
23/06/2025
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітке келіп, зиярат жасады, деп хабарлайды Ult.kz.
Имам Қуаныш Сейітхановтың TikTok парақшасына: “ҚР Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бас мешітке келді. 21,06,2025 жыл”, - деп хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтында зиярат аясында Нұрсұлтан Әбішұлы өмірден өткен әулетінің марқұмдарына құран бағыштап, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасағаны жазылған.
“Тұңғыш Президент өз сөзінде Республикалық Бас мешіттің ел руханиятындағы орны мен маңызына тоқталып, имандылық пен ұлттың бірлігін нығайтудағы қызметіне сәттілік тіледі”, - делінген хабарламада.