03/08/2026
Айшаның бірінші жарысы❤️
Айша тенниске 6 жасынан қатысады. Жуырда тоғызға толды. Мінезі өте салмақты. Оралдағы сарғылт-қызыл доп (оранжевый мяч) турнирлеріне қатысып тұрады. "Айшаны сырттағы жарыстарға шығарып шындау керек, потенциалы бар" деп тренері Нурбек Калкаманулы ылғи айтады. Алдымен спорт өз денсаулығы, дисциплина үшін деп жарысқа акцент қоймай жүргенбіз.
Сөйтіп қызымыз тамыздың 1-2 күндері Астанада өткен республикалық жарысқа Спорт•Теннис•Уральск•Тренажерный зал құрама командасы сапында алғаш рет үлкен теннистен турнирге қатысты.
Үш қарсыласы да - азулы астаналық қыздар. Бірде жеңді, бірде жеңілді. Сәтсіздік пен әділетсіздікті сезді (ата-ана есепке кірісетін кездер жиі болады). Ең бастысы тәжірибе жинақтады, басқа кортты көрді, мықты ойыншылармен бақ сынасты. Оңайлықпен эмоциясын шығара қоймайтын Айша, көздің жасына ерік берген сәті болды.
Бастысы қолдаушы командасы барын сезінді - әжесі, ағасы, бауырлары, нағашылары, жаттықтырушысы. Оралдағылар - онлайн жанкүйерміз🤩
Жалпы үлкен теннисте балалар 12-13 жасында іріктеліп шығады. Ұнатып, кәсіби тұрғыда өскісі келетіндер жалғастырады. Біз тек балаға бағыт береміз. Таңдау өз еркінде. Тренердің болжамы, қызымыздың қалауымен санасамыз. Уақыт көрсетеді...