13/06/2026
2026 жылдың 13 маусымында Қазақстан киногерлер одағының құрылтайына қатысу бақыты бұйырды.
Құрылтай барысында Қазақстан киногерлер одағы Басқармасының жылдық жұмыс есебі тыңдалып, «Кино үйін» жаңғырту және жөндеу жұмыстары бойынша таныстырылым ұсынылды. Сонымен қатар, Одақтың алдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кино саласының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кино – тек өнер ғана емес, ол халықтың тарихын, мәдениетін, рухын және болашаққа деген көзқарасын қалыптастыратын қуатты құрал. Сондықтан кино саласының дамуына үлес қосу – ұлттың рухани дамуына қызмет ету деген сөз.
Бүгінгі кездесу шығармашылық адамдардың басын қосып қана қоймай, отандық киноның болашағына деген сенімді нығайтты. Алға қойған мақсаттарымыз көп, атқарар жұмыстарымыз ауқымды. Ең бастысы – бірлік пен ортақ мақсат бар.
Өнер мен мәдениетке қызмет ету – ұрпаққа қалатын ең құнды мұралардың бірі.
Қазақстан киносы жаңа белестерді бағындырып, әлемдік деңгейде өз орнын нығайта берсін!
Айта кету керек, соңғы уақытта Қазақстан киногерлер одағының жұмысы жаңа қарқынға ие болды. Одақ басшылығына келгеннен кейін Адай Абельдинов ұйымның дамуына тың серпін беріп, көптеген маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Бүгінде шығармашылық қауымдастықтың бірлігі нығайып, кино саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. «Кино үйін» жаңғырту жобасы, жаңа жоспарлар мен ашық диалог алаңдарының қалыптасуы — осы өзгерістердің айқын көрінісі. Бұл Қазақстан киносының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, саланың болашағына деген сенімді күшейте түседі.
#ҚазақстанКиносы #КиногерлерОдағы #КиноӨнері #Мәдениет