28/06/2019
СМАРТФОННЫҢ ӘЛЕГІ
📱📱📱📱📱📱📱
Иә,иә. Бүгінгі әңгіме де телефон туралы, нақтырақ айтсақ ТЕЛЕФОНМЕН сөйлесу әдебі, мәдениеті туралы.
Осыдан үш жыл бұрын папамыз Қытайдағы іссападан бәрімізге бір-бір телефоннан алып келген (оған дейін бәрімізге ортақ 1 ғана смартфон 😊 болатын). Құдай берді деген осы екен деп, әрқайсымыз өз телефонымызбен әуре боламыз, Дамикош ол кезде 3 жаста (суретте), ол енді көзін тырнап ашқаннан, ұйқыға жатқанша телефонды құшақтап жүруді әдетке айналдырды. Алып алайын десең, истерика.
Сол кезде ғана мен өзімнің кінәмді түсініп, смартфонға қарсы күресімді бастаған едім. Бірақ баланын көңілін смартфоннан аудару оңай болмай шықты.
📱 ең алдымен өзімнен бастадым. Баланың көзінше мүлдем қолыма ұстамайтын болдым.
📱Баскаларынан да соны талап еттім.
📱 жаңа ойыншықтар, боямақтар алып, онымен бірге отырып ойнадым, боядым
📱 ертегімен ұйықтауға да үйреттім (ол өз алдына бөлек әңгіме). Арнайы қолға киетін қуыршақтарды іздеп жүріп сатып алдым. Сөйтіп түнде қуыршақ театры басталатын.
📱ия, бұл уакытты, шыдамдылықты, және шығармашылықты талап етеді. Бірак баламызға арнаған уакыт ең пайдалы уақыт емес пе?