13/10/2026
Аймақтағы азайған ағайларды арттырудың ақылды амалы
Мұнайлы өлкедегі білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын он екі мыңға жуық пән мұғалімінің бір мың үш жүздейі ағайлар екен. Отбасындағы әке рөлі секілді, жас буынның мінез-құлқын дұрыс қалыптастыруда ер азаматтың ықпалы ерекше екені даусыз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында осыдан бес жыл бұрын ұл балаларды ұстаздыққа баулитын арнайы жоба қолға алынғанын білдік.
Басты мақсаты – қарымына қабілеті сай жас жігіттерді іріктеудің нәтижесінде аймақтағы қатары кеміген ағайлардың санын арттыруға бағытталған болатын. «Ұстаз» мектебі аталатын білім ошағы алпыс айда үш жүзге тарта түлек тәрбиелеп шығарған. Атырауда қолға алынған бұл бірегей бастама басқа өңірлерде жалғасын тапса, ұрпақ тәрбиесіне қосылған өлшеусіз үлес болары анық. Жергілікті ағарту жүйесінде мұғалім мамандығына сұраныс уақыт ұзаған сайын артып келеді. Сарапшылар алдағы бес жылда өңір мектептеріне 3595 педагог қажет болатындығын айрықша атап айтуда.
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жуырда алғаш рет облыстық ер мұғалімдердің форумы ұйымдастырылып, осы жиынға облыстағы жеті аудан мен Атырау қаласынан белсене қатысқан жүзге жуық педагогтің тәжірибе алмасқаны белгілі болды. Басқосудың негізгі ұстанымы – мұнайлы өлкедегі жас мұғалімдерді жан-жақты қолдаумен бірге олардың кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың нәтижесінде жаңа буын өкілдеріне бағыт пен бағдар беру.
Толығырақ біздің веб-сайттан оқыңыз -
Мұнайлы өлкедегі білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын он екі мыңға жуық пән мұғалімінің бір мың үш жүздейі ағайлар екен. Отбасындағы әке рөлі секілді,