«Turkistan» телеарнасы

«Turkistan» телеарнасы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from «Turkistan» телеарнасы, TV Channel, Türkistan.

🎙 Бүгінгі «Жаңа толқын» бағдарламасында өзекті әрі қызықты тақырыптарды талқылаймыз:🏡 Қазақстандық банктер ипотека беруд...
20/10/2025

🎙 Бүгінгі «Жаңа толқын» бағдарламасында өзекті әрі қызықты тақырыптарды талқылаймыз:

🏡 Қазақстандық банктер ипотека беруді неге тоқтатты?
2026 жылы қандай мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алуға болады?
Ипотека алуда ата-аналар мен жастар жиі жіберетін қателіктер қандай?
Бұл сұрақтарға баспана сарапшысы Меруерт Ержанова жауап береді.

“Жаңа толқын” бағдарламасы күн сайын 11:15-те тікелей эфирде!

Turkistan телеарнасы қосулы болсын!

20/10/2025

📚БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Өткен оқу жылында өңірден 28 оқушы халықаралық сайыстар мен ғылыми жобаларға қатысып, 10-ы жеңіс тұғырынан көрінді.Сонымен қатар, Түркістан облысындағы 5 мектеп үздік олимпиадалық білім ордалары қатарына енді.

Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар!

20/10/2025

📢 BMW электрлік скутерін таныстырды

🛵 Жаңа модель – бір адамға арналған, толықтай электр қуатымен қозғалатын заманауи көлік.
🚫 Жүргізушіге дулыға (шлем) кию міндетті емес.
⚖️ Жетілдірілген тепе-теңдік жүйесімен жабдықталған.
📦 Ыңғайлы жүк салғышымен толықтырылған.

Бұл — BMW-ның болашақ қалалық мобилділікке жасаған қадамы.

Turkistan телеарнасының жүргізушілері тағы да трендте! 🔥
19/10/2025

Turkistan телеарнасының жүргізушілері тағы да трендте! 🔥

19/10/2025

«Мен немерелерімнің алдында байқап сөйлеуге тырысамын»

«Ашық аспан астында» бағдарламасының қонағы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Өнербаев.

Ол тәрбиенің маңызы мен ұлттық құндылықтар туралы өз ойымен бөлісті:

«Мен немерелерімнің алдында әр сөзімді байқап айтуға тырысамын. Себебі бала бәрін тез қабылдайды. Менің атам да солай дейтін. Тәрбие, әсіресе ұлттық тәрбие – отбасынан басталады. Тілге, тарихқа, дәстүрге деген құрмет ең алдымен үйден қалыптасуы керек», – дейді Нұрлан Өнербаев.

19/10/2025

Құтқарушы – бұл ерлік пен жанқиярлықтың символы.

Олар – өмірдің әр минутында қауіппен бетпе-бет келіп, өз ісін үнсіз атқаратын батырлар.

Сіз құтқарушыларды қалай елестетесіз? Төменге пікір қалдырыңыз ⤵️

19/10/2025

🏆 Марат Байқамұров – «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы

Астанада өткен «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирінде
«Әскер барысы» командасының балуаны Марат Байқамұров жеңімпаз атанды.

Финалдық белдесуде ол былтырғы чемпион, Абай облысының балуаны
Ерасыл Қажыбаевты тізе бүктіріп, биылғы жылдың үздігі атанды. 🥇

🚒🇰🇿 19 қазан – Құтқарушылар күніБір сәтте шешім қабылдап, бір өмірді аман алып қалу – әр құтқарушының күнделікті еңбегі....
19/10/2025

🚒🇰🇿 19 қазан – Құтқарушылар күні

Бір сәтте шешім қабылдап, бір өмірді аман алып қалу – әр құтқарушының күнделікті еңбегі. Олардың батылдығы мен ерлігі – нағыз құрметке лайық.

Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

19/10/2025

💰 Жаңа жылда – жаңа жалақы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері үшін ең төменгі жалақы мөлшері 99 000 теңгеге дейін көтеріледі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

🌲 Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні!Табиғатты қорғап, жасыл әлемді сақтауға үлес қосып жүрген барлық жанға...
19/10/2025

🌲 Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні!

Табиғатты қорғап, жасыл әлемді сақтауға үлес қосып жүрген барлық жанға алғыс білдіреміз.

Олардың еңбегі – еліміздің экологиялық байлығының кепілі!

18/10/2025

Өзі – бір оркестр 🎵

«Біздер, біздер…» бағдарламасының кезекті қонағы – ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, көпаспапты өнер иесі Абылайхан Оспанов.

Лақап аты – «человек-оркестр».
Өйткені ол бір мезетте дауысымен де, шаңқобызбен де, домбырамен де ойнап, аяғына таққан сылдырмақтармен ырғақ қосады.
Өнерге деген шексіз махаббаты мен ерекше қабілетінің арқасында көрермен жүрегінен орын алған.

18/10/2025

Ұрып-соғу – енді Қылмыстық кодекспен жазаланады

2024 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшейтілді. Енді біреуді ұрып-соғу немесе жеңіл жарақат салу – қылмыс болып саналады.

«Тіпті ажырасқан ерлі-зайыптылардың арасында да зорлық болса, бұл – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деп есептеледі», – дейді Айгерім Қанатбекқызы.

Address

Türkistan

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when «Turkistan» телеарнасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to «Turkistan» телеарнасы:

Share

Category