Qundylyqtar Alemi Toby

Qundylyqtar Alemi Toby 💡Кұндылыктар
🙋🏼Жастар тәрбиесі
⭐Жетістік
💎Руханият
⚡Мотивация
👨‍🏫Мұгалім
Оқы! Ойлан! Орында!

26/03/2026

👉 Адам істеймін десе — бір жол табады,
істемеймін десе — мың сылтау табады.

«Кедейліктен Кемелдікке» Кітабын алыңыз

23/03/2026

ҚИЫН СӘТТЕ САЛҚЫНҚАНДЫ БОЛЫП, САБЫР САҚТАЙ БІЛУ — НАҚЫЗ ӨНЕР
Нағыз салқынқанды болу – үрей кезінде мидың қай бөлігін қолданатыныңмен байланысты.

Бұл видео АҚШ-та NJHS (National Junior Honor Society) салтанатында түсірілген. Шашына от тиген сәтте көп адамның миы амигдала арқылы «қаш» деген белгі берер еді. Ал ол керісінше префронталды қыртысты (ойлау мен бақылау орталығын) белсенді күйде ұстап қалды.

Көпшілігіміз мұндай жағдайда айқайлаймыз, абыржимыз, қорқамыз, жылаймыз.
Ал видеоны мұқият қарасаңыз, қызда айқай да жоқ, қашу да жоқ. Тек жағдайды бағалап, сабырмен әрекет ету бар.

Ғылым не дейді? Үрейді бақылауға болады, салқынқанды болуды дамытуға болады.

«Стресс кезінде префронталды қыртысты белсенді ұстай алатын адамдар өз эмоцияларын басқара алады.»
— A. F. T. Arnsten, Nature Reviews Neuroscience

Сіздің ойыңызша, бұл қабілет туа бітті ме, әлде кейін жаттығу арқылы қалыптаса ма?
Пікірге жазыңыз.

«Өзіңнен Баста Әлем Өзгерсін» Кітабын алыңыз

21/03/2026

Негативті адамдардың әсері

2006 жылы негативті адамдардың әсерін анықтау мақсатында «Құрттанған алма әсері» деп аталатын зерттеуде бес адамнан тұратын топтарға кездейсоқ түрде бір-бірден негативті адам қосылған. Мақсат – сол адамның топқа қалай әсер ететінін бақылау болған. Нәтижесі қандай болды дейсіз бе? Құрамында бір ғана негативті адам бар топтарда жұмыстың сапасы жиырма бес пайызға төмендеді, өнімділік қырық пайыздан да төмен түсті, ал топтардың елу пайызы өзара қақтығысқа ұшырады. Бұл – келіспеушіліктің көбеюі және ынтымақтастықтың азаюы деген сөз.

Ал ең таңғаларлық нәрсе не білесіз бе? Бұл бақылаулар небәрі 30–60 минуттың ішінде өткен. Ал сіздердің кейбіріңіз өмір бойы негативті адамдардың ортасында жүрсіздер. Олардың сіздің ойыңызға, көңіл-күйіңізге қаншалықты кері әсер ететінін елестете аласыз ба?

Сондықтан мұндай адамдардан және сондай ортадан дер кезінде алшақтай білуді үйрену керек. Өйткені сіздің психологиялық саулығыңыз – өміріңіздегі ең маңызды нәрселердің бірі. Оны қорғау керек және бәрінен де жоғары қою қажет. «Оқы! Ойлан! Орында! 2» Кітабын алыңыз

☝️Кітапты Kaspi.kz арқылы сатып алуға болады

20/03/2026

Бәрі біз көріп, ойлағандай болмауы мүмкін бе?!

«Оқы! Ойлан! Орында! 2» Кітабынан алынды

☝️Кітапты Kaspi.kz арқылы сатып алуға болады

14/03/2026

Өз еңбегіңнің қадірін біл!

Баяғыда Үндістанда атақты суретші болыпты.

Ол өзінің таңдаулы суретін алып, халық көп жүретін қаланың орталық алаңына қояды.

Қасына қызыл түсті қаламсап қойып: «Осы суретте кеткен қателіктер болса, оларды қызыл түсті бояумен белгілеп қойыңыздар», – деп ескертпе жазып қалдырады.

Ертеңіне алаңға барып, суретті көрген жас суретшінің көңілі түсіп кетеді.

