Ertenmedia.kz

Ertenmedia.kz ✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым. https://t.me/ertenmedia

Ertenmedia общественно-политический портал на казахском языке, имеющий прочную репутацию и собственный стиль в информационном пространстве Казахстана. Мы работаем круглосуточно (24/7), оперативно освещая ключевые события и предлагая читателям глубокий и профессиональный анализ актуальных тем. Ertenmedia это не просто сайт, а масштабная медиаэкосистема, объединяющая популярные площадки в социальных

сетях с большой и активной аудиторией.

В состав нашего медиахолдинга входят следующие проекты:

Наши страницы в Facebook:

«Шындықтан қаша алмайсың» — 390 тысяч подписчиков

«Жаңа Қазақстан» — 280 тысяч подписчиков

«Жұрттың баласы» — 340 тысяч подписчиков

Официальная страница портала — Ertenmedia

Страница в Instagram:

«Ertenmedia» — 40 тысяч подписчиков

Telegram-канал:

«Әшкере» — 13 тысяч подписчиков

Канал в TikTok:

«Әшкере» — 90 тысяч подписчиков

Наша широкая и разнообразная аудитория на различных платформах это уникальная возможность для размещения вашей рекламы и установления успешного партнерства.

Собственник: ИП «Султан Медиа»
Директор: Нурлан Жумахан

Атышулы Kizdar_net сайтының жұмысына біржолата нүкте қойылды. Интим қызмет ұсынатын алаңның "оборотының" өзі алпауыт ком...
16/06/2026

Атышулы Kizdar_net сайтының жұмысына біржолата нүкте қойылды. Интим қызмет ұсынатын алаңның "оборотының" өзі алпауыт компаниялардан кем түспейді екен...

Алматыда атышулы Kizdar_net ресурсының жұмысына нүкте қойылды. Алдын ала есеп бойынша, сайт арқылы түскен заңсыз табыс 2 млрд теңгеден асқан.

"Ақ жолмен" қош айтысқан Перуашев партиядан кетуі себебін ашық айтып, өзі де байқамай экс-президентке тиіп кетіпті...
16/06/2026

"Ақ жолмен" қош айтысқан Перуашев партиядан кетуі себебін ашық айтып, өзі де байқамай экс-президентке тиіп кетіпті...

«Ақ жол» демократиялық партиясын 15 жыл бойы үздіксіз басқарған Азат Перуашев төрағалық қызметінен кетті. Толығырақ бізден біл.

15/06/2026

Дін адамды надандықта қалуға емес, білім іздеуге үндейді. Абай да қазаққа ең алдымен ғылым, еңбек, ой керек екенін қайта-қайта ескертті.

Білімсіз қоғам алға баспайды, оқусыз ұрпақ өз жолын таба алмайды.

Сондықтан бүгінгі ең үлкен парыздың бірі – баланы оқыту, жастарды ғылымға, кәсіпке және ізденіске баулу.

Балқаш сотында өткен біртүрлі процесс көптің жағасын ұстатты. Туған қызынан алимент талап еткен қарияның аста-төк байлығ...
15/06/2026

Балқаш сотында өткен біртүрлі процесс көптің жағасын ұстатты. Туған қызынан алимент талап еткен қарияның аста-төк байлығы әшкере болды...

Екі қабатты зәулім коттеджі мен қымбат жол талғамайтын көлігі бар дәулетті зейнеткердің туған қызынан алимент талап еткен оқиғасы.

Сайлауалды дода қарсаңында «Әділет» партиясы депутаттық тізімді түбегейлі сүзгіден өткізуге көшіпті. «Аманаттың» дайын и...
15/06/2026

Сайлауалды дода қарсаңында «Әділет» партиясы депутаттық тізімді түбегейлі сүзгіден өткізуге көшіпті. «Аманаттың» дайын инфрақұрылымына иелік еткен жаңа ұйымның арыны қатты. Мына түрімен монополия орнатып тынады-ау...

«Әділет» партиясы алдағы додада парламенттегі мандаттың басым бөлігін иеленіп қалуды көздеп отыр. Толығырақ бізден біліңіз.

Электр арқылы жасару деген сөз бір қарағанда фантастика сияқты естілуі мүмкін. Бірақ жаңа зерттеуде қысқа импульстер ств...
15/06/2026

Электр арқылы жасару деген сөз бір қарағанда фантастика сияқты естілуі мүмкін. Бірақ жаңа зерттеуде қысқа импульстер стволдық жасушалардың жұмысын жақсартып, ағзаның қалпына келу процесін күшейткен.

Ғалымдар мұны адамның денесі ауыр жаттығудан кейін қайта серпілетін жағдаймен салыстыруда. Ендігі басты сұрақ, осы тәсіл адам жасушаларына қауіпсіз әрі тиімді әсер етуін анықтауға тіреліп тұр.

