Ana Tili

Ana Tili Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ana Tili, Media/News Company, Абылай хан, 58 А, Almaty.

Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылдан жарық көреді. Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.

Бүгінгі кейіпкеріміздің 1992 жылдың мамыр айында «Ақ желкен» журналына «Әже қасіреті» деген әңгімесі жарық көрген. Қатыг...
03/10/2024

Бүгінгі кейіпкеріміздің 1992 жылдың мамыр айында «Ақ желкен» журналына «Әже қасіреті» деген әңгімесі жарық көрген. Қатыгезденіп бара жатқан қоғамда мейірім керек екенін әже мен немере арасындағы жылылық арқылы көрсетуге ұмтылған шығарма авторы әрі қарай жаза түссе, қаламы қарымды жазушы да атанар ма еді, кім білсін? Бірақ кейіпкеріміз жазушылық жолды таңдамапты. Бірақ ол жолдан алысқа да ұзай қоймағандай. Ол енді жазушы мен оқырманның арасын байланыстырар кітапханашы деген қадірлі мамандықты асқақтатып жүрген жан. Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Ғазиза Құдайберген.

Қарагөз СІМӘДІЛ, «Ana tili» Бүгінгі кейіпкеріміздің 1992 жылдың мамыр айында «Ақ желкен» журналына «Әже қасіреті» деген әңгімесі жарық көрген. Қатыг...

«Жақсы кітап – жан азығы» деген жұрт жауыр қылған сөз бар. Жаттанды болса да жарығын жоғалтпайтын тіркес бірақ. Оны жақс...
02/10/2024

«Жақсы кітап – жан азығы» деген жұрт жауыр қылған сөз бар. Жаттанды болса да жарығын жоғалтпайтын тіркес бірақ. Оны жақсы кітап қолыңа тигенде жаныңмен ұғасың. Мәселен, мына қолымыздағы қоңырқай түсті кітап. Ішкі мазмұны мен сыртқы келбеті үйлескен. Жал-құйрығы сүзіліп, бүкіл құрылымы хас шебердің қаламымен түзіліп, тілі төгіліп, үтір-нүктесіне дейін өріліп тұр. Мұндай кітап оқуға деген құлшынысыңды одан сайын арттырмай ма? Оқыдық. Бұрын да оқығанбыз. Тек кітаптан емес. Әлеуметтік желіден. Автордың жеке парақшасынан. Көкірегімізге талайы жатталып та қалған. Тандырдан жаңа шыққан нан секілді. Сол баяғы ыстық күйі. Шабыттың буын айтамыз. Мидағы ой суып үлгермей, бунақ-бунақ сөз болып түсе қалған. Таза піскен сөз дәнегі мың қайтара оқысаң да, жаңа қолға алғандай күй кештіреді.

«Жақсы кітап – жан азығы» деген жұрт жауыр қылған сөз бар. Жаттанды болса да жарығын жоғалтпайтын тіркес бірақ. Оны жақсы кітап қолыңа тигенде жаныңмен ұға....

Іс-шарада 10 кітаптың тұсауы кесілді. Олар: «Алаш тарихы: Ресейдегі Алаш ізі», «Қайраткер Ораз Қиқымұлы Жандос: өмірі, қ...
01/10/2024

Іс-шарада 10 кітаптың тұсауы кесілді. Олар: «Алаш тарихы: Ресейдегі Алаш ізі», «Қайраткер Ораз Қиқымұлы Жандос: өмірі, қоғамдық саяси қызметі», «Жетісудағы алаш тарихы: Жаркент іздері», «С.Б. Алашинский», «Ұлтты оятқан ұлы сөз» сериясымен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқайдың кітаптары, «Алаш кітапханасы» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұғыман Манай дың«Иман-ислам» шығармалар жинағы.
Іс-шараға Алаш ұрпақтары Үміткен Сүйіншәліқызы, Жандарбек Қырықбайұлы (Ыбырайым Жайнақұлының ұрпақтары), Нұршакен Жеңісқызы (Мұхамеджан Тынышбайдың ұрпағы), Гүлнәр Нарманбетқызы (Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы), Шаймерден Амандық (Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы), Елтай Хакімжанұлы (Уәлитхан Танаштың ұрпағы) қатысты.

