23/06/2025
📜 Қазіргі қолданыста «шалақазақ» деген сөз жағымсыз мағынада, көбіне мысқыл, сөгіс сипатында естіледі. Қазақшасы шала не мәдени бірегейлігінен айырылып қалғандай көрінетін адамдарға солай деп жатамыз. Алайда тарихи тұрғыдан бұл сөздің мәні мүлде бөлек болған. Бұрын «шалақазақ» деп екі ұлт өкілінің некесінен, яғни аралас некеден туған адамдарды айтатын.
Ал аралас некелер Қазақ хандығы тұсында іргені нығайтатын маңызды механизм іспетті еді. Өзге ұлттан қыз алып, қызын жатқа беруде салқынқанды есеп те, дипломатия ойыны да, мәжбүрлік те бар, кейде тіпті дәстүрге қайшы келсе де, адамның өз қалауы да болатын. Тарихшы Аманжол Қалыштың 15-ғасырдан 20-ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы аралас неке тарихы туралы зерттеуінің екінші бөлімін сайтымыздан оқи аласыздар —> qalam.global
#қазақтарихы #қазақхандығы #абылайхан #араласнеке #қазақ #қырғыз #ноғай #татар #түрікмен #башқұрт #қарақалпақ