Информационный ресурс ATPress

Информационный ресурс ATPress Информационный ресурс

Информационный ресурс по освещению политических, экономических, культурных, спортивных и общественных событий Казахстана.
Оперативное, своевременное освещение, ежедневное обновление в режиме 24/7.
Собственные фото-видеоматериалы с места происшествий.

Асаба Бағдат Сарсекенмен сұхбатты көріп шығыңыз👍
05/07/2024

Асаба Бағдат Сарсекенмен сұхбатты көріп шығыңыз👍

https://www.instagram.com/hype_emes_/Бағдарлама авторы, режиссер, сценарист Баян ЖанұзақоваЖүргізуші Нұргүл НасырОператор - монтажер, жарық қоюшы Алишер Қази...

Атырау қаласында Жайық өзені жағалауын қапшықтардан тазалау жұмыстары басталдыАтырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан ...
05/07/2024

Атырау қаласында Жайық өзені жағалауын қапшықтардан тазалау жұмыстары басталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Жайық өзені жағалауын санитарлық тазалау мәселесі туралы жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кеңесте Жайық өзенінің бетон жағалауы бойындағы қапшықтарды жинау мәселесі қаралды. Жасұлан Бисембиев жағалаудағы аумақтарда су басу қаупі сейілгенін, жағаны қорғаныс құрылыстарынан тазарту міндеті тұрғанын атап өтті.

- Өзен жағасындағы бетон бөгеттің бойына құм салынған қапшықтар қойылған жерлерді тазартуымыз керек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жағалау 16 учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты тұлға және ведомстволық бағынысты ұйымдар бекітілді. Бұл тәжірибе тиімділігін көрсетті. Жалпы осы бағытта қала әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы жүргізуге бірлесе атсалысуымыз керек. Негізгі міндет – жағалаудағы қаптарды алып, аумақты тазалау. Жұмыс бір апта ішінде аяқталуы тиіс, - деп қорытындылады Ж.Бисембиев.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының саммитіндеӘлемнің бірқатар елдерінің лидерлері...
04/07/2024

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының саммитінде

Әлемнің бірқатар елдерінің лидерлері Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының сессиясына жиналып жатыр. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жылдың маңызды саяси шарасынан тыс қалған жоқ. Саммиттің ресми жиыны талқыланатын Бейбітшілік және Келісім сарайында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция шетелден келген қонақтарға Ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымын дайындады.
Сондай-ақ, ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда Ойындардың ресми промороликтері орналастырылады және Дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға Ойындар туралы ақпаратпен бөлісіп, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында Дирекция өкілдері шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар легін ұйымдастырады.
Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы 5 шілдеде «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистер үшін Ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы шара өткізеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі
Назым Рысбетова 8 701 208 18 11
Айғаным Мұқатай�8 747 661 98 93
�Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:�Инстаграмм:
https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/ �Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024 �YouTube: https://www.youtube.com/ �Тик ток: https://www.tiktok.com/?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1
Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu
Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

Address

Atyrau

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Информационный ресурс ATPress posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Информационный ресурс ATPress:

Share