Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық арна.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалардың арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші о

рынды иеленді.

Бүгінгі таңда ол еліміздегі ең ірі медиакомпания. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамына бүгінгі таңда 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді.

19/06/2025

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 4 қабатты нысан сүріліп жатыр

Алматыда Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат сот шешімімен бұзылып жатыр. Бұл құрылыс 2022 жылы заңсыз деп танылған.

Қазіргі кезде сот орындаушыларының қатысуымен нысан бөлшектенуде.

Бұған дейін «Арман», «KHAN» және «Orda City» тұрғын үй кешендері ішінара немесе толық бұзылған болатын.

19/06/2025

Балаларға арналған SIM-карта зиянды контентті автоматты түрде бұғаттайды

«1001 түн» бағдарламасында Алматы қаласы прокурорының балалар құқығын қорғау жөніндегі көмекшісі Диас Ысқақ бала қауіпсіздігіне арналған арнайы SIM-карта туралы айтты.

«Қазіргі таңда бұл SIM-карталар ерікті түрде жүзеге асырылып жатыр, оны қосымша қауіпсіздік құралы ретінде қарастыруға болады. Бұл міндеттелмеген, алайда бала қауіпсіздігіне алаңдайтын кез келген ата-ана үшін тиімді шешімдердің бірі. Мобильді операторларға хабарласып, өз балаңызға орната аласыз», — деді прокурор.

Айтуынша, арнайы SIM-карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттап отырады.

19/06/2025

«Суперкомпьютер: Жаңалықтың дәуірі келді»

«Ашық алаң» бағдарламасында Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев осылай деді.

«Медициналық құрылғылардың өзіне жасанды интеллекті енгізіліп отыр. Яғни, жаңа тәсілдер енгізіліп отыр. Біз қазір жастардың ынтасын оятатын науқан ұйымдастыруымыз керек. Себебі жаңалықтың дәуірі келді. Жаңалық ашатын құрал – суперкомпьютер бар», - деді депутат.

19/06/2025

Пранк жасағандар қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

Бұл сұраққа «1001 түн» бағдарламасында заңгер Аржан Сәдуақас жауап берді.

«Ресейде өткен жылы қазақ азаматтары такси шақырып, пранк ретінде ұрылар секілді көлікті айдап кеткен. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Пранк ұйымдастырамын деп заңбұзушылықжасағандар міндетті түрде жауап береді. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған жағдайда тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мысалы, сценарийге сәйкес ойыншық қаруды танымайтын адамға тақап, ақша бопсалап немесе қорқытса, қарақшылық жасауға оқталу ісі ретінде қаралуы мүмкін. Ол шын қару ретінде саналады», -дейді заңгер.

19/06/2025

🔴Алматы облысында қоқыс полигонынан шыққан өрттен көлік қозғалысы уақытша шектелді

Бүгін сағат 20:30 шамасында Алматы облысында «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 29-38 шақырым аралығындағы учаскесінде (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

«Себебі жол бойындағы қоқыс полигонында өрт шығып, қалың түтіннен жолды көру мүмкіндігі болмай тұр. Жолды бүгін сағат 23:00-де ашу жоспарланған», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

19/06/2025

🔴Ақсу қаласында қатты желден ағаш құлап, бір әйел қаза тапты

Ақсу қаласында қатты желден ағаш құлап, бір адам қаза тапты. 57 жастағы әйел жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ қатты желдің кесірінен Екібастұзда жарық өшті. Энергия торабындағы 500 кВ тоқ жеткізетін желі істен шыққан болатын.

Кешке қарай «KEGOC» компаниясы желі бойындағы ақауды жөндегенін хабарлады.

Ал осы Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясындағы апаттан Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде жарық өшкен. Қазіргі таңда апат салдарынан туындаған ақауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Жамбыл облысының әкімдігінің мәліметінше, өңірде жарық кезең-кезеңімен беріліп жатыр.

19/06/2025

Суперкомпьютер деген не?

Бұл сұраққа «Ашық алаң» бағдарламасында
IT маман, Astana hub басшысының кеңесшісі ⁠Данабек Қалиаждаров жауап берді.

«Суперкомпьютер бұл үлкен тұрақ ретінде қызмет атқарады. Мысалы, шетелдік серверлерге қазақстандық ақпараттарды жібере алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемеге мүлде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан отандық серверде ақпарат сақталып, өңделеді», - деді Данабек Қалиаждаров.

