Ntime.kz

Ntime.kz Информационное агентство Ntime.kz
ТОО «Самир Пресс»
Директор-главный редактор Жайлыбаева Жибек

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші фу...
10/10/2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.
Облыс әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Бүгін өңірде спортсүйер депутаттардың қатысуымен үлкен жарыс өтіп жатыр. Аудан, қалалардағы мәслихаттардан мықты командалар келіп, кіші футбол бәсекесінде шын мықтыны анықтауда. Бұл – тек спорттық дода ғана емес, бірлікті нығайтатын, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды іс-шара. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылып, спорт инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Қала мен ауылдарда заманауи спорт алаңдары, жаттығу орталықтары ашылып, бұқаралық спортты дамыту қарқыны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, ескек есу кешені елге қызмет етуде. Биылғы 8 ай қорытындысымен экономикалық өсім бойынша да облысымыз үздіктер қатарында келе жатыр. Бұл – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен біріккен жұмыстың нәтижесі. Еліміз өркендеп, Түркістанымыз дами берсін. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысты.

Дүбірлі доданың марапаттау салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-ші орын алып, 1 млн. теңгені иемденді.
Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-ші орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.
Сонымен қатар, алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.
Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов - "Үздік ойыншы", Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков - "Үздік шабуылшы", Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов - "Үздік қақпашы", Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков - "Үздік қорғаушы" атанды.

Түркістан облыстық мәслихаты

Жамбылда 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ басшысы 7 жылға сотталдыТалас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғынд...
09/10/2025

Жамбылда 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ басшысы 7 жылға сотталды

Талас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғындарының шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен.
Прокуратураның үйлестіруімен облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы және Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өңірде мал ұрлығын кәсіп еткен топтың әрекеті әшкереленді.
Талас пен Мойынқұм аудандарының 42, 48, 33 және 30 жастағы бес тұрғыны алдын ала сөз байласу арқылы 2024 жылғы ақпаннан бастап бір жылдан астам уақыт бойы жайылымдардан 38 бас түйе, 16 бас жылқы және 1 бас сиырды заңсыз иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын — 24 миллион 550 мың теңге.
Тергеу барысында ұрланған малдың басым бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды.
Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабымен («Мал ұрлығы») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның үш сыбайласына 3 жылдан шартты түрде, біреуіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ▪️Түркістан облысында халықтың тікелей дауыс беруі арқылы Сайрам ауданын...
08/10/2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
▪️Түркістан облысында халықтың тікелей дауыс беруі арқылы Сайрам ауданының әкімі сайланды. Сайлау қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың басым дауысын жинаған Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев Сайрам ауданының әкімі болып сайланды.
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудан активімен өткен кездесуде жаңа әкімді таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес атқарылатын негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті.
▪️Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Реметовтің айтуынша, сайлау үдерісі заң талаптарына толық сай өтті. Барлық байқаушылар мен сенімді өкілдер тарапынан заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Сайлау қорытындысы бойынша Мадияр Мұхтарұлына ресми түрде әкім куәлігі табысталды.
▪️Облыс басшысы жаңа әкімге өңір экономикасын дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, тұрғындардың әлеуметтік сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беру қажеттігін баса айтты.
📌– Сайрам – халық тығыз қоныстанған, әлеуеті жоғары аудан. Ендігі міндет – халық сенімін ақтап, өңірдің дамуына нақты серпін беру. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жергілікті әкімдерге жаңа талаптар қойып отыр. Ең бастысы – тұрғындардың мәселелерін уақтылы әрі тиімді шешу, тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Бұл бағытта бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет, – деді облыс әкімі.
▪️Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап өткен стратегиялық бағыттарға ерекше тоқталды. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс» деген тапсырмасына сәйкес, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс екенін жеткізді.
▪️Мадияр Мұхтарұлы 1986 жылы Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 ж. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ – инженер-технолог, 2010 ж. – құқықтану, 2012 ж. – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – қаржы мамандығы.
▪️Еңбек жолын 2003 жылы газ саласында бастаған. 2009–2016 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2016–2025 жылдар аралығында Сайрам және Қазығұрт аудандарында әкімнің орынбасары болып қызмет етті.
▪️Жаңа әкім өзіне сенім артқан тұрғындарға алғысын білдіріп, жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаруға уәде берді. Ауданның дамуы жолында бар мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс жүргізетінін жеткізді.
▪️Сайрам ауданының әлеуеті жоғары. 241 мыңнан астам халқы бар өңірде жүйелі жоспарлар мен нақты жобаларды жүзеге асыру – басты міндет.
▪️Айта кетейік, 2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау жүйесі арқылы халық дауысымен қызметке келеді. Тікелей сайлау жүйесі саяси реформалардың ашықтығы мен бәсекелестігін арттырады. Бүгінге дейін Түркістан облысының Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында өткен пилоттық сайлаулар сәтті аяқталды. Осы тәжірибе негізінде Сайрам ауданында да демократиялық негізде әкім сайлауы өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

САЙЛАУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМСайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге Құтарыс ауылдық окру...
05/10/2025

САЙЛАУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге Құтарыс ауылдық округінің әжелер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Мырзатайқызы Үрзада апамыз №587 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
«Ауылда атқарылатын жұмыс көп. Сайланатын әкім сайлауалды бағдарламаларында көрсеткен істерді жүзеге асырды деп ойлаймын. Туған жерімнің болашағы үшін дауыс беру - азаматтық парызым. Шәкірттерім де сайлау учаскесіне келеді деп сенемін» - деді талай жыл шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Апамызға сайлау учаскесінің төрағасы кәдесый табыс етті.
Таңғы 07.00- де басталған дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым
#Сайлауғабардым

САЙРАМДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІҚұтарыс ауыл округіндегі №589 сайлау учаскесіне жақында ғана шаңырақ көтерген ...
05/10/2025

САЙРАМДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ
Құтарыс ауыл округіндегі №589 сайлау учаскесіне жақында ғана шаңырақ көтерген Айғаным Төреқанқызы мен Руслан Шналиев саяси науқанға қатысып, ауданның болашағы үшін өз таңдауларын жасады.
Сайлау учаскесінің төрағасы Жүнісова Гүлфаридаш жас отбасын қуанышты сәттерімен құттықтап, ақжол тілеп естелік сыйлық табыстады.
Аталмыш №589 сайлау учаскесінде 334 сайлаушы тіркелген. Науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда.
#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым
#Сайлауғабардым

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУДЕАудандағы әжелер ұйымының мүшелері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Қоғамдық өмірге...
05/10/2025

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУДЕ
Аудандағы әжелер ұйымының мүшелері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Қоғамдық өмірге белсене араласатын ақжаулықты аналар сайлау науқанына жауапкершілікпен қатысып, жас ұрпаққа үлгі болуда. Әжелер ұйымының өкілдері бұл сайлауды ел болашағы үшін маңызды саяси науқан ретінде бағалайтынын атап өтті.
#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым
#Сайлауғабардым

30/09/2025

Министр труда и социальной защиты населения РК Светлана Жакупова разъяснила условия работы казахстанцев в нескольких местах. По словам министра, в стране разрешено трудиться на нескольких работах, однако существуют определенные ограничения.

Итак, работать можно не только в двух, но и в четырех местах. Однако есть одно требование: общее рабочее время в сутки не превышало 12 часов. Таковы нормы Трудового кодекса Казахстана.

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІТүркістанда халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақ...
29/09/2025

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістанда халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл шара жергілікті тұрғындарға сапалы әрі арзан өнімдерді ұсынуға бағытталған.

Жәрмеңкеде өңір кәсіпкерлері белсене қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін арзан бағаға ұсынуда. Мұндай жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға және халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындарын азайтуға ықпал етеді.

«Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен бағада сатылуда. Мұнда ет-сүт өнімдері және күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктер тұрғындарға тікелей өндірушілерден жеткізілуде. Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамту, сондай-ақ жергілікті шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей жеткізу», - деді «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.

Жәрмеңке тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, көптеген азаматтар өздеріне қажетті сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алғандарына ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып, 3-қазан күні Сайрам және Отырар ауданы кәсіпкердерінің ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі «Бірлік» секторында ұйымдастырылмақ.

«Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫБүгін Түркістан қаласында және Түркістан облысының бірқатар ау...
27/09/2025

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында және Түркістан облысының бірқатар аудандарында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Таза Қазақстан - болашақ үшін» атты ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылғае.

