Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

17/10/2025

Мәди Такиев: жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізу қарастырылған

«Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет ағымдағы экономикалық реформалар аясында бірқатар шаралар әзірледі. Соның ішінде салықтық әкімшілендіру бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдау үшін тек 44 қызмет түрін ғана тыйым салынған тізімде қалдырылды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнеске қатысты келесі жайттарды көздейді: камералдық бақылау алынып тасталады, салықтық тексерулер жүргізілмейді, сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады. Салықтар мен төлемдер бойынша салынған өсімпұлдар мен айыппұлдар 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарыз өтелген жағдайда жойылады. ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асып кеткен салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Сондай-ақ салық төлеушілер үшін салық және әділет органдарында камералдық және салықтық тексерулер жүргізбей-ақ, оңайлатылған тәртіппен есептен шығару науқаны өткізіледі. Бұл жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуге және салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді»,
— деді ҚР қаржы министрі.

🔰Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:-АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында...
16/10/2025

🔰Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
-АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда - АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде;
-тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда - тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде;
-АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
-осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
-осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін;
-егер осындай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды әкеткен жағдайда;
-тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылған жағдайда;
-осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) не АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.
▫️▫️▫️▫️▫️
🔰Действие таможенной процедуры свободной таможенной зоны должно быть завершено в следующих случаях:
-прекращения функционирования СЭЗ или принятия решения о прекращении применения таможенной процедуры свободной таможенной зоны на территории СЭЗ - в течение шести месяцев со дня прекращения функционирования СЭЗ или принятия такого решения;
-утраты лицом, поместившим товары под таможенную процедуру свободной таможенной зоны, статуса резидента (участника, субъекта) СЭЗ - в течение шести месяцев со дня утраты лицом этого статуса;
-вывоза товаров, помещенных под таможенную процедуру свободной таможенной зоны, товаров, изготовленных (полученных) из товаров, помещенных под таможенную процедуру свободной таможенной зоны, с территории СЭЗ, за исключением случаев вывоза таких товаров:
-в целях, указанных в пункте 4 статьи 285 настоящего Кодекса;
-для их перевозки с одной территории СЭЗ на другую территорию СЭЗ в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита в случае, установленном пунктом 8 настоящей статьи;
-для захоронения, обезвреживания, утилизации или уничтожения их иным способом в соответствии с законодательством Республики Казахстан, если такие товары утратили свои потребительские свойства и стали непригодны для использования в том качестве, для которого они предназначены;
-потребления товаров в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 285 настоящего Кодекса;
-передачи резидентом (участником, субъектом) СЭЗ прав владения, пользования и (или) распоряжения товарами, помещенными под таможенную процедуру свободной таможенной зоны, и (или) товарами, изготовленными (полученными) из товаров, помещенных под таможенную процедуру свободной таможенной зоны, иному резиденту (участнику, субъекту) СЭЗ либо лицу, не являющемуся резидентом (участником, субъектом) СЭЗ, в соответствии с пунктами 8 и 9 настоящей статьи, за исключением передачи товаров в случаях, указанных в пунктах 8 и 10 статьи 285 настоящего Кодекса.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды,Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, же...
15/10/2025

🔰Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды,
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті түрде тіркелуге тиіс.

🔧Мұндай қызмет түрлеріне мыналар жатады:
🛢️ бензин, дизель отыны, газохол және өзге де мұнай өнімдерін өндіру
🔹мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу
🔹этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру
🔹алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу
🔹темекі өнімдерін өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу
🎰ойын бизнесін жүзеге асыру
🏭акцизделетін тауарларды өндіру және (немесе) жинақтау
🛒тауарларды электрондық сауда арқылы сату

🕒Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі: – хабарлама тапсырылған күннен бастап
– немесе elicense.kz жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап

📄 Хабарламаны ұсыну тәсілдері: – электрондық түрде
– қағаз түрінде (ҚР ҰЭМ бұйрығы, 2015 жылғы 6 қаңтар №4)

Процестерді автоматтандыру:
💡2025 жылғы сәуірден бастап ИСНА және elicense.kz жүйелері арасында деректер алмасу автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Дұрыс алмасуды қамтамасыз ету үшін мекенжайдың тіркеу коды (МТК) пайдаланылады.

🏢Егер МТК жоқ болса:
Оны келесі жерлерден алуға болады:
– сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен
– немесе eGov.kz порталы арқылы

📍 Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің мекенжайын нақтылау немесе беру бойынша онлайн-қызмет те қолжетімді:
[https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir](https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir)
▫️▫️▫️▫️▫️
Департамент государственных доходов по городу Астане информирует, что в соответствии с Налоговым кодексом Республики Казахстан, обязательной регистрации в качестве налогоплательщиков подлежат лица, осуществляющие отдельные виды деятельности (ОВД).

