ORTALYQ.KZ

ORTALYQ.KZ Қарағанды облыстық "Ortalyq Qazaqstan" газетінің ресми парақшасы

Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым саған шексіз» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын этномәдени ...
01/03/2026

Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым саған шексіз» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын этномәдени бірлестіктер өкілдерін, жастарды, әскери қызметшілерді, медицина қызметкерлерін, педагогтерді, төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлерін, спортшыларды, мәдениет қайраткерлерін және өңір тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды. Іс-шара қоғамдағы бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Мереке аясында Достық үйінің атриумында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге қолөнер шеберлерінің туындылары таныстырылды.

Салтанатты іс-шара барысында қатысушыларды ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов құттықтап, Алғыс айту күнінің маңызына тоқталды.

– Бүгін – көктемнің алғашқы күні. Бұл – бір-бірімізге ілтипат пен ризашылығымызды білдіретін ерекше күн. Осындай сәтте еліміздің басты құндылығы – бірлік пен ынтымақтастық екенін тағы да сезінеміз.Біздің халқымыз қай кезеңде де татулық пен өзара түсіністікті сақтап, соның арқасында бір халық, бір ел болып мемлекет құрып, оны нығайтып келеді. Ең қиын кезеңдердің өзінде халқымыз бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, елдігін сақтай білді. Конституциямыздың преамбуласында да халқымыздың мыңжылдық тарихы мен ортақ тағдыры атап көрсетілген. Сондықтан бұл құндылықтарды алдағы уақытта да бағалап, жалғастыруымыз қажет деп ойлаймын.Қазіргі таңда елімізде маңызды саяси реформалар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық етіп отырған өзгерістер еліміздің дамуына және жас ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған. Осы реформаларды қолдап, референдумды насихаттап, түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Көктемнің алғашқы күнінде әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр шаңырақта береке-бірлік орнап, елімізде тыныштық пен тұрақтылық мәңгі жасай берсін, – деді ол.

Мақаланың толық нұсқасын біздің сайттан оқи аласыздар: ortalyq.kz ✅

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы үшінші оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Бұл жолы жерлестер Белек қаласында 15 күн ...
24/02/2026

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы үшінші оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Бұл жолы жерлестер Белек қаласында 15 күн бойы шеберліктерін шыңдап, жаңа маусымға тыңғылықты дайындық жүргізбек. Әрі бірқатар бақылау матчын да өткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың толық нұсқасын біздің сайттан оқи аласыздар: ortalyq.kz ✅
Facebook: ORTALYQ.KZ
Telegram: ortalyq_qazaqstan

#қарағанды #қарағандыоблысы #қарағандыжаңалықтары

Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды кезеңге қадам бастық. Алда өтетін республикалық референдум – мемлекетіміздің даму ...
22/02/2026

Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды кезеңге қадам бастық. Алда өтетін республикалық референдум – мемлекетіміздің даму бағытын айқындап, болашаққа берік бағдар беретін тарихи мүмкіндік. Бұл – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз үнін қосатын жауапты сәт.

Ұсынылып отырған өзгерістер қоғам сұранысына жауап беріп, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру – ортақ болашағымыз үшін жасалып жатқан нақты қадам.

Дауыс беру – заңмен бекітілген құқық қана емес, ол – елге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір таңдау – келер ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлес.

Осы маңызды күні баршаңызды белсенділік танытып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.

Береке-бірлігіміз нығайып, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!

✅Ұлан АЛМАС
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары

Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен шапағаттың, кешірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл – жүректер жұмсарып, жандар жақындас...
19/02/2026

Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен шапағаттың, кешірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл – жүректер жұмсарып, жандар жақындасатын, сауапты істерге ұмтылыс күшейетін ерекше кезең. Осындай берекелі күндердің қарсаңында сауапты істің бірі Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Әсем» балалар үйінде жалғасын тапты.

Жақында Қарағанды өңірінің бас имамы Естай қажы Айтуғанұлының ұсынысымен Төле би мешітінің бас имамы Рашид Орысбайұлы бастаған дін өкілдері аталған балалар үйіне арнайы барып, игі тілектері мен сый-сияпаттарын жеткізді. Айта кету керек, бұл шара – бұрыннан жалғасып келе жатқан қайырымдылық көмектердің жалғасы. Мешіт қызметкерлері балаларға базарлық жасап, жеміс-жидектер мен тұрмыстық ыдыс-аяқтар тарту етті.

1999 жылы ашылған бұл шаңырақ талай тағдырды түлетіп, талай баланың үміт отын өшірмей, талабына қанат байлады. Содан бері ата-ананың қамқорлығынсыз қалған қаншама бала осы жерден білім алып, тәрбие көріп, өмір жолына қадам басты. Сан сынақ пен сан кезеңнен өткен мекеме бүгінгі күні де өз жұмысын абыроймен жалғастырып келеді. Балалар үйінің директоры Светлана Прокопив қонақтарды жылы қабылдап, көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Балалар үйінде бүгінде 40 бала тәрбиеленуде. Бірге туған үлкен-кіші балаларды бөлмейді, бәрі бір шаңырақ астында бірге өседі. Бұл жас ұрпақтың бойындағы бауырмалдық пен жанашырлықтың жібін үзбеу үшін де керек. Әр балаға түрлі мамандар қарап, жан-жақты қолдау көрсетіледі. Білім алуына, денсаулығына, шығармашылық қабілетін дамытуына барлық жағдай жасалған. Яғни, бұл – жай ғана мекеме емес, мейірімге негізделген орта, үмітке бастар ұя.

Мақаланың толық нұсқасын біздің сайттан оқи аласыздар: ortalyq.kz ✅

Address

Ермеков 33
Karaganda
100029

Telephone

+77778632097

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ORTALYQ.KZ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to ORTALYQ.KZ:

Share