Себебі суретте қате деп белгі қойылмаған бірде-бір жері қалмапты.

Осы жайды көрген ұстазы: «Балам, қайғыра көрме. Бар да суретіңді қайта сал.

Содан оны баяғы орталықтағы орнына апарып қой.

Ескертпе жазуға: “Осы суретте кеткен қателіктер болса, оларды түзетіп қойыңыздар” деп қоса сал.

Және суретпен бірге бояулар мен қаламсаптарды қалдыруды ұмытпа», – дейді.

Шәкірті ұстазының айтқанын орындайды.

Бір күн өткен соң алаңға барып, суретке қараса, тап-таза, қойған күйінде тұрғанын көріп, қатты қуанып, ұстазынан осы жайды түсіндіруін өтінеді.

Ұстазы: «Алғашқыда сен адамдарға: “Осы суретте кеткен қателіктер болса, оларды қызыл түсті бояумен белгілеп қойыңыздар” дедің.

Адамдар біреудің қателігін табам десе, тырнақ астынан кір іздейді, аямайды.

Көріп отырғаныңдай, өмірінде қолына бірде-бір қаламсап ұстап, сурет салып көрмеген болса да, суретіңнің сау жерін қалдырмай сызып қойды.

Ал екіншіде сен оларға: “Осы суретте кеткен қателіктер болса, оларды қызыл түсті бояумен түзетіп қойыңыздар” деп ескерттің.

Міне, осы жерде өмірінде қолына қаламсап алмаған және бірде-бір сурет салып көрмеген адам оны қалай түземек?

Сол үшін олардың бірдеңе істеуге дәті бармады.

Бір нәрсені түзеу және оның дұрысын жасау үшін білім мен тәжірибе керек.

Білім мен тәжірибесі бар адамдар ғана сенің еңбегіңді бағалай алады, солар ғана сенің еңбегіңнің қадірін біледі.

Өзі ештеңе білмейтін адам сенің еңбегіңнің қадірін қайдан білсін?!

Сондықтан бұдан былай өнерді шынайы түсінбейтіндерге еңбегіңді сынатушы болма», – деп сөзін аяқтапты.

«Оқы! Ойлан! Орында! 1» Кітабынан алынды

10/03/2026

Өз-өзіне сенім жай сөзден емес, дәлелденген еңбектен қалыптасады.
Баскетболда кейде ойыншылар келіп маған былай дейді:
«Менде өзіне деген сенім жоқ.»

Мен оларға былай деймін:
«Өйткені сен оны әлі еңбегіңмен ақтамадың.»

Өзіңе деген сенім жайдан-жай келмейді. Ол жаттығуда, қайта-қайта тәжірибе жасап, өз көзіңмен нәтижені көре жүріп қалыптасады. Мен мерген ретінде өзіме толық сенетінмін. Себебі мен күн сайын мектепке барар алдында мың рет доп лақтыратынмын. Доптың сол сакинадан жүздеген рет өткенін көрдім. Әр таң сайын сол дыбысты қайта-қайта еститінмін.

Міне, өзіне деген сенім осылай қалыптасады. Миым әр таң сайын осыған қайта-қайта куә болғандықтан, матч кезінде техникама да, лақтырысыма да күмәнданбайтынмын.
«Түсіре аламын ба екен?» деп ойламайтынмын.
Өйткені төккен еңбегімнің маған міндетті түрде қайтатынын білетінмін.
Жаттығуға матч секілді жауапкершілікпен қарайтындар үшін матчтың өзі жаттығудай жеңіл өтеді.

«Өзіңнен Баста Әлем Өзгерсін» Кітабын алыңыз

08/03/2026

ШЫНЫ ҚҰМЫРАДАҒЫ КҮРІШ ТҰЗАҒЫ

Бір тышқан күріш салынған шыны құмыраға түсіп кетеді. Ол үшін бұл — оңай олжа. Енді далада жүріп азық іздеудің қажеті жоқ. Тек жейді, ұйықтайды, қайта жейді, қайта ұйықтайды. Осылайша күн сайын бір нәрсені қайталай береді. Алғашында ол бір-ақ секіріп, құмырадан шығып кете алар еді. Құмыраның аузы жақын еді. Бірақ неге шықсын? Жанында дайын ас тұр.

