Qalam Tarih

Directions Website

Qalam Tarih Тарих пен мәдениет турасындағы Қазақстандағы бірінші мультимедиалық БАҚ

ҚАЗАҚ-НОҒАЙ БІР ТУҒАН БА?Тілі мен тұрмысы қазаққа ұқсайтын бауырлас ноғай елі қалайша тарыдай шашырап, көзден бұлбұл ұшт...
09/10/2026

ҚАЗАҚ-НОҒАЙ БІР ТУҒАН БА?

Тілі мен тұрмысы қазаққа ұқсайтын бауырлас ноғай елі қалайша тарыдай шашырап, көзден бұлбұл ұшты? Ортақ тамырымыз бен бірлігінен айырылған алып елдің қасіретті тағдырын бүгінгі материалдан біліңіз.

ТАҢҒАЖАЙЫП ҰҚСАСТЫҚ

16-ғасырда Батыс Қазақстан даласында қазақ пен ноғай қатар кездессе, оларды мүлде ажырата алмас едіңіз. Тарихшы Ернар Ужкенов екі елдің тұрмысы ортақ болған дейді: киіз үйі, ат әбзелі, салт-дәстүрі мен әскер өнері бір-бірінен аумайтын.

Тіпті филологтар екі халық тілінің лексикалық туыстығын 97–98% деп есептейді. Екі халықты бөліп тұрған тек Жайықтың екі жағалауындағы көш жолдары еді.

«ХАН ЖАСАУШЫ» ЕДІГЕ

Алтын Орда ыдыраған «Ұлы бұлғақ» заманында ең қуатты Маңғыт ұлысы жеке мемлекеттің іргесін қалай бастады. Бірақ Маңғыт билеушісі Едіге Шыңғыс хан тұқымынан емес еді.

Өз билігін заңдастыру үшін ол таққа қуыршақ хандарды отырғызып, елді солардың атынан өзі басқарған. Дәл осы Едіге бидің тұсында Ноғай Ордасының дербес саяси ошағы қалыптасты.

САРАЙШЫҚТЫҢ АЛТЫН ДӘУІРІ

Мұса бидің тұсында «Ноғай» саяси атауы біржола орнығып, ұлыс қуатты мемлекетке айналды.

Ноғай Ордасы Жайық бойындағы Сарайшық қаласын өз астанасы етті.

Маңғыттар даладағы сан жағынан ең көп әрі ықпалды әскери күшке айналды. Кейін Бұхараны 1920 жылға дейін билеген де дәл осы маңғыт әулеті еді.

БІР ЕЛДІҢ ІШТЕЙ ЖАРЫЛУЫ

Бұл екі бөлек халықтың соғысы емес, бір халықтың іштей жарылуы еді.

Саяси мүдделер қақтығысқанда, Ноғай елі екіге айырылды: бір бөлігі Исмаил биді, екіншісі Назар ханды жақтады.

Тарихшы Ержан Ужкеновтың айтуынша, осылайша ғасырлар бойы құдандалы болып келген, мәдениеті біртұтас бауырлар саяси араздықтың құрбанына айнала бастады.

ҰЛЫ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ КҮЙРЕУІ

Ішкі алауыздықпен қатар келген табиғи апаттар империяның шаңырағын шайқалтып жіберді.

Ұзаққа созылған жұт пен індеттер елді ашаршылыққа ұшыратты.

Астанасы Сарайшық бірнеше рет талан-таражға түсіп, орталық биліктің әлеуеті толықтай күйреді.

ТАРЫДАЙ ШАШЫРАҒАН ХАЛЫҚ

17-ғасырда Еділ мен Жайыққа қалмақтар басып кіргенде, тоз-тозы шыққан ноғайлар біртұтас әскер шығара алмады. Келімсектер ең сулы өрістерді тартып алғанда, ноғайлар амалсыз босып кетті.

Бiр бөлігі батысқа (Қырым хандығы мен Кубаньға), екінші бөлігі шығысқа – қазақтарға қарай ауа көшуге мәжбүр болды.

НОҒАЙЛАР ҚАЗІР ҚАЙДА ТҰРАДЫ?

Бүгінде ноғайлар Ресейдің Астрахан өлкесінде өмір сүріп жатыр. Ставрополь өңірінде, Кубаньда да ноғайлар бар.

Сонымен қатар, тарихшының сөзінше, ноғайлар қазіргі Қазақстан аумағында ру-тайпа топтары болып сақталған.

Қазақ пен ноғайдың біртұтас өткені бар. Ақын-жыраулары да ортақ, мақал-мәтелдері де ортақ.

