Efenday Media

Efenday Media Қазақстандағы ақпараттық-танымдық агенттігі

«Efenday Media»—бірнеше мүмкіндіктерді біріктіретін,мәтіндік мазмұннан бөлек аудио, фото,видео негізінде ақпарат тарату.

05/10/2022
13/02/2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі.

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев құран бағышталған соң арнайы сөз сөйледі. Қазақстан Президенті биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.

"Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды".

Мемлекет басшысы осыған байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын еске салды.

"Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым", – деді Президент.

http://t.me/tengri

04/01/2022

Посмотрите, что творится на площади в Алматы.

https://t.me/nexta_live

04/01/2022

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

04/01/2022

Ералы Тоғжанов Маңғыстаудағы комиссия қабылдаған шешімнің 4 негізгі тетігін атады:

"Біріншіден, сұйытылған газдың бір литрі үшін баға 50 теңге болып бекітілді.

Екiншiден, қазіргі уақытта біздің берген уәдемізге сәйкес, интернет ресрустары іске қосылды.

Үшіншіден, құқық қорғау органдарының наразылық акцияларына қатысушыларды қудаламауы туралы сол жерде әңгіме болды. Ол және нақты қабылданған шешімге байланысты жүзеге асып жатыр.

Төртіншіден, Қаражамбас кен қорының вахта жұмысшыларын Ақтау қаласына тасымалдау туралы осы комиссияға қатысқан азаматтардың нақты ұсыныстары болған. Ол да бүгінде нақты шешімін тапты. Сонымен қатар, өзге де әлеуметтік сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады. Ол мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында".

https://t.me/tengri_kz

04/01/2022

Президент демонстранттарға үндеу жасады.

"Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

04/01/2022

Маңғыстау облысында тұрғындардың газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандайтынын естіген сәті.

https://t.me/kaznurkz

Address

Kyzylorda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Efenday Media posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Efenday Media:

Share