Күндер өтеді. Күріш азая бастайды. Құмыра тереңдей түседі. Шығу қиындайды. Ол мұны байқайды, бірақ елемейді немесе «кейін» дейді. Бір күн тағы, бір күн тағы... Ақыры құмыра босап, күріш бітеді. Енді құмыраның аузы тым биік, одан өрмелеп шығу қиын. Сонда бәрін түсінеді, бірақ енді тым кеш еді. Жоғарыдағы жарыққа қарап, баяу өлім күтеді. Ол аштықтан емес, тастай алмаған жайлылықтан өледі. Міне, бұл — шыны құмырадағы күріш тұзағы.

Дәл осындай тұзақ біздің өмірімізде де бар: телефонды бір сағат, екі сағат, үш сағат бойы сырғыта беру... Бұл бізге ештеңе қоспайды. Керісінше, сонда өткен әр сәт бізді мақсатымыздан алыстатады. Аз ғана қимылмен істейтін осындай нәрселер бізге сыйлық сияқты сезіледі. Бірақ шын мәнінде, бұлар — тұзақ.

Бұл — арзан, еш күш жұмсамай алынған ләззат, тез өтіп кететін рахат. Бірақ оның өтеуі міндетті түрде келеді. Еңбексіз келген әрбір өткінші допамин — ертең өзің өріп, кейін аса алмай қалатын қабырғаңдағы бір кірпіш. Сен өзіңді жеңілдеп қалдым деп ойлайсың, ал шын мәнінде бірте-бірте батып бара жатасың. Сел келгенде — ал ол міндетті түрде келеді — «әттең, кезінде шығып кетуім керек еді» деп өкінетін, бірақ бәрі кеш екенін түсініп, қиналатын күйге түсесің.

«Өзіңнен Баста Әлем Өзгерсін» Кітабын алыңыз

28/02/2026

Шын достарың кімдер?

Жас жігіт үйленетін болады. Тойдың алдында жұмыстары көп болып, үлгере алмаған соң әкесіне өтініш айтады: «Әке, мен достарымның бәріне телефон шалып, тойыма шақырып үлгере алмаймын. Мен олардың телефон нөмірлерін мына қағазға жазып қойдым», – деп қолындағы телефондар жазылған тізімді әкесіне ұсынады. Әкесі тізімді алып, бәріне телефон шалып шығады. Той күні болады. Жігіт қараса, тойға елу шақты досынан он бес шақтысы ғана келгенін көреді. Әкесіне барып: «Әке, мен сізге тізімді бердім ғой! Неге барлық достарымды шақырмадыңыз?» – деп ренжиді. Әкесі: «Балам, мен сен берген тізім бойынша барлық достарыңа телефон шалып, сенің қатты қиналып жүргеніңді, көмекке зәру екеніңді, осындай күні, осындай жерде оларды күтетінімді айттым. Міне, бүгін келгендер – сені шынымен жақсы көретін достарың. Қайсысы нағыз дос екенін енді көрдің», – деп сөзін аяқтапты.

«Оқы! Ойлан! Орында! 2» Кітабынан алынды

24/02/2026

Сананы неге сендірсең, дене соны жүзеге асыруға ұмтылады. Сондықтан ең алдымен жаттықтырылуы керек нәрсе — бұлшық ет емес, сана.

Ди Дундун соны дәлелдеді.

2024 жылғы Париж Паралимпиадасында T11 санатындағы ерлер арасындағы ұзындыққа секіруден 6,85 метр нәтиже көрсетіп, әлем рекордын жаңартты. 2014 жылы Лекс Джиллет орнатқан, он жыл бойы жаңармаған 6,73 метрлік рекорд артта қалды.

T11 санатындағы спортшылар толықтай көру қабілетінен айырылған. Олар жүгіріп келіп, серпілу сәтінде тек бағыт беретін нұсқаушының даусына сенеді. Алдарында көрінетін нысана жоқ. Қателесуге мүмкіндік жоқтың қасы.
Тек ырғақ бар. Дәлдік бар. Және толық сенім бар.

Ди Дундунның жетістігі — жай ғана физикалық нәтиже емес. Бұл — сананың манифесі. Сыртқы әлемді көрмейтін спортшы, ішкі әлемін айқындаса, кез келген шекараны бұза алады.

Серпілу сәтінде нұсқаушының даусына сену — бұл тек техника емес. Бұл — қорқынышты емес, сенімді таңдау. Қараңғылық оған кедергі емес, керісінше, шоғырланудың ең таза күйі.