К таким видам деятельности относятся:
🔧 производство бензина, дизельного топлива, газохола и других нефтепродуктов
🛢️ оптовая и (или) розничная реализация нефтепродуктов
🔹производство этилового спирта и алкогольной продукции
🔹оптовая и (или) розничная реализация алкогольной продукции
🔹производство и (или) оптовая реализация табачных изделий
🎰 осуществление игорного бизнеса
🏭 производство и (или) сборка подакцизных товаров
🛒 электронная торговля товарами

🕒 Учёт осуществляется в течение 3 рабочих дней:
– с даты подачи уведомления
– либо с даты получения сведений из системы elicense.kz

📄 Уведомление может быть направлено:
– в электронной форме
– на бумажном носителе (приказ МНЭ РК от 6 января 2015 года № 4)

Автоматизация процессов:
💡 С апреля 2025 года обеспечен автоматизированный обмен данными между ИСНА и elicense.kz.
Для корректного обмена используется регистрационный код адреса (РКА).

Если РКА отсутствует:
🏢 Его можно получить:
– в отделах архитектуры и градостроительства
– либо через портал eGov.kz

📍 Также доступна онлайн-услуга по уточнению или присвоению адреса недвижимости:
[https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir](https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir)
#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

📢Департамент государственных доходов по городу Астана сообщает, что с 9 по 11 октября 2025 года во Дворце Независимости ...
15/10/2025

📢Департамент государственных доходов по городу Астана сообщает, что с 9 по 11 октября 2025 года во Дворце Независимости состоялась международная ювелирная выставка в формате выставочно-ярмарочного мероприятия с участием предпринимателей государств-членов Евразийского экономического союза (ЕАЭС).

🔶В рамках мероприятия организована демонстрация и реализация ювелирных изделий, а также продукции декоративно-прикладного искусства.
Специфика проведения выставочно ярмарочной торговли регламентируется Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 174, которым установлены требования по соблюдению норм действующего налогового законодательства.

🔶В этой связи, в целях проведения информационно-разъяснительной работы по вопросам соблюдения налогового законодательства, порядка учета и контроля перемещения товаров в рамках ЕАЭС, а также повышения налоговой культуры предпринимателей, Департаментом государственных доходов по городу Астана обеспечено участие сотрудников в данном мероприятии.
Проведенная работа способствовала укреплению взаимодействия с предпринимательским сообществом, повышению уровня правовой информированности участников и профилактике нарушений налогового законодательства.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

📢Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 9-11 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында Еуразиял...
15/10/2025

📢Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 9-11 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кәсіпкерлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке іс-шарасы форматында халықаралық зергерлік көрме өткенін хабарлайды.

🔹Іс-шара аясында зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер өнімдерін көрсету және сату ұйымдастырылды.
Көрме-жәрмеңке саудасын өткізудің ерекшелігі қолданыстағы салық заңнамасының нормаларын сақтау бойынша талаптар белгіленген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығымен регламенттеледі.

🔹Осыған байланысты, салық заңнамасын сақтау, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың өткізілуін есепке алу және бақылау тәртібі, сондай-ақ кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы іс-шараға қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етті.
Жүргізілген жұмыс кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, қатысушылардың құқықтық хабардар болу деңгейін арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етті.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰 2025 жылдың 16 қазанында сағат 16.00-де «Салық заңнамасындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша өзгерістер» тақ...
14/10/2025

🔰 2025 жылдың 16 қазанында сағат 16.00-де «Салық заңнамасындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша өзгерістер» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

🔉Баяндамашы – Астана қаласы бойынша МКД Берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Бурлубаева Альмира
🔸🔸🔸🔸

🔰 16 октября 2025 года в 16.00 часов состоится прямой эфир на тему: «Изменения в налоговом законодательстве в части приостановления расходных операций»

🔈Спикер – главный специалист управления по работе с задолженностью ДГД по г. Астане Бурлубаева Альмира

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салына...
14/10/2025

🔰Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
-Мыналар халықаралық тасымал деп танылады:
-Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде пошта жөнелтілімдерін тасу;
-Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасу;
-халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау;
-халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет.

🔶Егер тасымалды ресiмдеу осы баптың 4-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылса, осы тараудың мақсаттары үшін тасымал халықаралық тасымал болып есептеледi.
▫️▫️▫️▫️▫️
🔰Оборот по реализации услуг по международным перевозкам облагается по нулевой ставке.
-Международной перевозкой признается:
-транспортировка товаров, в том числе почтовых отправлений, экспортируемых с территории Республики Казахстан и импортируемых на территорию Республики Казахстан;
-транспортировка по территории Республики Казахстан транзитных грузов;
-перевозка пассажиров, багажа и грузобагажа в международном сообщении;
-услуга по проследованию пассажирских поездов (вагонов) в международном сообщении.

