Аягөз жаңалықтары

Аягөз жаңалықтары Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Аягөз жаңалықтары, Media, Х. Дюйсенова, 104, Ayagoz.

🌷 АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ 🌷Аудан әкімі Данияр Қайырханұлы наурыз айының 8-і күні көктем мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысы а...
17/03/2025

🌷 АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ 🌷

Аудан әкімі Данияр Қайырханұлы наурыз айының 8-і күні көктем мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы Миневара апамызды, аудандық “ардагер ұстаздар” ұйымының төрайымы Төлеуғайша Садуалиевнаны және бірнеше жылдар қатарынан аудандық білім бөлімінде кәсіподақ төрайымы қызметін атқарған Сәуле Мұқанқызын арнайы барып құттықтап қайтты. Аудан басшысы еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып, ұлт болашағын тәрбиелеуде тынбай еңбек еткен ардагер аналарымыздың дендеріне саулық, отбасыларына бақ пен береке тілеп ыстық ықыласын білдірді.
Бұл мереке - жылуылық пен сұлулықтың мейрамы. Бақыттың бастауы, берекенің ұйытқысы, қай кезеңде болмасын, ұрпаққа өмір сыйлаған аналардың орны ерекше. Анаға құрмет көрсетіп, қадірлеу - ол біздің басты парызымыз. Анаға құрмет көрсету - ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Біздің аналарымыз тек жанұяда емес, қоғамда да үлкен пайдаларын тигізуде. Түрлі салада аянбай тер төгіп жүрген аяулы нәзікжандылар қаншама?! Отбасындағы міндетін де орындап, мемлекеттің дамуына да өз үлестерін қосып, тыңбай еңбек етіп жүрген аруларымыздың еңбегі өлшеусіз. Әйел-аналардың біздің жанымызда жүруі бізге үлкен көмек пен күш сыйлайды. Аяулы асыл жандар қандай құрметке де лайық.
Аяулы аналарды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, жайдары көңіл-күй мен шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз, әр күндеріңіз жақсылық пен бақытқа толы болсын!

ЖЕҢІМПАЗ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР 🏆2025 жылы 12 наурыз күні Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқуларының" облыстық кезеңі болып өтті. Аудан...
17/03/2025

ЖЕҢІМПАЗ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР 🏆

2025 жылы 12 наурыз күні Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқуларының" облыстық кезеңі болып өтті. Ауданымыздан 4 бағыт бойынша 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
"Бас болып өнер білсең тіпті жақсы" ғылыми зерттеу жобасын қорғау бөлімі бойынша "Қалалық қазақ-мектеп лицей" КММ оқушысы Нагифоллаева Амина 2-орын иеленді. Жетекшісі: А.Д.Джумангулова
"Білімді зерек адам болам - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" эссе жазу бөлімі бойынша 1-орын « №10 қазақ-мектеп гимназиясы" КММ оқушысы Қабдұлмаратова Аружан иеленді. Жетекшісі: Н.Д. Кикбаева
"Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар" бағыты бойынша 2-орын "№ 8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ оқушысы Сарсенбек Жаннұр иеленді. Жетекшісі: А.Б. Суюндукова
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар*бағыты бойынша Бас жүлдені №10 қазақ-мектеп гимназиясы"КММ оқушысы Турғазина Алуа иеленіп,республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: А.Т. Малгеждарова

ПЕДАГОГТАР ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІНаурыз айының 5-і  күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық –әдістемел...
17/03/2025

ПЕДАГОГТАР ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Наурыз айының 5-і күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық –әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығын және «Шабыт» жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақ мәдениетіндегі Өзбекәлі Жәнібеков бейнесі» облыстық педагогикалық оқу сайысы өтті. Байқаудың мақсаты:
• Қазақ халқының біртуар перзенттерінің мұралары мен өмірін, ұстанымдарын насихаттау;
• Мемлекет қайраткері Ө.Жәнібековтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнын айқындау;
Сайыс қорытындысына сәйкес, «Аягөз ауданық білім бөлімі» ММ, «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –сі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбішева Гүлжазира Қанабекқызы II дәрежелі және " №5ЖОБММ" КММ директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Екеева Асель Ершатовна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турусбекова Назгуль Ныгметжановна және "А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің тәлімгері Тайтөлеуова Дариға Тайтөлеуқызы Грамотаға ие болды.

