруда.

Жүргізуші: Нұргүл Нұрлан (Instagram: .nurlanqyzy)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог алаңында ауылдық округ басшылары кеңейтілген өкілеттіктерін тиімді...
28/11/2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог алаңында ауылдық округ басшылары кеңейтілген өкілеттіктерін тиімді пайдаланып, салық түсімдерін арттыру үшін қолданыстағы ақпараттық жүйелерді меңгеруі қажет екенін атап өтті.

- Цифрлық Қазақстанды ауылдар мен ауылдық округтерсіз құру мүмкін емес. Жасанды интеллект пен жаппай цифрландыру дәуірінде бұл іске ауыл әкімдері де белсенді түрде атсалысқаны жөн. Елді мекендерді цифрландыру ауыл мен қала тұрғындарының тұрмыс сапасын айтарлықтай теңестіреді. Сондықтан Үкімет бұл бағыттағы жұмысты басты басымдықтардың бірі ретінде қарастыруы қажет. Жергілікті жерлерден алынған нақты әрі жедел ақпарат орталықта тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экономикалық дерекқор негізін қалап, ресурстарды әділ бөлуге ықпал етеді. Алдағы үш жылда Қазақстанды толықтай цифрлық елге айналдыру – жаңа даму кезеңіндегі басты міндеттердің бірі. Болашақта еліміздің әлемде алатын орны осыған тікелей байланысты. Сондықтан мұны тіршілік үшін талас десек, артық айтқандық емес, - деді Президент.

Мемлекет басшысыөркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет екенін айтты.

- Осы аптада Президент Дональд Трамп АҚШ-тың технология саласындағы жаһандық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасын жариялады. Ол үшін жасанды интеллектінің бірыңғай платформасы құрылады. Бұл ғылыми зертханаларды, дата орталықтарды, цифрлық модельдерді және суперкомпьютер желісін біріктіретін ұлттық ақыл-ой алаңы болмақ. Аталған жүйе барлық аса маңызды бағыт бойынша жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеуге тың серпін береді. Ол жартылай өткізгіштерден бастап роботты техникаға дейінгі, ядролық энергетикадан бастап биомедицинаға дейінгі салаларды түгел қамтиды. Бұл арада зерттеу жобасы жайында емес, АҚШ-ты осы салада әлемдік көшбасшыға айналдыратын толыққанды платформа жөнінде әңгіме болып отыр. Мұны іске асыру үшін бір жылға жетер-жетпес мерзім беріліп отыр. Сол себепті бізге де шара қолдану керек. Әлбетте, Қазақстан жаһандық ауқымдағы көшбасшылыққа таласпайды. Бірақ өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет. Ойланып-толғанып жүруге уақыт аз, - деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкімнің, ең алдымен халықпен тікелей жұ...
28/11/2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкімнің, ең алдымен халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін еске салды.

«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.

Шын мәнінде, тақырып — өте өзекті. Ауылдың жағдайы — еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры — ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.

Әкім — ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл — өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдағанын атап өтіп, айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажеттігін жеткізді.

Аймақта азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан несие және микронесие алған, кейін алынған қаражатты өз қажетіне жұм...
28/11/2025

Аймақта азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан несие және микронесие алған, кейін алынған қаражатты өз қажетіне жұмсаған ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.

Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы жәбірленушілердің жеке мәліметтері мен электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз иеленіп, оларды несие рәсімдеу және ақшаны өз пайдасына алу үшін пайдаланған.

– Оның қылмыстық әрекеттерінен 14 азамат жапа шегіп, келтірілген материалдық шығын 40 млн теңгеден асып түсті. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық тар дәлізімен жылдық 18% деңгейінде с...
28/11/2025

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық тар дәлізімен жылдық 18% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады.