🔶Для целей настоящей главы перевозка считается международной, если оформление перевозки осуществляется едиными международными перевозочными документами, установленными пунктом 4 настоящей статьи.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰 Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:-осы Кодекстің ережелерін...
13/10/2025

🔰 Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:
-осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
-осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетілуге жататын;
-шет мемлекетте осындай кірістерден шетелдік табыс салығының төлену және (немесе) ұсталу фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын кірістерінен есептелген шетелдік табыс салығына Қазақстан Республикасында шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде есепке жатқызу берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
▫️▫️▫️▫️▫️
🔰 Не предоставляется в Республике Казахстан зачет иностранного подоходного налога, исчисленного с доходов налогоплательщика-резидента из источников за пределами Республики Казахстан:
-освобожденных от налогообложения в соответствии с положениями настоящего Кодекса;
-подлежащих корректировке в соответствии со статьей 241 настоящего Кодекса;
-подлежащих налогообложению в Республике Казахстан в соответствии с положениями международного договора независимо от факта уплаты и (или) удержания иностранного подоходного налога с таких доходов в иностранном государстве в пределах излишне уплаченной суммы налога в иностранном государстве. При этом излишне уплаченная сумма налога определяется как разница между фактически уплаченной суммой иностранного подоходного налога и суммой иностранного подоходного налога, подлежащей уплате в иностранном государстве в соответствии с положениями международного договора.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар жән...
10/10/2025

🔰Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады.

🔶Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті кезеңде және есепті салықтық кезеңнің алдындағы қатарынан екі алдыңғы салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен келтірілген залалдардың сомасына азайтылады. Осы Кодекстің 223-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды.
▫️▫️▫️▫️▫️
🔰Убытки от предпринимательской деятельности, а также убытки от выбытия фиксированных активов I группы и убытки от реализации объектов незавершенного строительства, неустановленного оборудования, за исключением активов, выкупленных для государственных нужд в соответствии с законами Республики Казахстан, переносятся на последующие десять лет включительно для погашения за счет налогооблагаемого дохода данных налоговых периодов.

🔶Облагаемый доход контролируемых иностранных компаний и постоянных учреждений контролируемых иностранных компаний, за исключением зарегистрированных в государствах с льготным налогообложением, уменьшается на сумму убытков от предпринимательской деятельности в Республике Казахстан, возникших за отчетный и два предыдущих налоговых периода, последовательно предшествующих отчетному налоговому периоду. Убытки, учтенные в текущем и (или) предыдущих периодах за счет объектов налогообложения, определенных статьей 223 настоящего Кодекса, не учитываются.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар және оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу ор...
09/10/2025

🔰Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар және оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

🔶Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде міндеттер орындалмаған өзге де жағдайларда, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігі жеткізілмеген жағдайда, осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылықтар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
▫️▫️▫️▫️▫️
🔰При недоставке всех товаров, помещенных под таможенную процедуру таможенного транзита, и документов на них в место доставки товаров лица, указанные в статье 230 настоящего Кодекса, несут ответственность, установленную законами Республики Казахстан.

🔶В иных случаях неисполнения обязанностей при перевозке (транспортировке) товаров в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита, в том числе в случае недоставки части товаров, помещенных под таможенную процедуру таможенного транзита, лица, указанные в статье 230 настоящего Кодекса, несут ответственность, установленную законодательством государства -члена Евразийского экономического союза, на территории которого выявлено нарушение.

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

🔰 2025 жылдың 9 қазанында сағат 16.00-де «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес банкроттық рәсімі шеңберінде с...
08/10/2025

🔰 2025 жылдың 9 қазанында сағат 16.00-де «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес банкроттық рәсімі шеңберінде субсидиарлық жауапкершілік» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

🔉Баяндамашы – Астана қаласы бойынша МКД Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Бектемисова Гулназ

🔸🔸🔸🔸

🔰 9 октября 2025 года в 16.00 часов состоится прямой эфир на тему: «Субсидиарная ответственность в рамках процедуры банкротства в соответствии с Законом РК «О реабилитации и банкротстве»

🔈Спикер – главный специалист управления по работе с несостоятельными должниками ДГД по г. Астане Бектемисова Гулназ

#МКДАСТАНА #ДГДАСТАНА #салық #налоги #кеден #таможня #казахстан #астана

Address

Проспект Туран, 49
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті:

Share