Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы

Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы Созақ

Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болдым. Осыған дейін де бұл ш...
25/09/2023

Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болдым.
Осыған дейін де бұл шаңырақта болып, Раяна мен Дидахметті туылған күндерімен құттықтаған болатынмын. Бүгін міне, кішкентай Нұрғасыр 6 жасқа толып отыр. Нұрғасырды туған күнімен құттықтап, ізгі тілегімді арнадым.

24/09/2023
Бүгін аудан орталығындағы барлық білім беру ұйымдарында болып, жылу маусымына дайындық шараларының барысын назарға алдым...
13/09/2023

Бүгін аудан орталығындағы барлық білім беру ұйымдарында болып, жылу маусымына дайындық шараларының барысын назарға алдым. Білім ошақтарындағы тамақтанатын орын мен асхана жабдықтарын, сұйық және қатты отынмен жанатын жылу қазандықтарының жай-күйін бақыладым. Алмастыруды қажет ететін қазандықтарға қатысты жұмыстар мен қатты отынның жеткізілуін тездету керектігін айтып, бұл жөнінде жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктедім.

«Шолаққорған су» МКК мекемесіне қарасты "Мазут шаруашылығы" отын сақтау қоймасында болдым. Бүгінде онда 2100 тоннаға жуы...
10/09/2023

«Шолаққорған су» МКК мекемесіне қарасты "Мазут шаруашылығы" отын сақтау қоймасында болдым. Бүгінде онда 2100 тоннаға жуық қатты отын жеткізілген. Таукент және Қыземшек кенттерінде орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне қажетті әкелінген қатты отынның сапасын көріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысын пысықтадым. Жауапты мамандарға аталған аймақтарға қажетті отынды тасымалдау жұмыстарын қадағалауды тапсырдым.
Сонымен қатар, Таукент кентіндегі орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, жөндеуден өткен сұйық отынмен жанатын бу қазандығы және қатты отынмен жанатын төрт жылу қазандықтың жай-күйін бақыладым.
Аралау барысында сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырдым.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!Баршаңызды қыркүйек айының екінші жексенбісінде келіп жеткен «Отбасы күні» ...
10/09/2023

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды қыркүйек айының екінші жексенбісінде келіп жеткен «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы үшін отбасы – қастерлі құндылықтың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып , отбасы ұғымын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі республикамызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі. Аталмыш байқау арқылы ауданымыздың талай өнегелі де мерейлі отбасылары марапатталып, мәртебе биігінен көрініп келеді.

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, мықты денсаулық, ырыс-береке, Отбасыларыңызға толағай табыстар тілеймін.

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі М. Тұрысбеков

Осыған дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің басшыларымен бірнеше рет кездесіп, алда атқарар жұмыстар мен халық алдындағы жауапкерші...
08/09/2023

Осыған дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің басшыларымен бірнеше рет кездесіп, алда атқарар жұмыстар мен халық алдындағы жауапкершіліктерді бірге талқылаған болатынбыз. Міне, бірлескен жұмыс нәтижесінде Құмкент ауылында аз қамтылған екі отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен салынған үй берілді.
Алдағы уақытта да кәсіпорынмен бірлесіп атқарар жоспарлар бар. Үй тапсыру рәсіміне келген «Қазфосфат» ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Берікұлына арнайы алғыс хат табыстап, алғысымды жеткіздім.
Құмкент ауылынан берілген 5 бөлмелі жаңа баспаналарда су, жылу сынды коммуналдық қызметтері үшін жеке бөлмелер қарастырылып, жылу жүйелері толықтай орнатылған. 30 сотықтан астам жер учаскелері арнайы шарбақпен қоршалған. Ол қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша дақылдарын өсіруге болады.

Абай елді мекенінде болып, онда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алдым. Орталық көшесінде жүріп жатқан асфальт жабынд...
30/08/2023

Абай елді мекенінде болып, онда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алдым. Орталық көшесінде жүріп жатқан асфальт жабындысын төсеу жұмыстарының басында болдым. Жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкілдеріне жұмыс сапасына баса мән беру керектігін және жауапты сала мамандарына оташа жөндеуден өтетін көшелерді ауыл тұрғындарымен ақылдасып, бірлесе нақтылау керектігін ескерттім.

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым ...
29/08/2023

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік шара өтті. Жиында аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтадым.
Өз саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген бірқатар мекеме қызметкерлерін арнайы алғыс хаттармен марапаттадым.

Қаратау ауылындағы Панфилов атындағы жалпы орта мектебін аралап, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен таныстым. Оқушыла...
29/08/2023

Қаратау ауылындағы Панфилов атындағы жалпы орта мектебін аралап, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен таныстым. Оқушыларға арналған кітапхана, спорт және оқу залы, асхана мен басқа да пән кабинеттерін толықтай қарап шықтым. Тамақтанын орын мен асхана жабдықтарын көрдім. Онда биыл 175 оқушы ыстық тамақпен қамтылады.

Есептік кестеге сай Созақ, Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Халық алдында есеп беріп, округтерде атқары...
29/08/2023

Есептік кестеге сай Созақ, Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Халық алдында есеп беріп, округтерде атқарылатын жұмыстарды баяндадым. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылар міндеттерді айқындадым. Бірқатар тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті бөлім басшыларына міндеттер жүктедім.

Қаратау, Қарақұр ауылдық округтерінде болдым. Онда тұрғындармен кездесіп, ел алдында есеп бердім. Аудан көлемінде қолға ...
29/08/2023

Қаратау, Қарақұр ауылдық округтерінде болдым. Онда тұрғындармен кездесіп, ел алдында есеп бердім. Аудан көлемінде қолға алынған ауқымды жобаларды баяндадым. Тұрғындардың сауалдарына жауап бердім. Жиын соңында ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдадым.

Таукент кентіне барып,  «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөн...
29/08/2023

Таукент кентіне барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен таныстым.
Онда жылу жүйесіне жүргізілген техникалық тексеру жұмыстары кезінде анықталған осал тұстарын қалпына келтіру шаралары атқарылуда. Бүгінде сұйық отынмен жанатын жылу қазандығының жұмысы толық аяқталып, қатты отынмен жанатын қазандықтардың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын күндері сығымдау жұмыстарын да бастауды тапсырдым.

Address

Yerlanrai@mail. Ru
Türkistan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share