Qyzylorda TV

Qyzylorda TV Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qyzylorda TV, TV Channel, Kyzylorda.

16/09/2026

Бүгін Астана қаласына Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты.
19-20 қыркүйек күндері елордада Қызылорда облысының тауарөндірушілері қатысатын дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Арқа төрінің тұрғындары мен қонақтарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріш, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын-қарбыз, ұлттық сусындар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.
Сыр елінен елордаға 100 жүк көлігіне тиелген 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, жәрмеңкеге 100-ге жуық дихан мен тауарөндіруші қатысуда.

Астана қаласы, «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойы
Күні: 19-20 қыркүйек
Уақыты: 09:00–18:00
#жәрмеңке #қызылорда

16/09/2026

Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды

Қазақстан цифрлық активтер нарығын заңдастырып, оны толыққанды қаржы жүйесіне енгізуге ниетті. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов саланы дамытудың 6 негізгі бағытын атады. Ол қандай бағыттар? Премьер-министр жауаптыларға нақты қандай тапсырма берді?

Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы мерзімі үш айға дейін қысқарадыТолығырақ карусельде➡️
16/09/2026

Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы мерзімі үш айға дейін қысқарады

Толығырақ карусельде➡️

16/09/2026

Цифрлық активтер саласын дамыту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте цифрлық активтер индустриясын дамыту және әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

16/09/2026

Сұлу Сырдан сазды сәлем

Сұлу Сырдан сазды сәлем! Елорда төрінде осындай атаумен қызылордалық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Рухани кеш Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясымен қос тарапты меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.

16/09/2026

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі». Құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында осы тақырыпта жиын өтті. Студенттерге арналған іс-шарада құқық қорғау органдарының өкілдері, теологтар және қоғам белсенділері жастар арасындағы қылмысқа қатысты өткір ой, пайымды пікірлерімен бөлісті.

#заңментәртіп

🌾 АГРАРШЫЛАРҒА 5% НЕСИЕ БЕРІЛЕДІАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі.«Кең дала...
16/09/2026

🌾 АГРАРШЫЛАРҒА 5% НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 2027 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.
💰 Қаржы:
▪️ техника жөндеуге;
▪️ тұқым, тыңайтқыш және басқа да қажетті ресурстарды алуға;
▪️ егіс және егін жинау жұмыстарына байланысты шығындарды жабуға бағытталады.

📌 Өтінімді екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары арқылы беруге болады.
Өтінім қабылдау 1 қазанда басталады.

16/09/2026

Жаңа маусым.
Жаңа тыныс.
Жаңа оқиғалар.
Жақында…

#жаңамаусым

16/09/2026

«Тарихпен танысқан адам музейден мақтаныш сезімімен шығады»

«Музей – тек алтын сандық емес, жасампаз ұлт болғанын дәлелдейтін нысан. Музейге келушілер қатары көбейіп келеді. Олардың көбі музейден мақтаныш сезімімен шығады. Алтын адамды көргенде ерекше әсер алады. Өйткені екі жарым мың жыл бұрын осындай күрделі туынды жасай алған бабаларымыздың шеберлігі келушілерді таңғалдырады. Бүгін мұндай дүниені арнайы зергерлердің көмегінсіз жасау қиын. Бұл – ата-бабаларымыздың техникасы мен шеберлігінің жоғары болғанының дәлелі. Музейдегі этнографиялық жәдігерлер де халқымыздың мәдениеті мен өнерінің тереңдігін көрсетеді», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы.
#жасампазұлт

16/09/2026

Мұң мұратқа айналмаса, ұлтты не күтуі мүмкін?

«Тарихшы ретінде айтарым, бұл – психология. Ол тек ұлтқа ғана емес, жеке адамға да тән. Егер адам үнемі өткен өмірімен өмір сүре берсе, қайғыға байланып қалады. Ондай адам алға жылжымайды, дамымайды. Сондықтан адамға да, ұлтқа да мінез, табандылық керек. Өткенге салауат айтып, болашаққа сеніммен қарау қажет. Жасампаз ұлт болу үшін ұлттың амбициясы, миссиясы болуы керек. Зиялы қауымнан бастап әр азаматқа дейін өз ұлтының болашағы туралы ойлануы керек. Сонда ғана ұлтта мінез қалыптасады», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы.
#жасампазұлт

Address

Kyzylorda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qyzylorda TV posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category