✨ ҒЫЛЫМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ ✨Абай облыстық білім басқармасы Аягөз аудандық білім бөлімі «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимнази...
17/03/2025

✨ ҒЫЛЫМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ ✨

Абай облыстық білім басқармасы Аягөз аудандық білім бөлімі «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілетін «Ғылым ғажайыптары» үйірмесінің өскелең ұрпаққа жаңа технологияларды меңгеруде, мамандықтардың қыр-сырын біліп, заманауи дағдыларды үйренуде ықпалы зор. Үйірме жетекшісі физика, информатика пәндерінің мұғалімі, педагог-шебер, Жаратылыс ғылымдарының магистрі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің және «Орта білім беру ісінің Үздігі» Құрмет Дипломының иегері Кунусова Меруерт Орынгалиевна. Ұстаз 27 жылдық еңбек жолында білім беру саласындағы бірнеше реформалық кезеңдерден өте отырып, әрдайым уақыт талабынан шыға алатындығымен, білім беру мен тәрбиенің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып шәкірттерінің өз пәндеріне деген зор қызығушылығын тудыра алуға қол жеткізе алатындығымен ерекшеленіп келеді. Осы орайда қазіргі білім берудегі жаңа трендтердің бірі саналатын технология - STEAM бағытындағы үйірме мүшелері түрлі бағыттағы жобалар, хакатондар, ІТ баттлдардың жүлдегерлері атанып, қаржылай гранттар ұтып алуда. Осындай нәтижелі жобалардың біріне толығырақ тоқталайық.
Топ құрамындағы 10 сынып оқушылары Думан Нұрсая, Тоқанова Жанель, Тұсұпқан Шырай «Биогумус өндірісін автоматтандыру» жобасын жергілікті жердің негізгі проблемаларының бірі – топырақтың құнарсыздығы, соған байланысты тұрғындардың өз бау - бақшаларында балғын жеміс-жидектерді өсіре алмауымен байланысты қарастырды. Аталған мәселенің шешімі ретінде өңірдегі жалғыз биогумус өндіруші кәсіпкердің өнімінің сұранысты толық қамти алмауын, өндіріс қарқындылығының баяулығын ескере отырып қарастырылды. Осы орайда зерттеу жұмыстары биология пәнімен кіріктіріле отырып жүргізілді (жобаның екінші жетекшісі Мухамедяроава Г.Ж., биология пәнінің мұғалімі), биогумус өндірісін автоматтандырудың инновациялық жолын ұсынды. Ол үшін оқушылар Ардуино жинағындағы арнайы датчиктердің көмегімен жүйенің жұмыстық бөліктерін басқарудың жолдарын ұсынды. Оқушылардың ойынша, бұл жүйе өндірісті автоматтандыру арқылы адамның физикалық қызметін жеңілдетсе, сондай-ақ өнідірісті үздіксіз орындауға да мүмкіндік алатынын алға тартып отыр. «Біз бұл инновациялық жобамызды 2023 жылдың маусым, шілде айларында өткен WSO халықаралық олимпиадасында қорғап, финалист атандық. Ал 2024 жылы қарашада жобаны стартап жоба деңгейіне дейін жетілдіре отырып, облыстық ІТ идеалар баттлында 1- орын, 750000 теңге грант ұтып алдық. Сондай-ақ биылғы ғылыми жобалар сайысына ұсынып облыста 2-орын иелендік. Біз әлі де мұнымен тоқтап қалмай өзіміздің осы жобамызды алда болатын халықаралық TechnovationGirls сайысына да ұсынбақшымыз»,- дейді қыздар.

ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРС ӨТТІ«АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ «ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ...
17/03/2025

ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРС ӨТТІ

«АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ «ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ» КМКК
“Адам. Жер және Ғалам» облыстық конкурсы өтті. Нәтижесінде
“Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп-гимназиясы” КММ І дәрежелі дипломмен
9”А” сынып оқушысы Ибраев Ералы, жетекшісі: Ибраева Алтынай Абылкасымовна, Шымырбаева Жупар Сергазыевна жәнеде ІІ дәрежелі дипломмен 11 “А” сынып оқушылары,Закирова Жанерке, Алимгазина Жания.
Жетекшісі: Сарсембекова Самал Курманбаевна жүлдегер атанды. Жеңісті жүлделерімен құттықтаймыз!

⚡️ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН  АУДАНДЫҚ ЖЕКЕЛЕЙ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗІЛДІ  ⚡️2025 жылдың 20-21 ақпан аралығында  аудандық әкімдігінің жа...
17/03/2025

⚡️ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АУДАНДЫҚ ЖЕКЕЛЕЙ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗІЛДІ ⚡️

2025 жылдың 20-21 ақпан аралығында аудандық әкімдігінің жастар ресурстық орталығының және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Б.Семинарұлының төралығымен 10 жасқа дейін, 11-12 жасқа дейінгі,13-15 жасқа дейінгі,16+ жас ерекшеліктері бойынша мектеп оқушылары арасында жекелей аудандық турнир өткізілді.
Мақсаты:
* Ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау, дамыту, бұқаралық сипатын дамыту;
* Спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру;
* Жастарды тәрбиелеу, ой-өрістерін дамыту;
* Отансүйгіштікке баулу
Жарыс қыздар мен ұлдар арасында швейцар жүйесінде жекелей түрде рапид түрінен өткізілді.Жарыс қорытындысына келетін болсақ:
10 жас қыздар арасында: І орын- Елдоскызы Айым(мектеп-лицей) ІІ орын- Уалиалла Адинай (Д.Бабатайұлы ат ом), ІІІ орын- Бітім Бағым( № 1ом)
10 жас ұлдар арасында: І орын- Құрышбек Бекжан (Ш.Уалиханов ат.ом),ІІ орын- Болат Жанбыл (№ 1ом),ІІІ орын - Сайлауов Арнұр (№ 4 ом),
11 -12 жас ерекшеліктері бойынша қыздар арасында: І орын- Қадырбай Жанерке( № 4 ом),ІІ орын- Азатова Аяжан( №4ом),ІІІ орын- Аманжолова Талшын( Сергиополь ом), 11 -12 жас ерекшеліктері бойынша ұлдар арасында:І орын- Жанболат Әділ( №4 ом),ІІ орын- Бітім Нұрасыл( №1 ом),ІІІ орын- Дәулет Нұрали( №1 ом)
13-15 жас ерекшеліктері бойынша қыздар арасында: І орын- Жумагелдина Толқын(№4 ом), ІІ орын- Дүйсенбекова Еркежан ( мектеп – гимназия),ІІІ орын-Даулетханова Айзере (№4 ом)
13-15 жас ерекшеліктері бойынша ұлдар арасында: І орын- Сағибек Заңғар (мектеп лицейі), ІІ орын- Сайлауов Әлишер (№4ом), ІІІ орын- Бақтығали Санжар(№1ом),
16 + қыздар және әйелдер арасында: І орын- Қамыспаева Адина( №1ом),ІІ орын- Думан Мөлдір (Д.Бабатайұлы ат. ом),ІІІ орын- Нұрғазина Ажар( С.Ғаббасов ат ом),
16+ ұлдар және ерлер арасында: І орын- Аманжолов Қасым( Сергиополь), ІІ орын- Абдуллин Бауыржан (№1 ом), ІІІ орын- Тұрарбеков Нұртілеу (№4 ом)
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігінің жастар орталығының медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