Ұлттық кітапханада «Qyr balasy» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Алаш – рухты оятқан ұлы сөз» атты кітаптардың таныс­тырылымы өтті. Іс-шараға Бейбіт Қ...

Осы мысалға сүйенсек, эмоциялық толғанысты бейнелейтін фразеологизм мағыналарының уәж негіздерінде мынадай дүниелер жатқ...
30/09/2024

Осы мысалға сүйенсек, эмоциялық толғанысты бейнелейтін фразеологизм мағыналарының уәж негіздерінде мынадай дүниелер жатқаны байқалады:
1) Адамның іс-әрекетінен көрінетін реакция: бармағын тістеу (шайнау), шашын жұлу, бетін жырту;
2) Адам өзін-өзі бақылай алмаған кезде көрінетін қысқа мерзімді құбылыс: арқасын аяз қарығандай болу, аяқ-қолы қалтырау, көзі қарауыту (бұлдырау);
3) Толғанысты тудырған себептердің аяқ астынан болуына байланысты ішкі ағзалардың қызметіндегі өзгеріс: тілі байлану (күрмелу), өкпесі аузына тығылу, тамағына тас тығылғандай болу, жүрегі май ішкендей кілкілдеу (болу);
4) Қатты толқыған кездегі төтенше өзгерістер: төбе шашы тік тұру, өң жоқ, түс жоқ, көкірегі (жүрегі) қарс айырылу, қаны басына шабу.

Инемен құдық қазғандай деуге болатын ғылым жолында жүрген қыз-келіншектер, әйелдер, шүкір, баршылық. Олардың еңбегіне құрметпен қарау, бағалау, әрине, қажеттілік д....

Совет кезінің соңғы күндері Алаштың саяси, ғылыми элитасы: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мір...
29/09/2024

Совет кезінің соңғы күндері Алаштың саяси, ғылыми элитасы: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайлар ақталған уақыттарда, 1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «Тілдер туралы Заң» сол кез үшін өте маңызды болды. Қазақ тілінде сөйлеуді қатардан шығарған әуелі патша, кейін кеңестік билік ана тілімізді қорлау­дың шегіне жеткен кез еді. Ресми билік бастаған атқамінерлер орысша сөйлейтін. Қорғалатын ғылыми диссертациялар орысшаға аударылған жағдайда ғана Мәскеуде бекітілетін. Алаш саяси элитасының ақталған кездегі рухымен ана тілінің мерейі үстем болғаны әлі де таңғалдырады. Ол кезде Салық Зиманов, Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, Манаш Қозыбаев, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Мағауин, Рәбиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Өмірзақ Айтбаевтар бастаған ресми билікке сөзі өтетін біраз ұлтшыл ғалымдар болғандықтан да шығар.

1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Заңның» тарихи маңызы зор. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін бұл заң қазақ тілін...

Соның бірі – Тіл туралы заңның қабылдануы. Құрамында 26 адамы бар комиссия құрылды. Колбин «Қане, жолдастар! Не істейміз...
28/09/2024