08/10/2026

19-ғасырда қажылыққа аттанып, теңіз қарақшылары мен алаяқтар кесірінен елге 25 жылдан кейін әрең оралған Исмаил көпестің таңғажайып тағдыры.

#қажылық #орынбор #тарих #қазақ #қажы

«ЕРКЕКТЕРДІҢ ӨТІРІГІНЕ ТӨЗБЕЙМІН»Роман жазған алғашқы қазақ әйелі«Біз еркектердің қолындағы шылдырмақ емеспіз!» — Сара М...
08/10/2026

«ЕРКЕКТЕРДІҢ ӨТІРІГІНЕ ТӨЗБЕЙМІН»
Роман жазған алғашқы қазақ әйелі

«Біз еркектердің қолындағы шылдырмақ емеспіз!» — Сара Мыңжасарова замандас ер жазушылардың қазақ әйелі туралы жазғандарына және сол кездегі цензураның қысымына қалай қарсы шықты?

МАЙДАНҒА АЙНАЛҒАН ҚАЛАМ

Орталық Азиядан шыққан тұңғыш романшы әйел Сара Мыңжасарова әдебиетке атақ үшін емес, замандас ер жазушылардың өтірігіне ызаланғаннан келді.

«Қазақ әйелдері еркектердің шығармаларындағыдай боркемік, ибалы, төменшік емес, қайсар әрі өр болған».
Қазақ ер қаламгерлері әйел образын жай ғана «шылдырмаққа» айналдырғанын көрген ол, шындықты өз қолымен жазуға бел буады.

ТҰҢҒЫШ ҚОЛЖАЗБА ЖӘНЕ ТАС ҚАМАЛ

Зертеуші Лаура Бердіқожаеваның айтуынша, ол алғашқы романын жазғанда кеңес беретін бір де бір адам таппай, қатты қиналады.

Танымал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қолжазбаны екі ай ұстап, «қолым тимеді» деп кері қайтарған екен.

Тек композитор Ахмет Жұбанов қолжазбаны бір түнде оқып шығып: «Басқалар не десе де, жаза бер!» деп оған демеу болды.

ТАҒДЫРДЫҢ ҚАТЫГЕЗ СОҚҚЫЛАРЫ

1970 жылдары жазушының басына ауыр қайғы түсті: кенеттен жолдасынан, кейін анасындай болған енесінен айырылды. Ең сұмдығы – 1970 жылы жиырма жастағы ұлы Оспан қаза табады.

Осы орны толмас қасіреттен кейін ол ұзақ уақыт бойы қолына қалам ала алмай қалды.

ОТАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БЕТПЕРДЕСІН СЫПЫРУ

«Казахстанская правда» газетінде жұмыс істеп жүріп, ол кеңес саясатының қазақ тілі мен баспасөзін құртуға бағытталған шынайы бет-бейнесін көреді.

Сара Мыңжасарова өз шығармаларында кеңестік саясат пен отарлық режимнің қазақ әйеліне таңған «жабайы, артта қалған» деген айыбын тас-талқан етті.

Ол қалыңмал мен әмеңгерлік сияқты салттардың бұрмалануы – дәстүрдің емес, отарлық қысымның салдары екенін ашық жазды.

«ТӨЗІМ ШЕҢБЕРІ» ЖӘНЕ ЦЕНЗУРА

Оның екінші романы «Төзім шеңберінде» Мәскеуде оқып, отарланған сананың жетегінде кеткен Сәлкен есімді қазақ азаматының өз әйелін «мәдениетсіз» деп тастап кетуі суреттеледі.

Зерттеуші Лаура Бердіқожаеваның дерегінше, қолжазбаны сол кездегі бас редактор Мұхтар Мағауин ескертпе жасап, қайта жазып шығуға кеңес береді. Тіпті кейін одан саясатқа қайшы келетін тұстарды алып тастау және ашаршылық жылдарын «жұмсарту» талап етіледі.

Ақыры роман 1987 жылы едәуір қысқартылған күйінде жарық көреді.

ДАЛАЛЫҚ ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ

Сара Мыңжасарова қазақ әйелдерін кеңестік идеология айтқандай «құрбан» емес, ұлттық мәдениет пен ислам этикасының сақтаушысы ретінде бейнеледі. Жазушының анасы партия қызметкері болса да, Құранды көк барқыт дорбаға салып, жастығының астына жасырып ұстаған.
Оның кейіпкерлері – біреудің қолындағы ойыншық емес, өз тағдырын өз моральдық компасымен айқындайтын дербес тұлғалар.

