24/10/2025
: Қазір әлемде «Қызғылт қазан» халықаралық науқаны өтіп жатыр. Оның мақсаты — әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі туралы хабарын арттыру, осы дертке шалдыққандарды қолдау.
🖇Қазақстанда жыл сайын шамамен 40 мың адам қатерлі ісікке шалдығады, оның 21 мыңы (55%-дан астамы) — әйелдер. 2024 жылдың соңында жарияланған есепке сәйкес, 230 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте тіркелген.
🩺Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандық әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрлеріне сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, жатыр денесінің обыры, аналық без обыры мен тоқ ішек обыры жатады. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының химиотерапевт дәрігері Рабиға Қадырбаевамен .kadyrbayeva онкологиялық аурулардың ерекшеліктері, пайда болу себептері, қауіп факторлары туралы сұхбаттастық.
Жалғасы — карусельде.👉