Соның бірі – Тіл туралы заңның қабылдануы. Құрамында 26 адамы бар комиссия құрылды. Колбин «Қане, жолдастар! Не істейміз, қалай шешеміз?» дегенде бір ақсақал академик солқылдақтық танытып, «Қазақстанда орыс тілі қазақ тілімен қатар, мемлекеттік тіл болуы керек» деген пікір айтып қалады. Айтуын айтқанымен, өзіне-өзі сенімсіз, дұрыс айттым ба, бұрыс айттым ба деп жалтақтаған күйде болды. Колбин Тіл білімі институты директорына мойнын бұрып, «Қайдаров жолдас, сіз қалай ойлайсыз? Қазақ КСР-інде мемлекеттік тіл қай тіл болуы керек?» деп сауал қойды. Әбекең «Алла өзі берген жанын өзі алады, жалтақтамай шындықты айтуым керек» деген принциппен «Қазақстанда мемлекеттік тіл дүбәрә екі тіл болмауы қажет, тек қана бір тіл, яғни тек қазақ тілі болуға тиіс» деп төбеден найзағай ойнатқандай пікірін айтты. Колбин не істерін білмей отырып қалады. Комиссия құрамындағы 26 адамның барлығы үн-түнсіз. Әбекең үйіне келген соң бәйбішесіне: «Әй, осы ертең мені орнымнан алып тастайды-ау», – депті. Жұбайы Шекер Исақызы: «Ой, Әбеке, бізге сенің бар болғаның, денсаулығың керек. Қызмет деген қолдың кірі емес пе, оны уайымдама», – деген екен. Сонымен, Әбдуәли Қайдаров ертеңіне жұмысқа келіп: «Енді мені алып тастайды ғой» деп үстелінің үстін тазалап, кетуге дайындалып отырады. Жалпы, Әбекең табиғатынан өте сабырлы, қаһарман адам, ештеңеден айылын жимайды. Сол сәттің өзінде «алса, ала берсін, халқымның алдында менің арым таза» деген асқақ оймен қызметінен кетуге ыңғайланған. Бірақ ол күні де, ертесіне де, ол аптада да ешкім келмейді, ол кісіні ешкім орнынан алмайды. Бұл Колбиннің, биліктің қазақ тілінің қазақ жерінде басым болуының міндетті екенін мойындағанының дәлелі болып шықты. Тіл мәселесінде бұл сөз Әбдуәли Қайдаровтың ғана емес, бүкіл қазақтың жеңісіне айналды.

Элеонора Әзіржан, «Ana tili»   «Біздің елде мемлекеттік тіл біреу ғана – қазақ тілі». Академик Әбдуәли Қайдардың осы сөзі қазақ тілінің болашағын а...

Ғарифолла Әнес – сол ғасырдан ұзақ аманатты жан-жүрегімен түсінген, аманатқа адал болуға ұмтылған санаулы ғалымдарының б...
27/09/2024

Ғарифолла Әнес – сол ғасырдан ұзақ аманатты жан-жүрегімен түсінген, аманатқа адал болуға ұмтылған санаулы ғалымдарының бірі. Олай дейтініміз, «Өлімі жылаусыз, құны сұраусыз кеткен» талай бабаларымыздың еңбегін тасқа басты, есімін елі ұмытпайтындай етіп еңбек сіңірді. «Шерлі шежіре. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ газет-журналдары» мегажобасы аясында ХХ ғасыр басындағы ұлттың сөзін айтқан «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» басылымдарын төте жазудан кирилл қарпіне аударып, қалың оқырманға ұсынды. Зұлмат заманның тарихи-құжаттық келбетін де кітап қылып қаттады.

Қазақ ғылымы білімі терең, еңбегі ерен зерттеушісінен айырылды. «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі, филология ғылымының докторы, профессор, &la...

«Қонақүй», «қонақжай», «асүй», «тұрғынжай» сөздері сөздікте қосылып жазылған да, «тұрғын үй» сөзі бөлек берілген. Алдыңғ...
26/09/2024

«Қонақүй», «қонақжай», «асүй», «тұрғынжай» сөздері сөздікте қосылып жазылған да, «тұрғын үй» сөзі бөлек берілген. Алдыңғыларындай соңғы сөз де қосылып жазылуға тиіс. Сондай-ақ «киіз үй» бөлек, ал «киізкітап» қосылып жазылған. Егер бұл сөздерге қатысты өзгеше ереже бар болған жағдайда, оны тіл мамандары түсіндірсе, қабыл алар едік.
Орфографиялық сөздікте «ауылшаруашылық», «ауылшаруашылығы», «теміржол» деп берілген, бірақ тиісті министрлік пен ұлттық компанияның сайттары мен бланкілерінде бұл сөздер «Ауыл шаруашылығы министрлігі», «Қазақстан темір жолы» деп бөлек жазылып жүр. Мұндай мәселені шешу үшін арнайы мекемелерге (бәлкім, Тіл комитетіне) бұрыс жазуларды түзеу үшін ерекше құзырет беру керек.