СЫНБАҒАН РУХТЫҢ ЖЕҢІСІ

Әйелдер арасында Орталық Азияның тұңғыш романисі ер қаламгерлер қалыптастырған жанрды алып, оны әйел көзқарасының, отаршылдыққа қарсы күрестің құралына айналдырды.

Оның шығармашылығы – кеңестік патриархалдық іргетасты сөзбен сөккен ерекше құбылыс.

Сара Мыңжасарова қазақ әйелінің абыройын қалпына келтіру арқылы бүкіл ұлттың мәдениеті мен ар-намысын қорғап қалды.

ҚАЗАҚТАР ЖЫЛҚЫНЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕГЕН?Заманауи ветеринария мен антибиотиктер шықпай тұрып-ақ, көшпенділер жылқыға күрделі ота ж...
07/10/2026

ҚАЗАҚТАР ЖЫЛҚЫНЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕГЕН?

Заманауи ветеринария мен антибиотиктер шықпай тұрып-ақ, көшпенділер жылқыға күрделі ота жасап, тіпті өзіндік «вакцина» ойлап тапқан. Бірақ дала оташылары дертті ауыздықтау үшін қандай қауіпті де таңғаларлық амалдарға жүгінді және бұл әдістер әрдайым сәтті болды ма? Бұрынғы қазақтардың ветеринариялық сырлары мен құпия тәсілдерін білу үшін бүгінгі материалды оқыңыз.

ДЕНДЕГЕН ДЕРТТІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?

Жылқы көшпенділер үшін төрт түліктің бірі ғана емес, өмір мен майданның басты тірегі болды. Заманауи ветеринария келмей тұрып-ақ, көшпелілер малдың тыныс алысы мен көзінен-ақ дертті жазбай таныған.

Бірақ олар қауіпті індеттермен қалай күресті?

ШӨП ҚАЙНАТПАСЫ ЖӘНЕ УЛЫ ЖЫЛАН

Өкпесі қабынған жылқыға Гиппократ пен Ибн Сина жазған қарандыз шөбін қайнатып ішкізген. Ал паразиттерді түсіру үшін малға өлген улы жыланды жұтқызатын таңғаларлық амалдар болған.

Тіпті ғылыми вакцинация пайда болмай тұрып, қазақтар өз «екпесін» жасап шығарды…

ЕҢ АЛҒАШҚЫ «ДАЛА ВАКЦИНАСЫ»

Күл мен аусыл жайлағанда, оташылар өлген малдың өкпесін сау малдың құлағын тіліп, ішіне салып тігіп тастайтын. Осылайша, ағзада ерте бастан иммунитет қалыптастырып, отарды қырылудан аман алып қалған.

Ал егер жылқының ішегі түйіліп, өлім аузында тұрса не істеген?

АПИЫН, ТҰЗ ЖӘНЕ СІҢІР ЖІП

Ішегі түйілген жылқының қарнын жарып, ішек түйінін жазған соң, терісін сіңір жіппен қайта тігіп қоятын.

Ал топалаң ісігін қызған темірмен қарып, астына апиын салып, үстіне молынан тұз сепкен.

Бірақ дала медицинасы әрдайым сәтті бола берді ме?

СУДАҒЫ ҚАН ТАМШЫСЫ

Аурудың бетін анықтау үшін қандауырмен тамырды шертіп, бірнеше тамшы қанды суық суға тамызған.

Қан су түбіне тез шөксе – кесел асқынғаны, ал су бетіне жайылса – аурудың енді басталғаны.

Дегенмен кейде ауыр қателіктерге де ұшырасып жататын...

КӨЗГЕ ТҮСКЕН НОҚАЛА

Мәселен, жылқының көзіне ақ түскенде (ноқала), оны шеміршек өсіп кетті деп ұғып, үшінші қабағын пышақпен кесіп алып тастаған.

Жазылмаған жараға қант пен ағаш көмірінің ұнтағын сепкенімен, бұдан көз жазыла қоймайтын.

ШАРАСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ АЛА ЖІП

Лаж қалмағанда, отарды екі оттың арасынан не ала жіптің астынан айдап өткізіп, мазарларды айналдыра жетелеген.

Тіпті «бастан құлақ садаға» деп ауырған малдың құлағын кесіп құрбандық еткен.

06/10/2026

Қазақ табақ тартқанда неге асықты жілік пен мойын омыртқаның сүйегіне пышақ тигізбейді? Этнограф Досымбек Қатран оның мәнін түсіндіріп берді.

