Jambyl Media

Jambyl Media Желілік басылым
(1)

“ДАРЫННЫҢ” ДАРА ШАПҚАН ОЗАТЫТараздағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатыны...
15/05/2026

“ДАРЫННЫҢ” ДАРА ШАПҚАН ОЗАТЫ

Тараздағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрқанат Бақытжанұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған ең жоғары 140 балды жинады.

Осылайша ол аймағымыздың атын шығарып, білім бәсекесінде мерейі үстем болды. «Алтын белгі» медаліне үміткер Нұрқанат бұған дейін тарих пәнінен өткен республикалық олимпиада төрт дүркін жеңімпаз атанған еді.

Ал 2023-2025 жылдар аралығында «Қазақстан Білім Олимпиадасында» Қазақстан тарихы пәнінен үш жыл қатарынан І орын алды.

#жамбылмедиа

30/04/2026

Журналист Арай Есенбекке подстава қалай жасалғанын көріңіздер!

Шымкенттік журналист Арай Есенбек ешкімді бопсаламаған! Керісінше әкімдік Арайдың аузын жабу үшін 10 миллион теңге апарған. Келісімге келу үшін. Мына видеода бәрі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ақшаны апарған сотта жәбірленуші болып танылған СПК қызметкері, сотта әкімнің штаттан тыс кеңесшісімін деген Ж.Б. Қасында әкімдіктің операторы М деген жігіт болған.

Мына видеоны қараңыздар да, осыдан-ақ біле салуға болады Арайдың жалған жаламен жазықсыз отырғанын. Бес баласы бар Арай 5 жылға сотталып кетті!” - деді Оңғар Қабден фейсбук парақшасында.

ВИДЕОДА АҚША АЛМАҒАНЫ КӨРІНІП ТҰР, БІРАҚ ҮКІМ — 5 ЖЫЛ! 🚫

“Арай Есенбек ісі бойынша Шымкентте шыққан үкім қоғамды дүр сілкіндірді.
🔹 Журналист ақшаны алудан бас тартты.
🔹 Сараптама «бопсалау белгілері жоқ» деді.
🔹 Бірақ 5 жыл үкім – ең ауыр жаза.

Сотталушының анасының есепшотына аударылған ақша «футбол турниріне демеушілік көмек» деп түсіндірілген еді. Тіпті Талдықорғанда сол турнирдің өткені де рас. Сот неге бұл деректерді зерттемеді?

Әділдік орнауы тиіс! Апелляциядан не күтеміз?” деп жазды журналист Біләл Қуаныш.

#жамбылмедиа

30/04/2026

Құтырған қасқыр аула алдында жатқанын айтады видео авторы. Ауыл тұрғыны ”Қазір машинамен тапаймын” деп көлікпен басуға әрекеттенді.

Бірақ арнайы сараптама алынбай жатып қандайда бір хайуанның құтырған, құтырмағанын анықтау мүмкін емес.

#жамбылмедиа

29/04/2026

“Toyota Alphard” көлігі жол апатына ұшырады. Жүргізуші рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткенге ұқсайды. Адамдар аман ба екен? Нақты ақпаратты полициядан күтеміз.

28/04/2026

Шәуілдірде шибөрі адамдарға шабуыл жасады.

2 жасар қыз бен ерексек адамды тістеген. Хайуанның құтырған, құтырмағаны әзірге белгісіз.

#жамбылмедиа

28/04/2026

Made in Shymkent!

Toyota тізгіндеген қос жүргізушінің бейнекамералардан “бой тасалап” өтуі жұрт талқысына түсті.

Камералар арттан “алмай” ма? Ел екіге жарылды. Ал сіз қалай ойлайсыз бұл жол қауіпсіздігіне қайшы әрекет пе?

#жамбылмедиа

26/04/2026

ЖИ: Тараз. Көк базар. Шахристан. Келешек.

#Тараз #жамбыл

23/04/2026

КЕНТАУДЫ ЖАҢБЫР СУЫ БАСЫП ҚАЛДЫ

Толассыз жауған нөсер жауынға байланысты коммуналдық мекемелер мен төтенше жағдайлар бөлімі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

“Қазіргі уақытта су басу салдарын жою жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар және коммуналдық мекемелер жұмылдырылып, 100 ден аса адам тартылды. 15 мотопомпа, 10 техника жұмыс жүргізуде. Жағдай бақылауда” - деді қала басшылығы.

#жамбылмедиа

23/04/2026

Бүгін Таразға мейман боп келген Мәжіліс депутаттарының қарасы қалың. Халықаралық қолөнер фестиваліне келген депутат Ерлан Саиров басына тақия сатып алды. Осылайша депутат қолөнердің дамуына үлес қосып отыр.

#жамбылмедиа

22/04/2026

Жамбыл облысының бір топ тұрғыны Англияға жұмысқа орналастырам деп ақшаларын алып кеткен алаяққа алданып қалды.

Британияға бармақ болғандар бір жыл бұрын Астана тұрғынының желідегі жарнамалық жазбасын көріп қалады. Ақшаның астында қаласың деген маркетингтік мәтіннен кейін 10-нан аса адам жолға дайындалады.

Сөйтіп жұмыспен жарылқаймын деген адамға 5 миллион теңгеден аса қаржы берген. Ақшаны алған делдал жылыжайда жұмыс істейсіңдер деп уәде еткен.

Алайда Тұманды Альбионға ұшатын күні жасалған құжаттары жалған болып шыққан.

#жамбылмедиа #англия #англияжұмыс

22/04/2026

ЕЛДІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ҚАПТАҒАНЫ ҚОРҚЫТЫП ОТЫР

“Көпқабатты үйдің алдындағы қоқыс орнын бұзыпты. Содан жердің астынан крысалар қаптап шығып үйлердің 5 қабатына дейін кіріп кетті” дейді бізге байланысқан оқырманымыз.

15 мкр 997 үйдің аула алдын атжалман жайлаған. Тұрғындар видеода аты аталған компанияны кінәлап отыр.

#жамбылмедиа

Address

Taraz
080014-080016

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Jambyl Media posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Jambyl Media:

Share