Ayna media

Ayna media Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ayna media, Media/News Company, Ssary-Agatsch.

14/08/2026
Мынау не масқара?«Қазақ, к*тіңді қысып жүр, Қарабұлақта жүре алмай қаласың» деп, тұтас ұлттың намысына тиетіндей сөз айт...
13/08/2026

Мынау не масқара?

«Қазақ, к*тіңді қысып жүр, Қарабұлақта жүре алмай қаласың» деп, тұтас ұлттың намысына тиетіндей сөз айтатын бұл кім? Қай заманда өмір сүріп жатыр? Әлде Қарабұлақта кімнің жүретінін, кімнің жүре алмайтынын шешетіндей бұл қайдан шыққан «МЫҚТЫ»?
Мұндай сөздерге заң жоқ па? Әлде құзырлы органдарды да осылай қорқытып тастаған ба?

Наубайханадан сатып алған жабық нанның ішінен насыбай шыққанын айтып, мәселе көтерген айелге осындай ауыр сөздер айтып, намысына тиетіндей сөйлейтін бұл қандай «дөкей»?

Тұрғындар арасындағы татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету аудан әкімдігінің міндетіне кірмей ме?
Әлде аудан аумағында біреудің азаматқа қысым көрсетіп, қорқытып, ұлтына қатысты ауыр сөздер айтуы әкімдік үшін қалыпты жағдайға айналды ма?

Айтпақшы, Президент насыбай өнімдерін өндіруге және тұтынуға толық тыйым салған жоқ па? Олай болса, нанның арасынан табылған насыбайды олар кімнен және қайдан алып жүр? Құзырлы органдар қайда қарап отыр?
Осы жағдайдың барлығын анықтап, аталған аккаунт иесін тауып, оның әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріп, тиісті шара қолдануларыңызды сұраймыз!

Ақпарат әлеуметтік желіден алынды. https://vt.tiktok.com/ZSVJeooKV/
толық осы сілтемеден көре аласыздар!

06/08/2026

Әуесқой түсірілім

05/08/2026

Астанада балық аулаған бала қармағына өз басын іліп алып, жарақаттанып қалған

Елордалық құтқарушылар модульдік капсулада балаға көмек көрсетті.
Астанадағы Коммуналдық жағажай аумағында балық аулау кезінде бала абайсызда қармақтың ілгегін басына іліп алған.

Оқиға орнында модульдік капсулада кезекшілік атқарған жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде балаға медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсетті. Дәрігерлер келгеннен кейін қармақтың ілгегі баланың басынан қауіпсіз түрде алынды.

📹ТЖМ

04/08/2026

Өрт сөндірушілер салынып жатқан нысандағы өртті оқшаулады

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Дулати көшесінде салынып жатқан нысанның сегізінші қабатында ағаш қалыптар жанды.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт қарқынды түрде өршіп, сегізінші қабатта ашық жалын байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.

Қатты желдің салдарынан өртті сөндіру жұмыстары күрделене түсті. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жалынның басқа қабаттарға таралуына жол берілген жоқ.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Address

Ssary-Agatsch

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ayna media posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share