Ortalyq.kz

Ortalyq.kz Қарағанды облыстық "Ortalyq Qazaqstan" газетінің ресми парақшасы

 #кітапоқитынұлт
08/10/2025

#кітапоқитынұлт

08/10/2025
«Шахтер» өз алаңында «Тараздан» есе қайтардыФутболдан Қазақстан бірінші лига ойындарының аяқталуына екі ойын ғана қалды....
07/10/2025

«Шахтер» өз алаңында «Тараздан» есе қайтарды

Футболдан Қазақстан бірінші лига ойындарының аяқталуына екі ойын ғана қалды. Ал, қарағандылық «Шахтер» болса турнирлік кестеде 50 ұпаймен IV орында тұр. Өткен жолы жерлестер өз алаңында «Тараз» клубын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Десе де, жерлестер соңғы ойындарды өз пайдасына шешкенімен турнирлік кестеде көтеріле алмай тұр.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Қарағандыда өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» акциясы аясында 2 345 құқықбұзушылық тіркелгенПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғ...
07/10/2025

Қарағандыда өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» акциясы аясында 2 345 құқықбұзушылық тіркелген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елдегі көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды басты міндеттердің бірі ретінде атады. Мемлекет басшысы: «Жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Шын мәнінде, көп нәрсе көлік жүргізушілерінің өзіне байланысты, себебі жол ережесін бұзатындар аз емес. Әр адам өзі мен қоғамдағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі керек» дей келе, апаттар санын азайту үшін ақылды технологияларды енгізу, жол ережелерін сақтау мәдениетін көтеру, сонымен қатар, құқық бұзушылықтарға қарсы жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін мұқият тапсырды.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Қарағандыдағы туристік нысандар жайлы шынайы ақпарат беретін қосымша ашылдыЕлдің туристік келбеті ендігіде көз тартар кө...
07/10/2025

Қарағандыдағы туристік нысандар жайлы шынайы ақпарат беретін қосымша ашылды

Елдің туристік келбеті ендігіде көз тартар көрікті мекендер мен ұлттық нақыш қана емес, жасанды интеллектпен жарақталған, BigData-мен сөйлейтін, әлемдік нарықта өзін цифрлық қабілетін шыңдай түсіп көркейе түспек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында айтылғандай, цифрлық туризм сән емес, стратегиялық қажеттілік. QR-кодтармен жабдықталған сапаржай, сегіз тілде қызмет ететін веб-порталдар, нейрондық желілермен құрылған маршруттар, міне, отандық туризмнің бет-бейнесі осындай болмақ.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Шахтинскіде оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін ектіШахтинскіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияс...
06/10/2025

Шахтинскіде оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін екті

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтіп, орталық саябақта оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін екті.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Қазақстан халық партиясы еңбек адамдарына құрмет көрсеттіҚарапайым еңбек – елдің тірегі. Кеншілер өлкесінде Қазақстан Ха...
06/10/2025

Қазақстан халық партиясы еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Қарапайым еңбек – елдің тірегі. Кеншілер өлкесінде Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған «Еңбек адамы – 2025» байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл – қарапайым жандардың ерен еңбегін елеп, олардың қоғамдағы орнын айқындайтын тағылымды бастама. Байқаудың мақсаты – әр күн сайын көзге көрінбей, үнсіз еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысын бағалау, олардың табандылығы мен кәсібилігін үлгі ету.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Дәрігерлер ес-түссіз күйде табылған полиция қызметкерін ауыр жағдайдан шығарып алдыОблыстық денсаулық сақтау басқармасы ...
06/10/2025

Дәрігерлер ес-түссіз күйде табылған полиция қызметкерін ауыр жағдайдан шығарып алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, 36 жастағы пациенттің жағдайынан оң динамика байқалады. Полиция майоры қазіргі уақытта Х. Мақажанов атындағы клиниканың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Қарағандылық археологтар Талды паркінен 11 жерлеу орнын анықтадыТалды тарихи-археологиялық паркінде Байқасқа-2 қорғанынд...
05/10/2025

Қарағандылық археологтар Талды паркінен 11 жерлеу орнын анықтады

Талды тарихи-археологиялық паркінде Байқасқа-2 қорғанындағы негізгі табылымдардың қатарында адам сүйектері, жануарлардың қалдықтары, қола мен мүйізден жасалған жебе ұштары, сондай-ақ өрнекті керамика бар. Сонымен бірге, қорғанның батыс бөлігінен кейінгі кезеңге жататын 11 жерлеу орны анықталды.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

«Қарағандыда жастар баратын көрнекі орындар жоқ…»Отандастарымыздың көңілі Алматыға ауып тұрады. «Алматы – жаны бар қала»...
05/10/2025

«Қарағандыда жастар баратын көрнекі орындар жоқ…»

Отандастарымыздың көңілі Алматыға ауып тұрады. «Алматы – жаны бар қала» дейді. Ақ басты Алатау мен сондағы Шымбұлақты, басқа да демалыс аймақтарын былай қойғанда, Көктөбесі бар. Алматы десе, көз алдыңда көлбеңдеп, өзіне шақырар көрнекі орындар жетерлік. Әр оқушы Астанадағы Бәйтерекке барып, бірінші Президенттің мөрленген алақанына алақанын қоюды армандайды. Бәйтеректен өзге де орындар жетерлік. Тарихи, сұр өңді болғанымен, Семейде асау Ертістің үстінен орнатылған көпірі бар. Семейге барсаңыз, көпір үстінде суретке түскіңіз келетіні анық. Әр қаланың өз бояуы, демі болады. Шаһар сонысымен шаһар. Ал, ғасырға жуық тарихы бар Қарағандыда ше?

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» қалай анықталады?Еліміздің білім беру жүйесінде жаңа дәуір басталды. «Біл...
04/10/2025

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» қалай анықталады?

Еліміздің білім беру жүйесінде жаңа дәуір басталды. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – уақытша бастама емес, Қазақстанның болашағына бағытталған стратегиялық бағдар. Президенттің тапсырмасымен қолға алынған бастама педагогтер мен басқарушылардың кәсіби әлеуетін арттыруға, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға, білім беруді жаңғыртуға жол ашады. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы ретінде жоба туралы аз-кем ой бөліспекпін.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті

Address

Ермеков 33
Karaganda
100029

Telephone

+77778632097

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ortalyq.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ortalyq.kz:

Share