«РАМАЗАН СЫЙЫ» МАРАФОНЫ📌Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қасиетті ...
17/03/2025

«РАМАЗАН СЫЙЫ» МАРАФОНЫ📌

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.
Қасиетті айда қайырымдылық көп жасалынып, ізгі амалдар артуда. Солардың бірі- Аягөз қалалық мешіті ҚМДБ - ның «Зекет және қайырымдылық қоры» бастамасымен басталған «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны акциясына үлес қосылып, отбасыларға азық – түлік салынған қораптар дайындалды. Сонымен қатар ауданға қарасты ауылдардағы мешіттер азық – түлік салынған қоржындар дайындалып, мұқтаж отбасыларына таратылды. Аудан бойынша қайырымдылық марафонына 100 – ден астам отбасы азық – түлік қораптарымен қамтылды.

«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ✨Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында ҚМДБ –ның «Ислам және отбасы құндылғы» жылы аясында «...
17/03/2025

«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ✨

Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында ҚМДБ –ның «Ислам және отбасы құндылғы» жылы аясында «Өнегелі отбасы» атты байқау өтті. Ауыл имамы Алмас Қалиханұлының ұйымдастыруымен өткен байқауға көршілес ауылдардан да қатысушылар келді. Аудан имамы Нұржан Медеуханұлы көктемнің шуақты мерекесі аналарды халықаралық мейраммен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, дініміздегі аналардың орынымен қыз бала тәрбиесі жайлы насихат айтты. Осы өткен байқауда Мәдениет ауылынан Мұхаметқалитегі Дүйсенғазы «Отбасы үлгілі» отбасы номинациясын, Бидайық ауылынан Кенжеханов Жанбота отбасы «Білімді отбасы» номинациясын және Емелтау ауылынан Машербаев Марат отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясын жеңіп алып, марапатпен ақшалай 30 000 теңге сый алды.

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВІНЕ 105 ЖЫЛ 📌2025 жылдың 12 наурызында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқар...
17/03/2025

