Qalba Tynysy

Qalba Tynysy Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qalba Tynysy, Newspaper, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Қабанбай 101/4, Semey.

Құрметті Мәдениет және өнер қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер ...
21/05/2026

Құрметті Мәдениет және өнер қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер — біздің қоғамымыздың рухани байлығы, ұрпақтан-ұрпаққа жететін мұра. Сіздердің еңбектеріңіз бен шығармашылықтарыңыз арқылы халықтың рухы, мәдениеті мен өнері гүлденуде.

Сіздер жаңашылдық пен дәстүрді ұштастырып, жастарға үлгі болып, еліміздің мәдени өмірінде ерекше рөл атқарасыздар. Әрбір қойылым, әрбір көркем туынды — бұл тек өнер емес, халықтың жүрегіне жол табатын, ойларын тербейтін құндылықтар.

Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Терлікбаев

19/05/2026
Бүгін Жарма ауданы Шар қаласында Амал күн мерекесі айрықша аталып өтті. Ауыл қариялары ақ батасын беріп, ақ жаулықты ана...
14/03/2026

Бүгін Жарма ауданы Шар қаласында Амал күн мерекесі айрықша аталып өтті. Ауыл қариялары ақ батасын беріп, ақ жаулықты аналар Көрісу күніне аман жеткен алқалы қауымға шашу шашты. Өңірдің өнерпаздары өнерлерін тарту етті. Мереке Жарма барысына ұласып, білекті балуандар бақ сынасуда.

14 наурызда Қазақстанның батыс өңірінде Көрісу күні (Амал мерекесі) аталып өтеді. Бұл күні тұрғындар туған-туыс, көрші-к...
14/03/2026

14 наурызда Қазақстанның батыс өңірінде Көрісу күні (Амал мерекесі) аталып өтеді. Бұл күні тұрғындар туған-туыс, көрші-көлеммен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. Бұрынғы өкпе-реніш, араздықты ұмытып, жақсы тілектер тілейді.

Әр қайсымыздың дауысымыз маңызды! #референдум2026
02/03/2026

Әр қайсымыздың дауысымыз маңызды!
#референдум2026

Бүгін, Абай облысы әкімінің орынбасары С.Т. Туленбергенов, Абай облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қ...
02/03/2026

Бүгін, Абай облысы әкімінің орынбасары С.Т. Туленбергенов, Абай облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысы А.А. Ақылбеков, сондай-ақ Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А.В. Штыкель ауданымызға іс-сапармен келді.

Сапар барысында **Шар** және **Ортабұлақ** су қоймаларының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықтары тексерілді.
Жұмыс барысында су қоймаларының ағымдағы жағдайы, алдын алу,қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бұл іс-шара ауданымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өте маңызды. Тиісті жұмыстарды уақытында атқару – біздің басты міндетіміз.

Бүгін Жарма ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.
27/01/2026

Бүгін Жарма ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінен.
20/01/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінен.

Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталдыҚызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағал...
20/01/2026

Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.

Қалбатау ауылында өткен Жаңа Жылдық көңілді кештен үзінді.30.12.2025 ж #ЖармаАуданы #Балмаскарад
31/12/2025

Қалбатау ауылында өткен Жаңа Жылдық көңілді кештен үзінді.
30.12.2025 ж
#ЖармаАуданы
#Балмаскарад

Address

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Қабанбай 101/4
Semey
070600

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qalba Tynysy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category