Ғалымдар қысқа электр импульстері қартаю белгілерін бәсеңдетуі мүмкін екенін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz.

Котлаваннан үй алып, дайын болғанда қымбатқа өткізіп жіберетін оңай схема келмеске кетті. Бұрын 30-40 пайыз пайда көрген...
15/06/2026

Котлаваннан үй алып, дайын болғанда қымбатқа өткізіп жіберетін оңай схема келмеске кетті. Бұрын 30-40 пайыз пайда көргендер болса, қазір ондай пайда жаоқ екенін сарапшылар айтты.

Салық, комиссия, күту уақыты, нарықтағы сұраныс бәрін қосқанда қолда қалатын табыс мардымсыз деңгейге түсіпті. Қолыңыздағы ақшаңызды котлаванға салып, уақытты текке кетірмеңіз!

Енді құрылыстың бастапқы кезеңінде пәтер сатып алу бұрынғыдай жоғары пайда әкелмейді, деп жазады Ertenmedia.kz.

Кеше ғана "Аманаттың" жаназасын шығарған Жаңа Қазақстан енді Құлыбаевты түртпектей бастады. Атыраудағы танымал депутат к...
15/06/2026

Кеше ғана "Аманаттың" жаназасын шығарған Жаңа Қазақстан енді Құлыбаевты түртпектей бастады. Атыраудағы танымал депутат күйеубаланың иелігіндегі активті елге қайтару керек деп жатыр. Тимекең былтыр күреп табыс тауыпты....

Ақордаға Атыраудың астындағы қара алтынды олигархиялық уыстан шығарып, қазынаға қайтару туралы талап жолданды.

⚡️Есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат...
14/06/2026

⚡️Есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...

Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат» туғанына ай толмаған «Әділеттің» етегінен ұстап кете барды.

Ertenmedia.kz күні бұрын болжаған саяси сахнадағы «ребрендинг» (бәлкім, рестайлинг) апай-топай, апыл-ғұпыл өткендей әсер қалдырды.

Алдымен Астанадағы съезде Ерлан Қошанов өзі басқаратын партияға қатысты жағымсыз ассоциация барын айтып, халықтың өкпе-назынан шаршаған алып құрылым «күнәдан тазару» ритуалынан өтуі керектігін меңзеді.

Қош, сонымен кім-кімді жұтты өзі?

Формалды түрде «Әділет» «Аманатты» өзіне серік қылды. Ал іс жүзінде Назарбаев дәуірінің сарқыншағы іспетті алып машина жаңа брендтің ішіне емін-еркін жайғасты. Алдағы бес-алты айда партияның бүкіл аппараты «Әділеттің» қойны-қонышына еніп, тегіс көшіп келеді. Ашығын айтқанда, есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр.

Содан болар, тақтайшадағы атауының өзінен Назарбаевтың сұлбасы көрінетін партияның жаназасын шығару рәсімі құдды бір той секілді, шат-шадымен көңіл-күйде өтті.

Сахнаға жаңа кәстүм киіп шыққан ескі партия «Әділеттің» молекуласын өзгертуге ертеңнен бастап-ақ қызу кірісе бастайды. Ал Айбек Дәдебай үлкен әкімшілік аппаратқа айналып үлгерген құрылымды түгел тазартып, әдетін түзейді дегенге әй, сену қиын.

Бастысы маңдайшадағы жазу өзгерді. Қабырғадағы жарық пен едендегі сызатқа тым құрығанда косметикалық ремонт жасала ма, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетеді.

❗️Оқиғаның толық хронологиясын телеграм арнамыздан оқыңыз. Сілтеме профильде.

⚡️Есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат...
14/06/2026

⚡️Есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...

Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат» туғанына ай толмаған «Әділеттің» етегінен ұстап кете барды.

Ertenmedia.kz күні бұрын болжаған саяси сахнадағы «ребрендинг» (бәлкім, рестайлинг) апай-топай, апыл-ғұпыл өткендей әсер қалдырды.

Алдымен Астанадағы съезде Ерлан Қошанов өзі басқаратын партияға қатысты жағымсыз ассоциация барын айтып, халықтың өкпе-назынан шаршаған алып құрылым «күнәдан тазару» ритуалынан өтуі керектігін меңзеді.

Қош, сонымен кім-кімді жұтты өзі?

Формалды түрде «Әділет» «Аманатты» өзіне серік қылды. Ал іс жүзінде Назарбаев дәуірінің сарқыншағы іспетті алып машина жаңа брендтің ішіне емін-еркін жайғасты. Алдағы бес-алты айда партияның бүкіл аппараты «Әділеттің» қойны-қонышына еніп, тегіс көшіп келеді. Ашығын айтқанда, есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...

Мәйегі осы тұста, ағайын👇

https://t.me/ertenmedia/5018

Address

абылай хан 79
Almaty

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ertenmedia.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ertenmedia.kz:

Share