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВІНЕ 105 ЖЫЛ 📌

2025 жылдың 12 наурызында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ Аягөз филиалында Абай облыстық архивінің 105 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ Аягөз филиалының архивистері, атап айтқанда филиал директоры К.С. Куренкеев, филиал архивистері Ж.О.Кенжебекова, Ж.Б.Сатимбекова, Д.Д.Алимжанов, А.Б.Ахмешов, Н.Е.Бязкенова, Аягөз аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б.Д.Есполов, «Азаматтарға арналған үкімет МК» коммерциялық емес АҚ Абай облыс бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Аягөз аудандық бөлімінің маманы А.А.Аманжолова, Абай облысы білім басқармасының Аягөз білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің өкілі Ж. А. Көбекбаева қатысып отырды.
Жұмыс дөңгелек үстел модераторлары - филиал директоры Куренкеев Канағат Селеубаевич, архивист Сатимбекова Жадыра Базаровнаның кіріспе сөздерімен ашылды.
Дөңгелек үстел барысында Абай облысының архив ісінің тарихына, Абай облысының заманауи архивтеріне, өңірдің мәдени өміріндегі архивтердің рөліне арналған баяндамалар тыңдалды.
Филиал архивисті Кенжебекова Жанар Оразовна Абай облысының архив ісінің тарихы туралы өте қызықты баяндама дайындады, өңірдің архив қызметін қалыптастырудың алғашқы қадамдары, облыс архиві құрылған сәттен бастап оның дамуындағы негізгі кезеңдері туралы айтып өтті.
Модератор Сатимбекова Жадыра Базаровна дайындаған Абай облысының архив ісінің тарихы туралы бейне слайд таныстырылды, бұдан әрі модератор дөңгелек үстелге қатысушыларды облыс архивтеріндегі ағымдағы жағдайымен, оның ішінде цифрландыру, электрондық архивтер, онлайн-қолжетімділік сияқты архив ісіне жаңа технологияларды енгізумен хабардар етті. Архивтердің басқа мемлекеттік құрылымдармен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылы туралы баяндап, «Архив - бұл жай ғана құжаттар қоймасы емес, өңірдің мәдени өмірінің маңызды элементі»,- деп атап өтті Ж. Б. Сатимбекова өз баяндамасында.
Сондай-ақ, іс-шараларға қатысушылар "Архив ісінің болашағы: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер"атты панельдік пікірталасқа қатысты. Қазіргі қоғамдағы архивтің алдында қандай қиындықтар тұр? Филиал архивисті Алімжанов Дархан Дуйсембекович технологиялардың ескіру қауіпінің болуы және осы құжаттардың электрондық форматтағы форматы туралы мәселені көтерді. Филиал директоры Канагат Селеубаевич мемлекеттік маңызы бар цифрландырылған құжаттар сақталатын "Е-архив" ақпараттық жүйесінің электрондық архивтің дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, "Е - Архив" АЖ - бұл құжаттар мен ақпаратпен жұмыс істеу кезінде тиімділікті, қауіпсіздікті және ыңғайлылықты қамтамасыз ететін деректерді басқарудың болашағындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл электронды архив азаматтар мен ұйымдарға архивтік жазбалар, Ресми құжаттар және мемлекеттік актілер сияқты ақпаратқа ыңғайлы цифрлық форматта қол жеткізуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
Модератор Жадыра Базаровна зерттеушілерді, студенттер мен азаматтарды қоса алғанда, кең аудиторияға қол жетімділікті жеңілдету үшін виртуалды көрмелер құруды ұсынды.
Цифрландырылған архивтермен жұмыс істеу үшін IT саласында оқыту, сондай-ақ қалпына келтіру туралы білім туралы мәселе көтерілді.
Өткізілген дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе, филиал директоры Канагат Селеубаевич қатысушыларға ерекше алғыс білдірді. Сондай-ақ, тыңдаушылар мазмұнды сөз сөйлегені үшін, қызықты және жемісті пікір алмасқаны үшін алғыстарын білдірді.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягоз филиалының, 2- дәрежелі архивисті Сатимбекова Жадыра Базаровна

17/03/2025

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА 📌

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:
1. салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде;
2. екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;
3. қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:
салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін салық органына ұсынылады.
Салық органы қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:
1. қате төленген соманы бюджет сыныптамасының тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
2. салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасын қайтадан аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате фактісі расталған кезде екінші деңгейдегі банктің өтініші бойынша қате төленген соманы:
ақша банктік шоттан есептен шығарылған немесе төлем банкоматтар арқылы жүзеге асырылған жағдайда - салық төлеушінің банктік шотына;
ақша екінші деңгейдегі банкке қолма-қол ақшамен енгізілген немесе төлем электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған жағдайда - екінші деңгейдегі банктің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