#асықтыжілік #жілік #табақтарту #ет #этнография

04/10/2026

1960 жыл. Алматыда өткен ақындар айтысы. Ұлттың алтын қоры, тарихи сирек кадрлар!

📹ҚР ОМ КФДЖА

#айтыс #жетісу #ақын #қазақөнері #архив

01/10/2026

«Көшпелі өзбек мемлекеті» деген түсінік шынымен дербес ел ретінде болған ба, әлде бұл қолдан жасалған термин бе? Бұл сұраққа тарихшы Еркін Әбіл жауап берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.

#көшпеліөзбекмемлекеті #тарихитермин #еркінәбіл #тарихшы

01/10/2026

100 жыл бұрын шоколад фабрикасы қалай салынды?

БАЛАНЫҢ ТҰСАУЫН НЕГЕ ҚАЙШЫМЕН КЕСПЕГЕН?Баланың алдына ақша мен кілт қою - ғасырлар бойы сақталған тұсаукесердің түпкі мә...
30/09/2026

БАЛАНЫҢ ТҰСАУЫН НЕГЕ ҚАЙШЫМЕН КЕСПЕГЕН?

Баланың алдына ақша мен кілт қою - ғасырлар бойы сақталған тұсаукесердің түпкі мәнін бұрмалау ма? Бұл ғұрыптағы қайшыға салынған тыйым, ұмыт болған «Тұсаукесер жыры» және дәстүрдің астары туралы төмендегі мәтіннен біле аласыз.

БАЛАНЫҢ ТҰСАУЫН НЕШЕ ЖАСТА КЕСЕДІ?

Этнограф Тәттігүл Қартаеваның сөзінше, баланың аяғы қай кезде шықса, сол кезде тұсау кескен. «Қазір біз баланың 1 жасқа толғанын тойлап, тіпті, аяғы әлі шықпаса да, тұрсауын сол кезде кесіп жүрміз. Бірақ байырғы қазақ баланың аяғы 7 айда шықса, 7 айда, 1,5 жасында шықса, сол кезеңде тұсауын кескен» дейді ол.

ТЫЙЫМДАР МЕН ТҰСАУ КЕСУ ЕРЕЖЕСІ

Сәбидің тұсауын әулетке немесе елге сыйлы, жүрісі жылдам, қағілез әрі пысық адам кесіп, өзінің жақсы қасиеттерін балаға дарытады деп сенген. Алайда тұсауды қайшымен кесуге қатаң тыйым салынған. Өйткені бұл «баланың өмірі қайшыланып, кедергі көбейеді» деген ырымға байланысты. Дәстүр бойынша тұсауды тек өткір пышақпен шорт кеседі.

Сонымен қатар, этнограф Тәттігүл Қартаеваның айтуынша, тұсау кесетін адам баланың дәл алдыңғы жағынан келіп кеседі. «Бала өзінің тұсауын кім кесіп жатқанын көруі керек. Бала ол адаммен қарым-қатынасқа түсуі қажет» дейді ол.

ТҰСАУКЕСЕР ЖЫРЫ

Тұсауы кесілген соң екі адам баланы ортаға алып, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» деген тілек айтып, тез-тез жүргізеді. Осы сәтте арнайы Тұсаукесер жыры шырқалады:

«Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам...
Тұсауыңды кесейін,
Асулардан аса бер...»

Сосын шашу шашылып, тұсау кескен адамға арнайы кәде немесе сыйлық беріледі.

«Қазір тұсау кесу рәсімі, әсіресе, кейінгі 20 жылдың ішінде күрт өзгерді. Қазір біз баланың алдына түрлі кедергілер қоямыз. Жерге шүберек төсеп, соның жоғары жағына баланың алдына заттар қойып жатады. Қазақтың дәстүрінде баланың алдына ешқандай кедергі қойылмаған» дейді Тәттігүл Қартаева.

БАЛАНЫҢ АЯҒЫНА НЕ БАЙЛАҒАН?

● Тоқ ішек: баланың малы мен басы аман, тұрмысы тоқ әрі дәулетті болсын деген тілекпен байланысты.
● Ала жіп: «біреудің ала жібін аттамасын» деген адалдық пен ар-ұяттың, ақ пен қараның символы.
● Көк шөп: сәби көгеріп шыққан шөптей қаулап өссін, өмірде өркендеп, ұрпағы көбейсін деген ниетпен өріледі.
Тәттігүл Қартаеваның сөзінше, бұл жіпке әртүрлі сылдырмақтар, моншақтар ілінеді. Осылайша баланың назары ала жіпке ауып, ала жіпті аттама деген тәрбие баланың аяғын тәй-тәй басқаннан оның санасына сіңіріледі.