– Бұл шешім болжамдық талдау нәтижелеріне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағаларына және инфляциялық тәуекелдердің жалпы балансына сүйенеді. Қазанда жылдық инфляция 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%). Азық-түлік өнімдерінің бағасы 13,5%-ға (12,7%) өсіп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11%-ға (10,8%) қымбаттады. Қызмет көрсету секторындағы баға өсімі реттелетін коммуналдық қызметтердің арзандауына байланысты 12,9%-ға (15,3%) дейін төмендеді. Инфляцияның жоғары деңгейі сұраныстың ұсыныстан тұрақты түрде асып түсуі аясында қалыптасып отыр, – деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк атап өткендей, бірқатар тауар нарықтарындағы теңгерімсіздік, тұрақты сұраныс, импорттың қымбаттауы және шығындардың артуы инфляцияға әсіресе азық-түлік бағасының айтарлықтай үлес қосуына себеп болуда. Қызмет көрсету саласындағы инфляция үлесі азайғанымен, баға өсімінің қарқыны әлі де жоғары. Азық-түлікке жатпайтын инфляцияда жанармай мен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы байқалады.

Қазан айында айлық инфляция 0,5%-ға дейін бәсеңдеді, алайда базалық инфляция 1% деңгейінде қалып, жоғары болып отыр. Бұл жылдық есепте 12,2%-ға тең. Сонымен бірге тұтыну себетінің шамамен 80%-ын құрайтын тауарлар мен қызметтер 5% мақсатты деңгейден жоғары қарқынмен қымбаттап жатыр. Мұның бәрі инфляциялық қысымның кең таралғанын және тұрақтылығын көрсетеді. Бұл үрдісті фискалдық және квазифискалдық ынталандыру, сондай-ақ тұтынушылық сұраныстың өсуі күшейтіп отыр.

Сонымен қатар, 2025 және 2026 жылдарға арналған инфляция болжамы қайта қаралды. 2025 жылы инфляция 12–13% деңгейінде, 2026 жылы 9,5–12,5% аралығында болады деп күтілуде. 2027 жылдың соңында көрсеткіш 5,5–7,5%-ға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу кезінде қолданылатын медициналық-әлеуметті...
28/11/2025

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу кезінде қолданылатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға арналған жасанды интеллект моделін әзірлеуде.

Бұл ЖИ жүйесі медициналық құжаттардағы деректерді тануға және құрылымдауға бағытталған. Оның көмегімен ұсынылған мәліметтердің толықтығы тексеріліп, диагноздар еңбекке жарамдылықтан айырылу деңгейімен (аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстырылады. Сонымен қатар, жүйе қорытынды шешімге қатысты ұсыныстар беруді автоматтандырады.

Жаңа құрал рәсімдердің ашықтығын арттырып, барлық кезеңдегі адами факторды жоюға мүмкіндік береді және мүгедектік тобын анықтау барысында сыбайлас жемқорлық қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Қазір ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды қабылдау үшін ақпараттық жүйелерді біріктіру, клиникалық диагнозды растайтын барлық диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдап ұсыну жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дайындық аяқталған соң, куәландырудың жаңартылған форматы пилоттық режимде сынақтан өтеді.

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.Министрлік Диля Ибрагимованың қайтыс болуына байланысты оның отб...
28/11/2025

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.

Министрлік Диля Ибрагимованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне көңіл айтты.

— Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» арналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал әрі сүйікті өкілдерінің біріне айналды.

Ол отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби шеберлігі мен ұстанымы арқылы жас журналистерге үлгі бола білді. Ардақты жанның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта болсын, иманы жолдас, топырағы жеңіл болғай, — деп жазады министрлік.

27/11/2025

ҚЫЗҒАНЫШ КЕСІРІ
Асқан қатыгездіктің сұрауы! Талдықорғанда әйелін атқа сүйреп өлтірді деп айыпталған адам сот алдында жауап беріп жатыр.

ҚАУІПТІ МЕКТЕП
Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте білім алуға мәжбүр. Оның өзінде ұл-қыздар сығылысып отыр.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ СҰМДЫҚ
Ерекше баланы қинаған. Семейде балабақша тәрбиесі 5 жасар ұлды көрпемен басып ұйықтатпақ болған.