«Ашық алаң» бағдарламасының бүгінгі санын «Qazaqstan TV» YouTube арнасынан көруге болады.

19/06/2025

💬«ChatGPT-дің қазақша баламасын әзірледік»

Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасында ISSAI атқарушы директоры Ербол Абсалямов айтты.

«Жасанды интеллектіге қатысты 3 маңызды фактор бар. Соның бірі - есептеу инфрақұрылымы, яғни суперкомпьютер. ISSAI институты былтыр ірі KazLLM ұлттық тілдік модельді әзірледі. Оны ChatGPT-дің баламасы деуге болады. Бірақ ол толығымен қазақ тілінде жұмыс істейді. Балама модельді әзірлеу бойынша біз әлемде алғашқы 20 елдің қатарына кірдік. Елімізде құрылғалы отырған суперкомпьютер кластері іске қосылғаннан кейін тұтынушыларға қолжетімді болады», - дейді сарапшы.

📲Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» Youtube арнасында.

19/06/2025

Елімізде бес айда 105 бала терезеден құлады

Биыл бес айда 105 бала терезеден құлап, оның жетеуі мерт болды. Терезелердің 42%-ында қауіпсіздік қоршауы болмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты.

Мұндай жағдайлардың жиілеуіне байланысты сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік нормативке өзгеріс енгізу туралы ұсынысын жеткізді.

Сондай-ақ министрлік ана мен бала өлімін төмендету, олардың денсаулығын нығайту мақсатында 20 өңірде Бас балалар гинекологы тағайындалғанын мәлімдеді.

19/06/2025

+42 градус: ШҚО-да аптап ыстық басталды

Шығыс Қазақстанда соңғы үш тәулікте аптап ыстық басталды. Орташа температура +32+34 градус болса, оңтүстік аудандарында +40+42 градусқа дейін көтерілген. Ыстық салдарынан қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақырушылар саны екі есе артқан.

Облыстық жедел жәрдем станциясына күнделікті 500-600 қоңырау түсетін болса, қазір бұл көрсеткіш 1000-нан асып отыр.

Синоптиктердің болжауынша, ыстық әлі де бірнеше тәулік сақталады.

19/06/2025

Блумберг: Құрама штаттар Иранға демалыс күндері соққы беруге әзірленіп жатыр

Иран-Израиль шайқасының басталғанына бір аптаға жақындады. Бүгін таңертең Иран Израильдің ірі қаласы Тель-Авивке және осы елдің оңтүстігіне зымырандармен соққы берді. Одан Рамат-Ган, Холон қалаларында ғимараттардың тас-талқаны шығып, Беэр-Шева шаһарында «Сорока» деген аурухана қираған. Бірақ Иран госпитальді емес, әскери нысанды көздегенін хабарлады. Бүгінгі Иранның шабуылынан Израильде 89 адам жараланған.

Ал Израиль соңғы тәулікте Ислам Республикасының Арак, Натанз, Исфахан қалаларындағы ядролық реактор мен уран байыту нысанына және басқа да объектілерге шабуыл жасаған. Соңғы мәліметке сәйкес, Израильдің шабуылдарынан жұмадан бері 585 адам мерт болды.

Екі ел арасындағы қақтығысқа қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға шабуыл жасау жоспарын мақұлдады. Бірақ соңғы шешімді әлі қабылдай қоймаған. Себебі Трамп Тегеран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартып қалады деп әлі үміттеніп отыр.

Десек те «Блумберг» агенттігі Құрама штаттар Иранға алдағы демалыс күндері соққы беруге әзірленіп жатқанын хабарлады.

19/06/2025

Ақтөбе облысында шегіртке қаптап кетті

Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында шегіртке қаптап, жайылым шөбін отап, ауыл ішіне дейін кіріп кеткен. Әсіресе Шалқар қаласы мен Айшуақ ауылында зиянкестің саны көп. Тұрғындар бау-бақшаның зардап шеккенін айтып отыр.

Мамандар улау жұмыстарын уақытылы бастаған. «АН-2» ұшағы да тартылған. Алайда соңғы күндері ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты жұмыс уақытша тоқтап тұр.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл мәселе үкіметтің назарында екенін айтты. Биыл зиянкестерге қарсы шараларға 7,1 млрд теңге бөлініп, 2 млн гектардан аса жер өңделуде. 440 бүрку техникасы жұмылдырылған.

Address

Кунаева 4
Nur-Sultan
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы:

Share

Category