Акцияның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару, экологиялық мәдениетті арттыру, сондай-ақ елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және көгалдандыру арқылы ел болашағына үлес қосу. Ауқымды шараға жергілікті кәсіподақ мүшелері, ұйым қызметкерлері, еріктілер мен жастар, АКБ қызметкерлері, сондай-ақ «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысты. Акция аясында аумақтарда ауқымды санитарлық- тазалық жұмыстары жүргізілді.

Кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі өз сөзінде: «Бүгінгі шара - табиғатқа деген қамқорлықтың жарқын үлгісі. Біз тек тазалық жасап қоймай, қоғамды экологиялық жауапкершілікке шақырып отырмыз. Бұл - болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан маңызды қадам», - деп атап өтті.

Айта кету керек, Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдары бұл игі бастамаға жұмыла кірісіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуды мақсат етіп отыр. Кәсіподақтар алдағы уақытта да осындай экологиялық маңызды жобаларға атсалысып отырмақ.
#ҚазақстанКәсіподақҚозғалысына120жыл
#ҚРКФ35жыл
#ТазаҚазақстанБолашақҮшін
#ТазаКәсіпорынТазаҚазақстан

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қоқысты қалаған жерге тастау – құқық бұзушылықҚала тазалығы – өркениетті қоғамның айнасы. Алайда, өкінішке қарай, кейбір...
26/09/2025

Қоқысты қалаған жерге тастау – құқық бұзушылық
Қала тазалығы – өркениетті қоғамның айнасы. Алайда, өкінішке қарай, кейбір азаматтар тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға емес, көшеге, арықтарға немесе қоғамдық жерлерге тастап жүр. Мұндай әрекет тек эстетикалық көріністі бұзып қана қоймай, экологиялық ахуалды нашарлатып, құқық бұзушылыққа әкеледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабында қоғамдық орындарды ластауға қатаң тыйым салынған. Қоқысты белгіленбеген жерге төккен азаматтарға ескерту жасалып қана қоймай, айыппұл да салынады. Бұл талап заң жүзінде бекітілгенімен, тәртіп бұзушылардың азаймай отырғаны – алаңдатарлық жайт.
Мәселен, Шымкент қаласында өткен жылы санитарлық талаптарды сақтамаған 800-ге жуық жағдай тіркеліп, нәтижесінде 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың экологиялық мәдениеті әлі де төмен екенін көрсетеді. Қаратау ауданының өзінде бірнеше рейдтік тексеріс кезінде заңсыз қоқыс тастау деректері анықталған. Арнайы мобилді топтар бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.
Эколог мамандардың пікірінше, қоқысты ретсіз тастау – тек заң бұзушылық қана емес, денсаулыққа да тікелей қауіп. Себебі тұрмыстық қалдықтардан зиянды бактериялар мен жәндіктер таралып, ауа мен суды ластайды. Ал пластик қалдықтар ондаған жылдар бойы шірімей, табиғатқа зиянын тигізеді. Бұл жағдай болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Осы орайда мамандар қала тұрғындарын тек айыппұлдан қорықпай, өздері тұратын ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады. Қоқысты жәшігіне тастау – тазалықтың әліппесі ғана емес, мәдениеттіліктің де көрсеткіші. Әрбір тұрғын өзі қолданған бөтелке, қағаз немесе тұрмыстық қалдықты арнайы контейнерге салса, қаланың келбеті де, халықтың денсаулығы да жақсарады.
Қалалық әкімдік тарапынан да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоқыс жәшіктері мен контейнер алаңшалары көбейтіліп, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі енгізілуде. Бұл – қайта өңдеу ісін дамытуға жол ашатын қадам. Сонымен бірге, қоғамдық бақылауды күшейту үшін тұрғындардың қатысуымен «тазалық рейдтері» қолға алынуда.
Қорытындылай келе, қоқысты бейберекет тастау – қарапайым әдет болып көрінгенімен, оның арты ірі әлеуметтік және экологиялық мәселеге ұласады. Әрбір азамат өзіне жауапкершілік алып, заңды сақтап, ортақ үйіміз – қаламызды таза ұстауы тиіс. Тазалық – тек әкімдіктің немесе коммуналдық қызметтің міндеті емес, баршамыздың ортақ парызымыз.