ТОЙДЫҢ ТЕҢГЕСІ
Жер сипатқан жылтырақ жарнама! Қарағандыда жеңілдікпен той жасамақ болған жұрт ақыры мейрамхана иесіне алданып қалды.

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: )

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, қор басшысы қайыры...
27/11/2025

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, қор басшысы қайырымдылыққа қатысты талаптарды бұзып, жасөспірімді қоғамдық орында қаражат сұрауға міндеттеген.

Жасөспірім адамдарды қайырымдылыққа шақырып, айқай шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны анықталған.

Сот барысында қор директоры өз кінәсін толық мойындады. Жасалған құқық бұзушылық жасөспірімнің түсініктемелері мен жиналған дәлелдер арқылы дәлелденді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес, мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сот айыпталушының жеке ерекшеліктерін және ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескеріп, қор басшысына 196 мың теңгеден асатын айыппұл салды.

Айта кетейік, сәуір айында «Елге көмек» қорының жетекшісі Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.

Ол өзін бірнеше мәрте «қазақтың Робин Гуды» деп атап, әлеуметтік желідегі парақшаларында музыкант әрі концерт пен түрлі шараларды ұйымдастырушы ретінде көрсеткен.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айттыҚасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарына...
27/11/2025

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Тілсіз жаудан 13 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды. Кейбір тұрғындар ғимарат ішінде қалып, шыға алмай қалған.

Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Жалын жөндеу жұмыстары жүргізілген қасбеттің бамбук құрылыс қаңқалары арқылы тез тараған.

Тұрғындардың айтуынша, мамырда аяқталуға тиісті болған жөндеу жұмыстары бір жылдан аса уақытқа созылып кеткен.

26/11/2025

СӘБИ ӨЛІМІ
Кесір тілігін жасамағанның кесірі ме? Тараздағы перзентханада жаңа туған сәби шетінеп, анасы өмір үшін күресіп жатыр.

ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҚТЫ
Миллиондап айыппұл арқаласа да сабақ алмаған! Ақтауды зауыттан будақтаған химиялық сары түтін басты.

ЖАЛАҚЫДАН ҚАҒЫЛҒАН
700-ден аса мұғалім 4 айдан бері көк тиын көрмеген. Ақтөбеде жекеменшік мектептің ұстаздары жалақысын даулап жүр.

АДАСҚАН ҚОЙШЫ
Үш күн бойы нәр татпапты! Жамбылда қалың тұманнан адасқан қойшы, 200 шақырым жерден аман-есен табылды.

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: )

Талғарда 12 жылға бас бостандығынан айырылған Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары соттың шығарған шешімімен келіспей, апелля...
26/11/2025

Талғарда 12 жылға бас бостандығынан айырылған Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары соттың шығарған шешімімен келіспей, апелляцияға шағым берді.

– Үкім жарияланғаннан бері 15 күн өтті. Кеше алдын ала шағым жолдадық, енді оны толықтырамыз, себебі үкім бізге тек кеше берілді. Құжатты мұқият зерттеп, талдау қажет, оның көлемі – 56 бет, – деді адвокат Нариман Кервенов.

Бұған дейін Қасымбаевтың қорғаушылары сот үкімімен келіспейтінін айтып, міндетті түрде апелляциялық шағым беретіндерін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 11 қарашасында Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша алу деректері бойынша кінәлі деп тауып, 12 жылға соттады.

Бұл іс бойынша тағы бес адамға да үкім шығарылды.

Кейінірек Алматы облысы Талғар аудандық соты Қасымбаев пен өзге сотталушыларға қатысты үкімнің мән-жайын ресми түрде түсіндірді.

Address

г. Алматы, Улица Ю. Померанцева, 1
Almaty
050013

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when КТК жаңалықтары posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to КТК жаңалықтары:

Share

ТЕЛЕАРНА САЙТЫНДА:

ЖАҢАЛЫҚТАР https://www.ktk.kz/kz/news КҮНДЕРЕК https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/ БАҒДАРЛАМАЛАР https://www.ktk.kz/kz/programs МАҚАЛАЛАР https://www.ktk.kz/kz/blog