«Ал қазіргі кезеңде баланың көзі ала жіпке түспейді, алдындағы затқа түседі. Біз оған ақша қоямыз, көліктің кілтін қоямыз, яғни баланың аяғын тәй-тәй басқаннан оны дүниеқоңыздыққа үйретіп жатырмыз» дейді этнограф.

СОҒЫС ЖӘНЕ ҚҰДАЛЫҚҚанды шайқастарды тоқтатқан дала дипломатиясыҰлы Дала тарихы тек сұрапыл соғыстардан емес, екі мыңжылд...
29/09/2026

СОҒЫС ЖӘНЕ ҚҰДАЛЫҚ
Қанды шайқастарды тоқтатқан дала дипломатиясы

Ұлы Дала тарихы тек сұрапыл соғыстардан емес, екі мыңжылдық терең дипломатиялық өнерден де тұрады. Бабаларымыздың сөз бен заң арқылы соғысты қалай тоқтатқанын білу үшін бүгінгі материалды аяғына дейін оқып шығыңыз.

ДАЛА ДИПЛОМАТИЯСЫ

Көпшілік Ұлы Дала тарихын тек сұрапыл соғыстар мен аяусыз шапқыншылықтардан тұрады деп ойлайды.
Алайда көшпенділер тек соғысып қоймай, қанқұйлы шайқастарды тоқтатудың бірегей жүйесін қалыптастырған.
Бұл екі мың жылдық тарихы бар Дала дипломатиясының өнері еді.

ҒҰНДАР: НЕКЕ АРҚЫЛЫ БЕКІГЕН БЕЙБІТШІЛІК

Б.з.б. 200 жылы Мөде қаған мен Қытай императоры «Бейбітшілік пен туыстық келісімін» (хэцинь) бекітті.

Бұл әулеттік неке жүйесі 1000 жыл бойы ғұндардан Түркі және Моңғол империяларына дейін дипломатиялық стандартқа айналды.

Осы келісімдер арқылы ауыр соғыстар тоқтатылып, Еуразияда сауда қайта гүлденді.

ТҮРКІЛЕР: БЕЙБІТШІЛІККЕ МӘЖБҮРЛЕУ

1893 жылы Орхон жазбаларының құпиясы ашылғанда, Күлтегін ескерткішіндегі: «Төрт тараптағы халықты бейбітшілікке мәжбүр еттім» деген сөздер олардың шамадан тыс қантөгіске жол бермеу ұстанымын дәлелдеді.

Ал 718 жылы Білге қаған бейбіт келісім ұсынғанымен, Таң империясы 300 000 сарбаздан тұратын әсер жіберді. Білге қаған бұл әскерді ойсырата жеңіп, Қытай императорын бейбітшілік келісіміне қол қоюға мәжбүр етті.

ДИПЛОМАТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР

Дала дипломатиясында әйелдер де шешуші рөл атқарған кездер болды:

676 жылы Бұхара билеушісі Хутак хатун келіссөз жүргізіп, қаласын қираудан сақтады.

1239 жылы Грузия патшайымы Русудан Бату ханның ордасына елші жіберіп, шапқыншылықты тоқтатты.

1319 жылы Өзбек хан жиені Тұлынбай хатунды Мысыр сұлтанына ұзатып, геосаяси одақ құрды.

PAX MONGOLICA — «МОҢҒОЛ БЕЙБІТШІЛІГІ»

1304 жылы Моңғол империясының ұлыстары өзара бейбіт келісім жасап, жаңа әлемдік тәртіп орнатты.

Олар тарихта тұңғыш рет бүкіл құрлықты біріктірген ортақ пошта (Ям) мен қауіпсіздік жүйесін құрды.

Шыңғыс хан елшілікті Жафар Қожа сияқты мұсылман саудагерлеріне сеніп тапсырып, Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейін алтын ғасыр орнатты.

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ

Қазақ хандығы дипломатиясының «алтын ғасыры» – Абылай ханның дәуірі болды.

Екі алып империя (Ресей мен Цин) қыспағында Абылай хан саяси тепе-теңдікті шебер сақтады.

Нәтижесінде соғыссыз-ақ ел тәуелсіздігін қорғап, Үрімжі мен Қорғаста қазақ көпестеріне арнайы сауда базарларын аштырды.

Address

Республика Казахстан, город Алматы, Алмалинский район, Улица Желтоксан, 115
Almaty
050000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qalam Tarih posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category