Қаланың көркеюіне үлес қосқан ардақты тазалықшылар«Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі күн сайын таңның атысынан к...
25/09/2025

Қаланың көркеюіне үлес қосқан ардақты тазалықшылар
«Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі күн сайын таңның атысынан кештің батысына дейін қала тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ардақты тазалықшыларға айрықша алғысын білдіреді. Тазалық саласының қызметкерлері – қоғамның көзге көп түсе бермейтін, бірақ еңбегі орасан зор жандар. Қала көшелері мен аулалардың жинақы болуы, тұрғындардың жайлы өмір сүруі ең алдымен солардың маңдай тер еңбегінің арқасы.
Сол еңбек майталмандарының бірі – Аралбаева Ләззат. 45 жастағы көпбалалы ана бүгінде 9 перзент тәрбиелеп отыр. Ол соңғы екі жылдан бері «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тазалықшы болып қызмет атқарады. Өз жұмысына адал қараған Ләззат апай қала тазалығына үлес қосуды үлкен жауапкершілік әрі абырой деп біледі. «Жұмысым өзіме ұнайды. Әрбір күнімді ел игілігіне арнап жүргенімді сезіну – мен үшін қуаныш әрі мақтаныш», – дейді ол.
Тазалықшының еңбегі оңай емес: күннің аптап ыстығында да, қыстың қақаған аязында да қолына сыпырғыш пен күрек алып, қаланың әр бұрышын тазалауға шығады. Олардың жұмысы көзге көп түспегенімен, әрбір тұрғын үшін аса маңызды. Себебі, таза әрі абат қала – баршаның жайлы өмір сүруіне негіз болатын басты шарттардың бірі.
Мекеме басшылығы мен аудан әкімдігі өкілдері де тазалықшылардың еңбегін ерекше атап өтті. «Мәдениет – тазалықтан басталады. Бұл – тек тазалықшылардың емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Біз бәріміз бірге туған қаламызды таза ұстап, оның көркеюіне үлес қосуымыз қажет», – деді сала мамандары.
Қала тазалығы – тек сыртқы көрініс қана емес, ол – тұрғындардың денсаулығына, психологиялық жайлылығына және өмір сүру сапасына тікелей ықпал ететін маңызды фактор. Сондықтан тазалықшылардың еңбегі – қоғам үшін баға жетпес қазына.
Қаратау ауданы әкімдігі мен «Қаратау» КММ барша тазалық қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Шымкентте тұрғындардың мәселелері қаралдыБүгін “AMANAT” партиясының Шымкент қалалық филиалында жоспарлы жеке қабылдау өт...
25/09/2025

Шымкентте тұрғындардың мәселелері қаралды
Бүгін “AMANAT” партиясының Шымкент қалалық филиалында жоспарлы жеке қабылдау өткізілді. Алғашқы болып «Нұрсәт-3» шағын ауданындағы №101 үйдің тұрғындары келіп, өзекті мәселелерін көтерді.
Олар бірінші қабатта орналасқан «Атамекен» балаларды оңалту орталығына қатысты кәсіпкерлер мен тұрғындар арасындағы бірқатар түйткілдерді ортаға салды. Қабылдаудан соң арнайы мекенжайға барып, жағдайды өз көзіммен зерделедім. Құрылыс саласы, тұрғын үй және КСК өкілдері шақырылып, тұрғындармен бірге шешу жолдары қарастырылды. Заң аясында анықталған кемшіліктерді түзету үшін нақты мерзім қойылып, аталған жұмыстар жеке бақылауға алынды.
Сонымен қатар қабылдауға «Алтын Орда», «Таскен» және «Мирас» шағын аудандарының тұрғындары да қатысып, аяқжолдардың сапасы, инженерлік инфрақұрылым, санитарлық тазалық, идеологиялық бағыттағы мәселелер мен әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, жаяу жүргіншілер жолдарының тарлығы мен жарықтандырудың жеткіліксіздігі тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Бұдан бөлек, кейбір аумақтарда қоқыс шығару кестесінің сақталмауы, балалар алаңшаларының жөндеуді қажет етуі де сөз болды.
Жалпы қабылдау барысында 16 азаматтың өтініш-тілектері тыңдалып, әрбір мәселенің шешу жолдары бойынша түсініктемелер берілді. Қажетті ұсыныстар тиісті мекемелерге жолданып, нақты іске асыру тетіктері белгіленді. Жауапты органдарға берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды.
“AMANAT” партиясының қалалық филиалында жүйелі түрде өткізіліп отырған қабылдаулар тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді тікелей жеткізуге, ал жауапты органдар тарапынан оларды жедел қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қаладағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға ықпал етуде.

Address

Жибек жолы б/н
Shymkent
160000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ntime.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ntime.kz:

Share