20/06/2023
Кейде есіме түседі... Қиял қашып, жаңа да есіме түсе қалғаны...
************
Мұғалім "конкурсқа, семинарға және тсс-ға қатысуға дайын емеспін" дейді мектеп директорына. "Бақыт ағайыңмен ақылдассаңшы" дейді ол. "Жоқ, қорқамын" дейді мұғалім!.. "Неге?!. Онымен сөйлестің бе өзің? Бақыт ағай ұрысты ма сені?.." деп директор таңғалады. "Жоқ... сөйлесуге қорқамын" дейді мұғалім. "Айналайын-ау, сен алдымен барып, жағдайыңды айтып, көмек сұрап адамша сөйлессейші! Одан кейін ұрысса, көмектеспеймін десе... тсс... Сонда жамандасайшы" деп директор күйіп-піседі. "Бақыт ағай кімге болса да, қашан да көмегін аямайды, білемін" дейді шыр-пыр болып. Осы әңгіменің бәрін кейін сол директордың өзінен есітем ғой, әйтпесе қайдан білемін.
***********
Иәәә... сол директордың сілтеуімен кейбірі батылданып маған келеді, жағдайын айтады, көмек сұрайды. Ақылдасып, мен былай деймін - "мен жөн-жобасын, бағыт-бағдарын көрсетейін, бірге жұмыс жоспарын жасайық, ары қарай өзің ізденіп, материал топтап, жазатынын жазып, сызатынын сызып, өзің істейсің. Мен саған істеп бермеймін. Әрекет істе, ақылдасып тұр, қолымнан келген көмекті, білім-тәжірибемді аямаймын, оны сендерге үйретпегенде кімге үйретем" деймін шын ықыласыммен. "Осы ақылдасуға келіп, ізденіске, алға ұмтылғың келгеніңнің өзі сенің шығармашыл ұстаз екеніңді көрсетеді, маған бұл ұнайды, көрсетейік осыны" деген сияқты рух беріп, дем беріп жіберуге ұмтыламын.
**************
Әттең... көпшілігі одан кейін маған жоламай, көрінбей кетеді. Мені көмектеспеді дейді, өзі істегісі келмейді. Істемеуге түрлі сылтау, желеу табады. Қызықпайды. Шығармашылық "шырағы" сөніп қалған, не о бастан болмаған. Мұндайда "болмағырға болыспа" дейсің де қоясың.
***********
Ал жүрегінде жалыны, көкейінде рухы бар кейбірі ғана сәл ғана сүймелдеумен бірден бағыт-бағдар, екпін алып, өздері-ақ жарқ етіп шыға келеді. Ондайлар жоқ емес еді, тіпті 20-50 километр жерден қатынап, бала-шағасын, үй тіршілігін тастап келіп, тіпті ақылы түрде, менен үйренген, оқыған ұстаздар болды. Ырза боламын, аянбай артығымен беруші ем.
***************
Кейін өз-өзіммен отырғанда сұраушы ем - "Қорқам дейтіндер сонда менен қорқа ма, жоқ, өзінен қорқа ма?.." Әй... өзінен шошыған-ау..
**************
Ееееееееее... өмірде бәрі де бааааррррр...