Caspian news

Caspian news Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Caspian news, News & Media Website, М. Әуезов к-сі, 23Д, Atyrau.

📺 Батыс аймақтың (Атырау, Орал, Ақтөбе, Маңғыстау) тыныс-тіршілігі, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өзгерістері мен мұнай-газ саласының ең өзекті жаңалықтары — тәулік бойы Caspian News арнасында⌛️

14/09/2026

ПОДГОТОВКА ТРАСС РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ К ЗИМЕ НАЧАЛАСЬ В АТЫРАУ

В регионе стартовала подготовка автомобильных дорог республиканского значения к зимнему сезону. Для обеспечения безопасности на 1 115 км автодорог планируется задействовать около 50 единиц специальной техники. В настоящее время областной филиал ТОО «КАЖсервис» на дорожно-эксплуатационных участках во всех районах проводит ремонт и подготовку техники к зимнему периоду. Кроме того, формируется запас инертных материалов, применяемых против гололеда. В целом по области требуется более 14 тыс. кубометров таких материалов.

14/09/2026

ҚЫСҚЫ МАУСЫМДА ЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына дайындық басталды. 1115 шақырым жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылмақ. Қазір «ҚАЖсервис» ЖШС-нің облыстық филиалы барлық аудандағы жол пайдалану учаскелерінде техникаларды жөндеп, қысқы маусымға әзірлеуде. Сонымен қатар көктайғаққа қарсы қолданылатын инертті материалдар қоры да жасақталып жатыр. Жалпы облыс бойынша 14 мың текше метрден астам материал қажет. Жол бойындағы жылыту пункттері мен қажетті белгілер де дайындалуда.

14/09/2026

ОБУЧАЮЩИЙ ПРОЕКТ «UMAY: ОПЫТ ИЗМЕНЕНИЙ» СТАРТОВАЛ В МАНГИСТАУ

В Мангистау стартовала обучающая программа «UMAY: опыт изменений», направленная на развитие предпринимательского потенциала женщин. Проект, организованный при поддержке областного управления информации и общественного развития, в этом году охватил около 100 женщин. Они пройдут бесплатное обучение по таким направлениям, как искусственный интеллект, финансовая грамотность, работы на маркетплейсах, госзакупки и швейное дело.

14/09/2026

UMAY: МАҢҒЫСТАУДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ӘЙЕЛ ЖАҢА КӘСІП МЕҢГЕРУДЕ

Маңғыстауда әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «UMAY: өзгеріс тәжірибесі» оқыту бағдарламасы басталды. Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жоба биыл 100-ге жуық қыз-келіншекті қамтыды. Олар жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық, маркетплейс, мемлекеттік тапсырыс және тігін ісі бойынша тегін білім алады. Жобаға қатысуға 220-дан астам өтінім түсіп, арнайы комиссия шешімімен көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған және жұмыссыз аналарға басымдық берілген.

14/09/2026

МИРОВЫЕ НОВОСТИ | 14.09.2026

14/09/2026

ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ | 14.09.2026

14/09/2026

26 МАЛЫШЕЙ ПОЯВИЛИСЬ НА СВЕТ В ДЕНЬ СЕМЬИ В ГОРОДСКОМ РОДДОМЕ АТЫРАУ

В День семьи в Атырауском городском роддоме появились на свет 26 младенцев. По такому случаю молодым матерям оказали почести и вручили подарки. Представители городского акимата поздравили женщин, подарив им наборы для ухода за ребенком, цветы и сертификаты в салон красоты. От имени акима города их также наградили благодарственными письмами.

14/09/2026

ОТБАСЫ КҮНІ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАДА 26 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Отбасы күні Атырау қалалық перзентханасында 26 сәби дүниеге келді. Мерекеге орай ана атанған әйелдерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді. Қала әкімдігінің өкілдері аналарды құттықтап, бала күтіміне қажетті құрал-жабдықтар, гүл шоқтары және сұлулық салонына сертификат ұсынды. Сондай-ақ қала әкімінің атынан алғыс хат табыстады.

14/09/2026

ЖИТЕЛЬНИЦ АТЫРАУ ОБУЧАЛИ НАЦИОНАЛЬНОМУ ИСКУССТВУ ПРЯМО НА РЕКЕ

В Атырау прошел мастер-класс по искусству валяния войлока под названием «Семейные традиции - приобщение молодежи к труду». Организатором выступила Ассоциация деловых женщин, а участие в нем приняли около 50 человек. Главная особенность мероприятия заключалась в том, что оно проходило на борту судна, плывущего по реке Урал. Участники осваивали современные техники валяния войлока, одновременно любуясь живописными видами реки.

14/09/2026

КЕМЕДЕ КИІЗ БАСУДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТ ӨТТІ

Атырауда «Отбасылық дәстүр – жастарды еңбекке баулу» атты киіз басу өнерінен шеберлік сағаты өтті. Оны іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырып, шараға 50-ге жуық адам қатысты. Басты ерекшелік –шеберлік сағатының Жайық өзенінде жүзіп келе жатқан кемеде өтуінде. Қатысушылар өзен көркін тамашалай жүріп, киіз басудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Address

М. Әуезов к-сі, 23Д
Atyrau
060000

Telephone

+77122514084

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Caspian news posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Caspian news:

Shortcuts

Share