Қазақ орфографиясының қалыптасуына Рәбиға Сыздық һәм өзге де мүйізі қарағайдай ғалымдар емле ережелерін жасауға көп еңбек сіңіргені мәлім. Ол кісілерге алғысымы....

25/09/2024
Араб тiлiнiң сөздiктерiнде қол ағасы (қул ағаси) сөзi кездеседi. Оны «әскери шен» деп аударған. Оған әскери лексиканы зе...
23/09/2024

Араб тiлiнiң сөздiктерiнде қол ағасы (қул ағаси) сөзi кездеседi. Оны «әскери шен» деп аударған. Оған әскери лексиканы зерттеген ғалым Т.Байжанов­тың еңбегiнен мысал келтiрейiк. XV ғасырдағы қазақ әскери лексикасының құрамында жауынгерлiк құрамалардың атауы ретiнде қол сөзi белсенді қолданылды. Тарихи әдебиеттерде, ақын-жыраулардың толғауларында қол сөзi, негiзiнен, мынадай екi мағынада қолданылды: «құрамы, саны белгiсiз әскери құрама» және «қылыш». Мысалы: Батыр жiгiт жау бастар, Аға жiгiт қол бастар (Шалкиiз жырау). Орта ғасырларда көпшiлiк түрік тiлдерiнде қол сөзiнiң қатысуымен туындаған күрделi әскери терминдер болған. Ал қол ағасы терминi қазақ эпостарында әскердiң бiр бөлiгiнiң басшысы ұғымында қолданылған. Мысалы: Мен Сейiлдiң ұлы Қараман, Қазанға кетiп барамын, Жүрмеймiсiң, құрдасым, Қол ағалық қыламын («Батырлар жыры»).

Ұлбала Алжанбаева, филология ғылымының кандидаты, шығыстанушы-ғалым   Тіл дамуын тоқтатпайды. Ендеше, осы күні даудың өзегіне айнала бастаған кірме сөздерге ...

Біз сөзге тартқан жүргізушілер немесе көлік жөндеу орталығы шеберлерінің көпшілігі «қазақтілді контентті  koleso.kz, tik...
22/09/2024

Біз сөзге тартқан жүргізушілер немесе көлік жөндеу орталығы шеберлерінің көпшілігі «қазақтілді контентті koleso.kz, tiktok, Instagram желілерінен табасыз, біз көбінесе салалық терминдердің аудармасын сол жақтан оқып жүрміз» деп жөн сілтеген. Сондықтан, алдымен, koleso.kz сайтына үңілдік. Сайт «көліктер, қосалқы бөлшек, коммерция, жөндеу және сервис, айыппұлды тексеру, жол және тұрақ» делініп, бірнеше қосымшаға бөлінген. Қосымшаның қай бөлімін ашып қарасаңыз да, барлығы қазақ тілінде толтырылыпты. Мәселен, «қосалқы бөлшектер» бөлігін қарап көрелік. Мұнда «қосалқы бөлшектер, бөлшек сату, мотобөлшектер, дөңгелектер, дискілер, аксессуарлар, мультимедиа, майлар және автохимия, бөлшекке сатылатын авто, дөңгелек және диск дүкендері, бөлшек дүкендері, бөлшектеу, қосалқы бөлшек сатушылары...» деп кете береді. Бөлімдерге бөлініп, қазақшасы тәп-тәуір толтырылған.

Бағдагүл Балаубай, «Ana tili»   Қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру – қазіргі басты талап. Бұл тұрғыда таза қазақ тілінде сөйлеуге ...

Address

Абылай хан, 58 А
Almaty

Opening Hours

Monday 10:00 - 18:00
Tuesday 10:00 - 18:00
Wednesday 10:00 - 18:00
Thursday 10:00 - 18:00
Friday 10:00 - 18:00

Telephone

+77272737439

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ana Tili posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ana Tili:

Share