Бұл оқиға бізге бір ғана сұрақ қояды:

Егер ешқандай көрінетін тірексіз, тек ырғақ пен сенім арқылы әлем рекордын жаңартуға болса…
Онда біз барлық мүмкіндігіміз бола тұра, санамызда қандай «жасанды» шекаралар жасап жүрміз?

Есіңде болсын:
Сана сенсе, дене жол табады.

22/02/2026

Бақытқа қалай оңай жетуге болады?

Бір күні мұғалім сыныпқа бір бума шар алып келеді.

«Бүгін кішкентай тәжірибе жасаймыз», — дейді де, әр оқушыға бір шардан таратады. Оқушыларға шарларды үрлеуді тапсырады.

Шарлар үрленген соң мұғалім:
«Енді әрқайсың шардың үстіне өз атыңды жазыңдар», — дейді.

Оқушылар аттарын жазады. Содан кейін мұғалім:
«Шарларды дәлізге шығарыңдар», — дейді.

Барлығы шарларды дәлізге шығарады. Мұғалім оларды жақсылап араластырып қояды да, оқушыларға:
«Қазір сендерге бес минут уақыт беріледі. Әркім өз шарын тауып, орнына отырсын», — дейді.

Оқушылар дәлізде асығып, жүгіріп, іздей бастайды. Бірақ шарлар араласып кеткендіктен, көпшілігі өз шарын таба алмайды. Уақыт біткенде бәрі шаршаған әрі көңілсіз күйде орындарына отырады.

Сонда мұғалім тәжірибенің алғашқы сабағын түсіндіреді:
«Міне, өмір де осындай. Бұл шарларды бақытқа теңеуге болады. Әр адам өз бақытын іздейді. Бірақ тек өзін ғана ойлап, асығып, өзгелерді итеріп іздеген адам көбіне өз бақытын таба алмайды».

Содан кейін мұғалім екінші кезеңді бастайды:
«Енді қайтадан дәлізге шығыңдар. Бұл жолы екі минут уақыт бар. Бірақ ереже басқа: Алғаш қолдарыңа түскен шарды алып, үстінде кімнің аты жазылса, соған апарып беріңдер».

Оқушылар қайтадан жүгіреді. Әркім бір шарды алып, үстіндегі есімді оқып, иесіне береді. Екі минут та өтпей, барлығы дерлік өз шарларына оңай қол жеткізеді.

Сонда мұғалім былай дейді:
«Көрдіңдер ме? Өмір де дәл осындай. Адамдар бір-бірінің “шарын”, яғни бақытын табуға көмектескенде, ынтымақтың арқасында бәрі тезірек әрі оңайырақ бақытқа жетеді.

Өйткені бақыт — тек өзің үшін іздеу емес, өзгеге көмектесу, бөлісу және жол ашу.

Байқадыңдар ма, бұл жолы ешкім ешкімді итерген жоқ».

«Оқы! Ойлан! Орында! 2» Кітабынан алынды

19/02/2026

Өмірде ешкім табыс баспалдақтарын қалтасы мен қолын қалтасына салып шыққан жоқ.
Бүгін сіз таңғалып, құрметпен қарайтын әрбір табысты адамның артында көбіне көзге көрінбейтін перде бар. Ал сол перденің ар жағында не жатыр?
👉 Жылдарға созылған еңбек,
👉 Таусылмас сабыр мен төзім,
👉 Ішке бүккен ауыр сәттер,
👉 Ең бастысы – ешқашан бас имеген рух.
Усейн Болт – 100 метрді 9,58 секундта жүгіріп өткен адам, бұл нәтижеге жету үшін 20 жыл бойы күн сайын жаттықты.
Мұхаммед Әли – таңғы 8 шақырым жүгіріп, сағаттап көлеңкемен айқасатын.
Кобе Брайант – 5 мәрте NBA чемпионы атанғанымен, күн сайын 1000 рет лақтырмай, залдан шықпайтын.
Себебі табысқа апарар қысқа жол жоқ.
🏆 Кубоктар,
👏 Қошемет,
📈 Рекордтар –
бәрі де термен, көз жасымен, кейде жападан жалғыз жүрген ұзақ жолмен келеді.
Өйткені табыс – тек қабілет емес, күн сайын қайтадан бастауға жүрек табу – бұл нағыз мінездің ісі.

Address

Almaty

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qundylyqtar Alemi Toby posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share