17/03/2025

КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Өрт тұрғын үй секторы үшін ерекше қауіп төндіреді. Өрттің көршілерге оңай өтіп кетуіне байланысты көп пәтерлі үйлер қауіпті аймақ болып саналады.
Сапасыз жөндеу материалдары қызып кету мен балқу салдарынан улы түтін шығарады. Демек, өткір түтіннен уланудың жоғары қаупі бар.
Тұрғындарды өрт жағдайларынан қорғау үшін көпқабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет.
Қарапайым ережелер
Форс-мажорлық жағдайларды барынша азайту үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
Тұрғын үйлердің барлық аулаларында тұрғындардың көліктерін арнайы арналмаған жерлерде тұрақ орыны ретінде пайдалануға жол берілмейді. Бұл жағдайда өрт сөндіру автокөлігінің кіруінде қиындықтар және жарақат алғандарға уақтылы медициналық көмек көрсету ықтималдығы бар;
Кіреберіс жолдарын үлкен қоқыстардан, оның ішінде жанғыш заттардан (қораптар және т.б.) тазартыңыз. Егер объектіні өз бетіңізше жинау мүмкін болмаса, басқарушы компанияға талаптарыңызды қойыңыз;
Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары мен қасбеттерінің (газ және электр сымдарының) коммуникация жағдайына жауапты адамды анықтау қажет. Сондай-ақ, пәтер иелері өз пәтерлеріндегі коммуникациялардың жұмыс істеуін бақылауға міндетті және ақаулық туралы күдік туындаған жағдайда, олар үйдің басшысымен байланысуы қажет;
Балалардың ойнауын қадағалаңыз. Сіріңкемен және жанғыш заттармен ойнауға жол бермеңіз. Оларға өрт қауіпсіздігі техникасы туралы айтуды ұмытпаңыз, эвакуация ережелерін еске түсіріңіз.
Бұл қарапайым ережелер қауіпсіздікті жақсартады. Егер бәрі мұқият болса, онда сіз көп пәтерлі үйлердегі өрттің санын азайтуға сенімді бола аласыз.

Аягөз ауданының ТЖБ

ВОЛЕЙБОЛ2025 жылдың 28 ақпан -  1 наурыз аралығында, Аягөз қаласында волейболдан 2012-2013 ж. т. жасөспірім ұлдар мен қы...
17/03/2025

ВОЛЕЙБОЛ

2025 жылдың 28 ақпан - 1 наурыз аралығында, Аягөз қаласында волейболдан 2012-2013 ж. т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Есірткісіз болашақ» атты аудандық жарыс өтті. Жарысқа, 7 ұлдар, 15 қыздар командалары қатысты.
Ұлдар командалары: Гимназия о.м., С. Ғаббасов о.м., К. Бозтаев о.м., №6 о.м. №1 о.м. №4 о.м. №1 о.м.
Қыздар командалары: №4 о.м., К.Бозтаев о.м., С. Ғаббасов о.м., Сары-арқа о.м., Мыңбұлақ о.м., №5 о.м., №7 о.м., №1 о.м., Шыңқожа батыр ат. о.м., А. Көшкімбаева ат. о.м., Д. Бабатайұлы ат. о.м., Гимназия №10 о.м., Лицей, №6 о.м.
Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында:
І-орын №4 орта мектеп.
ІІ-орын Гимназия орта мектеп.
ІІІ-орын №6 орта мектеп.
Номинациялар бойынша:
Үздік шабуылшы Марат Бекжан (№4 о.м.)
Үздік ойыншы Руслан Нұрдаулет (Гимназия о.м.)
Үздік байланыстырушы Ертуғанов Нұрдос (№6 о.м.)
Үздік қорғаушы Қадырбеков Нұрасыл (№1 о.м.)
Қыздар арасында:
І-орын С. Ғаббасов орта мектеп.
ІІ-орын Гимназия №10 орта мектеп
ІІІ-орын №4 орта мектеп
Номинациялар бойынша:
Үздік шабуылшы Болатбек Каусар (№4 о.м.)
Үздік ойыншы Ғазиз Каусар (С. Ғаббасов о.м.)
Үздік байланыстырушы Жұмақан Диляра (№10 гимназия)
Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Address

Х. Дюйсенова, 104
Ayagoz
070200

Opening Hours

Monday 08:30 - 12:30
14:00 - 18:00
Tuesday 08:30 - 12:30
14:00 - 18:00
Wednesday 08:30 - 12:30
14:00 - 18:00
Thursday 08:30 - 12:30
14:00 - 18:00
Friday 08:30 - 12:30
14:00 - 18:00

Telephone

8 (72237) 3-22-01

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Аягөз жаңалықтары posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Аягөз жаңалықтары:

Share

Category